Жаңылдырған егіз такси


Такси шақырттым. Үйге барарда жолда кафеге соғып пиццаға тапсырыс беріп, дайын болғанда өзіммен бірге алып шығу жоспарымда бар еді. Қошқыл қызыл реңді жеңіл автокөлік келе қалды. Төбесіндегі сары түсті такси шамында «Экспресс таксиі» жазуы көрінеді. Таксиге отырып, жүргізушіге жоспарлаған маршрутыммен таныстырып жол ақысын біліп алдым. Жеті жүз теңге.
Такси жүрісін мен атаған кафенің алдына келгенде тоқтатты. Біраз аялдап мені тосуы тиіс. Таксист алдын ала бүкіл жолды жүріп өткенде төленетін ақшаның сомасын төлеуді сұрады. Мүмкін жол ақысын төлемей қашып кетемін деген жорамал жасады. Менің жағдайымда оның талабы заңды деп ұғып, қойған шартына келістім. Машинадан шығып кафеге тапсырысымды беруге кеттім. Кафе ішінде жиырма бес минуттай болдым. Қолыма пицца салынған қораптарды алып, сыртқа шықтым да, таксиіме отырып:
-Кеттік, -дедім. Такси орнынан қозғалып жүре берді.
Көп ұзамай такси үйдің кіріс-шығыс есігіне дәл әкеліп тоқтай қалды.
Такси жүргізушісі:
-Жеті жүз теңге, -дегені бар ма?
Таксиден шыға бергенде жеті жүз төледім емес пе? Таңғалып үнсіз қалдым. Такси жүргізушісі салонның шамын жақты.
Анығырақ қарасам, такси жүргізушісі басқа адам, алдыңғы жүргізушіге өте ұқсас, бірақ ол емес:
-Кешірім сұраймын, жаңа ғана жеті жүз теңгені төлегенмін, бірақ басқа такси жүргізушісіне.
-Ешнәрсені білмеймін, төле! Кірдің. Отырдың. Кеттік дедің. Жеткіздім.
Такси жүргізушінің сөзін естіп алған соң, келесі ой түйсігіме жетті: алғашқы жалдаған таксиім кафенің алдында тосып қалыпты ғой мені. Қазір мен отырған таксидің алдында тұрыпты ғой! Одан кейін тоқтай қалған таксиге мініп жүре беріппін.
Таксиден түскенде байқағанымда үстіндегі шамында «Сәттілік сәті таксиі» (такси «Удача») деген жазуы барын көргенде:
-Кімге сәтті, кімге сәтсіз, -деппін ғой.
Әрі қарай

