GANGNAM STYLE дәуірі бітті ме?

Сәлем достар! Көп болды ғой жазбағалы! Бәріміз білеміз жаздың ортасында PSY Gangnam Style атты бейнеклибін шығарған болатын. Бір ай өтер өтпеспен бүкіл әлем көре бастады. Youtube сервисинен миллиондаған адам тамашалап жаңа рекордтар қойыла бастады. Бірақ миллиард жайлы көп адам ойламаған еді! Бар жоға 6 ай өткеннен кейін Джастин Бибердің өкінішіне орай PSY бірінші орынға атып шығып өзінің миллард көрерменін жинап алды! Күніге әр жақтан ести беріп шаршай бастадық. Тіптім қыздарға «Эээээй Секси Лэди!» деп қырындап та жатты. Бірақ басталған нәрсе бітеді ғой. Мойындау керек шаршадық бұдан. Бұл миллиардтан басқа миллиондап жинап жатқан пародиалары да бар! Көбінесе өзінің атағын шығару үшін жасап жатқан болу керек. Соның ішінде біздің қазақстандықтар да ерекшеленбеді.



Сонымен біздікілер қалай жасаған екен? Көрейік! Әр видеоға 10 балдық шкаламен бағалап отырамын.


1) Қазақстанда атақты Ерболат Құдайберген, Жанған стайл атты туындысымен!



«Оттай Жанған Style» — өзінің ерекшелігі әрине қазақ тілінде болғандықтан!) Енді Секси Леди демей, «Ээээээй, Секси бикеш!» деп қойып тиісіп жүреміз)
Бағам 8/10, Жарайсың Ерболат!)

2) PSYқ — Қаражорға Style



PSYқ-ті бұған дейін естімеппін. Бірақ жасаған продакшн Әнуар Нұрпейісовтың Tip Top-і екені мәлім) Ең басты минусы кеш шыққаны және орыс тілде болғаны. Ертерек шыққанда мүмкін миллион адам көрер ме еді, кім біледі. Бірақ қазақтар кешікпесе болмайды ғой) Толық қарағанда клип жаман емес және Қара Жорға биін жарнамалағанына рахмет!)
Берер бағам 9/10!

3) PSY — Gangnam style kazakh parody (Атырау)



Атыраулық жас бала өзінің өнерін көрсетті! Кадрин Джексон, өзін солай атайтын болу керек, өте жақсы биші екен! PSY дің өзінен қалыспай билейді екен! Атыраудың әдемі, әдемі қыздарын да жақсы таңдап алыпты!) Ютубта 100000 нан астап көрсетілім жинап алыпты! Жарайсың Кадрин! Өнеріңді тағы да көрерміз!
Ал берер бағам 8/10. Себебі ән толығымен өзгертілмеген! Қалғаның бәрі керемет!

4) Жезқазған КТЛ-і



Пародия әрине тама емес. Бірақ Ютубта 22000-ға жуық көрсетілім жинап алды. Барлық мектептер Псайға пародия түсірген десе таң қалмаймын. Бірақ арасынан шыққын міне осылар.
Бағам 6/10.

5) Оппа Апорт стайл



Міне апорт стайл) Көрер алдында Сауда орталығы Апорт екен деп қалсам, сусындар компаниясы екен! Би, монтаж және ән де жоғарғы деңгейде дейін десем, өтірік болып қалады ғой) Жарнамалық ролик десек дұрыс болар, одан артық емес. Толық айтқанда ұнамады, бұдан да жақсы түсіруге болар еді, немесе түсірмей ақ қою керек еді)
Қояр бағам толық 4 яғни 4/10.

Әзірге осы достар! Басқа да пародиялар толып жатыр, оларды Ютубтан көрсеңіздер болады.

Ал біз ар апта сайын казнеттегі топ видеолар жайлы тақырып шығарып тұрамыз! Бағалаңыздар және пікір қалдырыңыздар!