Василий Шукшинның "Саған қызығамын" шығармасына аударма

Менің арманым бар: комбайнер болу. Комбайнның егістікте кетіп бара жатқанын көргеннен-ақ жүрегім дүрсілдейді.Өзімнің қалай комбайнда отырғанымды елестетемін…
Бірақ біздің бір ұстазымыз бар. Ол бізге: «Сендер колхозсыңдар, басқа ешкім де емессіңдер!»-деп келеке етеді. Бір күні мектепте «Линейка» болып, директор ұстаздардың атын атады. Оқушылардың бәрі мұғалімдерге қол соғып «алақайлап» қуанды, бірақ ешкім ол ұстаз үшін қол соғып қуанбады.
Мен анама жаңағы ұстаз жайлы айттым, анам ұзақ уақыт үндемеді.Содан соң: «Нан-басты нәрсе, онсыз барлығы өліп қалар еді»-деді.
Өз арманыма не істерімді білмеймін. Кеше радиодан: «Рахмет саған, диірмен» деген сөзді естіп қалдым. Диірмен мен колхоз — не айырмашылық бар? Мүмкін колхоз болу ұят шығар? Ал сонда менің арманым не болмақ? Өтінемін, маған газет арқылы жауап беріңіздерші, менің арманым дұрыс па?
Менің аты-жөнімді көрсетудің қажеті жоқ.
(Редакцияға хат)
Маған сенің хатыңда оқуға берді және өзімнің де сенімен сөйлескім келді. Әрине, адамның атын білмей сөйлескен қиын, дегенмен өзің осылай дұрыс деп шешсең қалауың білсін.
Мен сен бастаған нәрседен бастайын — АРМАННАН. Бірақ осы жерден екеуіміздің жолымыз екіге бөлінеді: мен армандауды ұнатпаймын. Мен арманға сенбеймін. Сен өз арманыңмен мақтанады екенсің, оны мына сөздеріңнен де байқап қалдым: «керек болса, мен армандауды қоямын».Сен сөзбен армандайсың, ал мен армандап болдым. Екеуіміздің де оған негізіміз бар: сен енді өмір сүре бастадың, ал мен одан біршама артқа шегіндім. Біз бір-бірімізді түсіне аламыз ба? Егер қаласақ, түсіне аламыз. Мен сенің армансыз болғаныңды қаламаймын (мен саған армандамауды үйрете алмас та едім, себебі бұған менің қауқарым жетпейді, ешкімнің де қауқары жетпейді). Мен сенің тек бір нәрсені білгеніңді қалаймын. Қалаған мақсатыңа сені арманың емес, ақылың мен еңбегің жеткізеді. Сен бұл сөздерді естіп-естіп құлағың шаршап, түріңнің жүзі өзгеріп, мені тыңдамай қоясың ба деп қорқамын. Мен сені өзіме сендіргім келеді, бірақ «ақыл» мен «еңбектен» басқа айтатын сөз таба алар емеспін.Адамға жақсы сөз айту, жақсы сөздермен біреуге ұнау, кейде құр сөздің қадірін кетіру, орынсыз қолдану, бұл үшін сөз кінәлі емес. Иә, сөздің кінәсі жоқ, ол тек шындықты айтады, сөз мәңгілік жасайды. Егер сені менің өмірлік тәжірибем кішкене болса да сендіре алса, мен саған оны айтайын. Мен де ауылдықпын, жағдайым нашар болды, жеуге тамақ, киерге киімім болмай, ерте жұмыс істей бастадым. Бұл жерде ұялудың қажеті жоқ, себебі мұның артында қарапайымдылық тұр. Адамдар тер төгіп еңбек етіп, нанын тауып жатыр.Бұл оңай емес және мұны кез-келген адам түсіне алмайды.Ақылды әрі еңбекқор адамның жағдайы әрдайым жақсы бола бермейді деп ойлау өз еншіңде, оны өзің де байқаған боларсың, бірақ осы өмірдегі барлық құнды, керемет заттарды жасаған талантты, ақылды, еңбекқор адам екенін түсіндіру — менің міндетім.Бүкіл адамның тарихында бірде бір «паразит» лайықты ештеңе жасаған емес, бұл жерде сен менімен келісуің керек.
Менің арманыма келетін болсақ… Мен арманды жоққа шығармаймын, бірақ сонда да еңбекке сенемін. Арман арманмен өз алдына, ал шебер қолынан әдемі, мағыналы, сәнді бірнәрсенің келетінін білсе іске кіріседі. Бұл- әртүрлі арманнан жоғары. Содан соң, мен әдемі сөздерге сенбеймін. Арман – тым әдемі сөз. Әдемі сөздерді адамдар көп айтады, сол секілді жұмысты да әдемі жасау керек, сонда көп жақсы нәрселер болар еді.
Тағы бір саған беретін кеңесім: ұстазыңа ренжіме. Ол да адам, ол да қателеседі, әлі жағдайды байыбына барып түсінбеді. Ол неге бәрін білу керек?! Негізі, адамдарға аз ренжі және көңіліңді түсіре берме. Өз өміріңнің қожайыны – өзіңсің, басқа ешкім де емес (көрдің бе, менде барлығы да әдемі шықты, өкінішке орай, әдемі деп айту оңай). Сенен басқа кім? Ойланып көр, сенен басқа кім өміріңнің қожайыны болуы мүмкін? Ешкім. Өзгелерден көбірек біл, өзгелерге қарағанда өзіңмен көбірек жұмыс істе, талаптан, ізден – бар өмір осы. Бұл — оңай емес, бұл – мәңгілік. Біз өзіміз де осындайларға алғыстымыз. Мейлі комбайнер бол, мейлі суретші бол, кім болсаң да – өмір сүріп, бар күш-жігеріңді жұмса, көп нәрсе білуге тырыс, ешкімге наразы болма және ешкімді де, ешнәрсені де өзгеден қызғанба, ұят нәрсеге қарсы жүрме, ақкөңіл, мейірімді болуға тырыс. Міне осы – ең қызығарлық өмір. Осындай жағдайға қол жеткізгенде, өзгелерге көмектес. Бұның оңай емес екендігін білемін, мен, мүмкін армандап кеткен шығармын… Солай болғанын қатты қалаймын. Саған қызығамын, сенің жас екендігіңе қызығамын. Сен барлығын енді бастадың, бастамасы жақсы шығар. Жақсы бастауға мүмкіндік бар. Басы қатты болса, аяғы тәтті болады. Көп нәрсеге қол жеткізіп, көп нәрсені көріп, көп нәрсені білуге болады.Тағы да айтарым: көп оқы. Болашақта ішімдік туралы ойлардан аулақ бол. Темекі тартпа. Осындай теріс жолға ерте түскен адамдардың артына ерме. Өз халқың үшін істеуге тиіс көп нәрсе бар екендігін ұмытпа. Арақ-шарап, шылым – мұның барлығы тек кедергі келтіреді (адамның денсаулығы мықты болу керек), еріншектік, менмендік деген қасиеттерден аулақ бол.
Жақсылықта жүздескенше!
Әрі қарай