Біз жайлы толық ақпарап мына жерде:

1) vbloggers.kz

2) vk.com/vbloggers

3) twitter.com/vbloggers

4) fb.com/vbloggers

P.S. Gangnam Style қыздарға жарасады
Бөлісу:

35 пікір

beka95
негізі бұл трэк мүлдем ұнамады. бірақ та Ерболаттың трэгін бірер апта тыңдадым, қазақша болғасынба…
edige
Миғажауырстайл…
Alisher
міне тағыда: ))

Barsa
VKMның ауылдастары өртейт кен
VKM
Марко жазған еді Gangnam Style туралы)
Alisher
Білмеппін. Бұл тек қазақстандық пародиялар жайлы
Hetrou
Ұнағаны тек Кадрин Джексон." Қара жорғаң" қуып кеткен.
Hetrou
Таска билейді екен.
asaubota
негізі Ерболаттікі де кеш шықты, өте кеш және жарнама үшін түсірген сияқты, клип соңында логолар шыққан кезде жаттым

маған мына кәріс әнші қыз Хюнаның айтқаны ұнады. жалпы кәріс қыздардың тілдері тәтті және ерке бола ма деймін
Aldeken
жалпы кәріс қыздардың тілдері тәтті және ерке бола ма деймін
так-так-тааааак… жасырын түрде өзіңнің нәпсілік қызығушылықтарыңды месседж қылудың не қажеті бар?
asaubota
кәріс сериалдарын қарамаймын. бірақ кинолары ұнайды
Tyulpan
асаубота, жақсы сериалдары бар. 16 не 20 сериядан тұратын. IRIS, Ва-банк, Ыстық ұя дегендерді қарап көруді рекомендеймін (рекомендеймін — © Саян 3). әсіресе, біріншісін
beka95
ва- банк қо ең ұнаған сериалы… таза махаббат)
Alisher
шынымен, осы қыз маған да ұнайд))
qyzylordalyq_jigit
негізі HyuNa кәріс попсасындағы ең "ұятсыз" әншілерінің бірі боп саналады дейді білетіндер. Батыстың «теріс» құндылықтарына еліктеудің бір мысалы осы қыз.
Alisher
аты айтып тұр ғой)) Хуйня деп)))
ken
хуйня десе хуйня екен)))
Gastarbaiter
Иә, дәуір дейтіндей дәуірлеген жоқ, Ганам стайл, дәуірлеуге лайық туынды да емес. Әлем музыкасы тарихымен салыстырғанда бір сәттік жаппай массаның талмасы ғана.
Өзіне тиесілі назарын алып болған өлеңдер қатарында. Плейлистіме ешқашан кіргізген емеспін, және кіргізбеймін де бұндай өлеңдер типін.
Көңілді өлең, көңілді әуен бірақ Битлздар тұрмақ, кешегі Гриндейдің тұяғына тұрмайтын әуен.
Aidakonya
Омiрде де осылай бiлгiштенiп ойынызды бiлдiрiп отырасыз ба?
Gastarbaiter
Ой білдіруге арналған жерде ой білдіргенім не сасқаным, шынымен де әбестік екен
Aidakonya
Кучту, жай сураган едiм, кейбiреулер кагаз бетiне керемет ойлар тiзбектейдi, ал омiрде iштi пыстыртып жiбередi
Gastarbaiter
Кейбір қыздар интернет бетінде бет қаратпайды, ал өмірде сызылып, ялыв қалады)))
ken


Кеше жаңа клипін орналастырыпты.
asaubota
бөлек пост қылып шығаршы. мен бүгін көрдім, ұнады.
Соңғы түзету:
Erasyl2
Mother father gentleman? Музыкасы ұнады
omarbirat
Бір-ақ күнде 50 млн-нан астам рет көрілді. Мықты!
Emilia
Түк те ұнамады
omarbirat
Менің пікірімді ұнататындар аз, сондықтан сирек жазушы едім
MickThatsMyNick
Гангнам стайл 5-ке болса, мынау 4-ке.
omarbirat
Гангнам сияқты тартымды емес, бірақ соның буымен көрілім санын көп болып тұр
Клиптің өзі болмаса да, музыкасы ниче былай
asaubota
клип те жақсы ғо, тек мындағы феминист жамағатына ұнай қоймасы анық
omarbirat
Мына екі қыздың кавері ұнады:
asaubota
ұнады! қыздар да