Мұхтар ШЕРІМ. ҚАЗІР «ДВИЖЕНИЕ» ЖАСАЙДЫ...

Блог - Satira: Мұхтар ШЕРІМ. ҚАЗІР «ДВИЖЕНИЕ» ЖАСАЙДЫ...Былайша әжептеуір қыз сиқтымын, мұрнымның «кәртөшкелігі» болмаса… Шашым да ұзын, мойныма түседі. Беліме белдік, құлағыма сырға жарасады… Білмеймін, жігіт атаулы маған қарамайды… Әлде, өзіміздің жігіттер қырындай білмейді ме?
Орыс жігіттері қандай инабатты… «Девушка, можно познокомиться?» деп сызыла қалады. Біздің жігіттер «Ә, атың кім ә? Ә, танысайық та?» деп «қуып» тұрады. Ойлары жама-ан арам. «Қайтсем сындырамын, қайтсем тын¬дыра¬мын?» деп ырбаңдап тұрады. Орыс жігіттері «Пойдем, погуляем...» деп қолын ұсынады. Қазақтың кейбір жігіті: « Тұрсай орныңнан! Не, орындыққа жабысып қалдың ба? Тәлпіштене бермеші… Жүр, кафеге барамыз!» дейді алғаш танысып алғаннан кейінгі кездесулерде. Өзбек жігіттері де сып-сыпайы…
Қой, өзіміздің жігіттерді жамандай бермейік… Өйтсек, байсыз, байсыз болған соң, нанға жағатын майсыз қалармыз… Құрбым екеуміз саябақтағы шеткі орындықта сағыз шайнап отырғанбыз.
--Соня, ана бір «жынды» киінген жігіттерді көрдің бе?—деп сұрадым мен құрбымнан. Оның шын аты Сәуле, Соня деп кеткенбіз.
Әрі қарай

Мұхтар ШЕРІМ. АГЕНТТЕГІ СҰЛУҒА СМС ХАТ

Блог - Satira: Мұхтар ШЕРІМ. АГЕНТТЕГІ СҰЛУҒА СМС ХАТЖаным, менің агентім, менің файлым! Өзіңмен сөйлескен сайын, троян вирусын жұқтырып алғандай, миым-мигобайтым ата жұртта қалғандай, бір түрлі күй кешемін…
Білем, сен де интернет сияқты орысша ойлайсың, СМС-пен хат жазсам, мазақтауыңды қоймайсың… «Мой компьютерім» менің! «Корзинам» менің… Суретіңе қарасам, фигураң жоқ, корзина сияқты екенсің, жаным… Сонда да, өзіңді файл сияқты жүрегіме «сохранить» етіп қойдым… Қашан кездесеміз? Қашан «Панель управлениедегі» «установка» боламыз? Әлде мені «өшіріп» тастадың ба? «Удалить» етпеші мені… Сен «С» болсаң, мен «Д» локальный дискпін… Жынымды келтірсең, өзіңді «форматировать» етіп жіберемін…
Жаным, файлым менің! «Менің әлемімдегі» суреттеріңе қарасам, талай жігіттерді «создать» етіп алыпсың… Бір жігітпен сүйісіп түсіпсің…
Әрі қарай

Ел болашағы сіздер мен біздер

Елдің жарқын болашағының тірегі – жалынды жастар
Аспанмен таласқан, аппақ қармен жамылған, таудың баурайын безендірген, сұлудың кірпігіндей кербез шыршалар, сыңғырлай аққан бұлақтар, көкжиекке дейін созылып жатқан ата-бабамызға ежелден бері қоныс болған кең дала – менің атамекенім. Ол – шексіз көк аспанда самғап, қанат жайған қыран сияқты жас мемлекет.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің.
Нендей күйге жүрегімді бөледің
Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем.
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім,
– деп Қасым Аманжолов жырлағандай тәуелсіз елдің ұланы екенімді мақтан етемін, егемен елімнің ертеңіне, жарқын болашағына деген азаматтық жауапкершілікті сезінемін. Иә, әрбір азамат өз Отаны үшін жанын қиюға, Отанды қорғауға міндетті деп ойлаймын. Тәуелсіз елім, жерім, Отаным деп атқа қонып, қолына найза ұстап өткен батыр бабаларымыздың алдында бүгінгі ұрпақ – біз қарыздармыз. Олар ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап келген кең байтақ қазақ жері – өз ұрпақтарына қалдырған мұрасы, тапсырған аманаты. Сол ата-бабаларымыздың аманатын атқарып, жері мен байлығына ие болу, тәуелсіз елдің дамуына үлес қосу біздің борышымыз. Қазақтың жарқын болашағын жасау міндеті біздің мойнымызда, ол тек білім мен қабілетті жастарды ғана емес, рухани тірегі бар, намысы тасыған, рухы өр, жігері мол жастарды қажет етеді.
Әрі қарай

GANGNAM STYLE дәуірі бітті ме?

Сәлем достар! Көп болды ғой жазбағалы! Бәріміз білеміз жаздың ортасында PSY Gangnam Style атты бейнеклибін шығарған болатын. Бір ай өтер өтпеспен бүкіл әлем көре бастады. Youtube сервисинен миллиондаған адам тамашалап жаңа рекордтар қойыла бастады. Бірақ миллиард жайлы көп адам ойламаған еді! Бар жоға 6 ай өткеннен кейін Джастин Бибердің өкінішіне орай PSY бірінші орынға атып шығып өзінің миллард көрерменін жинап алды! Күніге әр жақтан ести беріп шаршай бастадық. Тіптім қыздарға «Эээээй Секси Лэди!» деп қырындап та жатты. Бірақ басталған нәрсе бітеді ғой. Мойындау керек шаршадық бұдан. Бұл миллиардтан басқа миллиондап жинап жатқан пародиалары да бар! Көбінесе өзінің атағын шығару үшін жасап жатқан болу керек. Соның ішінде біздің қазақстандықтар да ерекшеленбеді.



Сонымен біздікілер қалай жасаған екен? Көрейік! Әр видеоға 10 балдық шкаламен бағалап отырамын.

Әрі қарай

Тұңғыш Президент күніне орай айтылатын тілектер

Әдеттегі мейрамдардағыдай 1 желтоқсан күндері де дос-жаран, ағайын-тумамен дастархан басында бас қосулар дәстүрге айналатынын ішім сезіп тұр. Әйтпегенде ше, бұл күні бүкіл қазақстандықтар демалады.

Сонда дим де, дастархан басында қандай тілектер айтылған дұрыс болады?
Әрі қарай

21-12-2012 не күтеміз?

Бәрінің болмаса да, біраз адамдардың 21-12-2012 туралы әртүрлі пікірлері бар. Жалпы адамзат бір керемет көргісі келеді әрқашан. Мысалы, күтпеген сыйлық, күтпеген сәттіліктер, күтпеген сыйақылар сияқты. Бір сәт қиалдарымызға ерік берсек
Әрі қарай