Ән құдіреті ме, әлде сәйкестік пе?

Айналайын, жаным, қайда жүрсің?
Жүрсең де сен қайда, ойда жүрсің.
Сағындым ғой сені көрмегелі...


Әнші Медеу Арынбаевтың соңғы әндерінің бірі осылай басталады. Ал таяуда оның жан жары миына қан құйылып ойда жоқта қайтыс болды… Әрине, бұл жай сәйкестік болар. Бірақ оған айтатын басқа ән жоқ па еді? Неге ол әріптесі Қыдырәлі Болманов секілді «Қасымда сенің жүргенің-ай, ғажап қой осы күндерім-ай», немесе өнердегі ағасы Ескендір Хасанғалиев сияқты «Мені сүйген жүрегіңнің, лүпілінен айналайын» дегенге ұқсас әндер айтпады? Мүмкін бәрі басқаша болар ма еді?
Ресейлік Филип Киркоровтың Игорь Николаев жазып берген «Немного жаль» әнін айтқаннан кейін Алламен арасы суып сала беріпті-мыс… Жарайды, сол орыстарды қойшы, бірі қосылады, бірі айрылады…
Ал өзіміздің келмеске кеткен әншілеріміз ше? Халқымыздың Ақбаяны Мәдина Ералиеваның соңғы әндерінің бірі «Қош, енді, қош бол, күрең күз», Нәби Аймұратовтың соңғы әні «Мүмкін емес»… Сонда қалай, әннің құдіреті ме, әлде бұлар алдын-ала жүректері сезіп, әдейі сондай әндер жаздыра ма?
Әрі қарай

Неліктен солай атаған?

Мені жұртты мазалай қоймайтын, тіпті ойлануға татымайтын ойларда мазалай салады кейде, неге екенін...Қазір менің басымдағы сұр түсті қоймалжың затты мазалап отырған мәселе… оралмандардың мәселесі емес.Сол атажұртын аңсап келген ағайындарымыздың есімдері, яғни қызық есімдері.Бұл сөзімді ол қандастарымыз көңіліне алып ренжи қоймас деген сенімдемін.Бөліп-жарып та отырғаным жоқ.Сонымен есімдерге қайта оралсақ.
1. Елка. Осындай есімді қыздарды кездестіргендеріңіз бар ма? Не мағына береді екен."Іргетастағылардан" сұрап едім мардымды жауап бермеді.
2.Поворот немесе Паварот болар кім білсін… Бұл есімді неліктен дәл осылай қойды екен?
3.Матор-?
Тізе берсең кете береді…
Әрі қарай

Сіздерде қалай?

"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" деп жатамыз.Бір Қазақстанда тұрсақта кей салттарымыз қабыспай жатады немесе атаулары әр түрлі болып келеді.
Мысалы, біздің жақта көктемде алғаш бие байлап,қымыз ішуге ауыл-аймақты шақырады.Осыны облыстың кей жерлерінде "Қымызмұрындық" ал кей жерлерінде «Биебау»деп атайды.
Баланы алғаш атқа отырғызып «ашамай» тойлайтын салтта жоғалып бара жатыр.
«Бәсіре» беретін қазақтарда сиреді, неліктен?
Әрі қарай

Хижниченко Голландияда қалуы мүмкін



Бір айдай Голландияның Фейеноордында жаттығып жүрген Сергей Хижниченко алдағы уақытта келісімшартқа отыруы мүмкін. Голландиялық ТВге берген интервьюінде «Европада ойнағым келеді» дейді.
Әрі қарай

Сабақтың тақырыбы: «Р» дыбысы.

Сабақтың тақырыбы: «Р» дыбысы.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Р» дыбысын жеке түрде, буында, сөйлемде дұрыс айтуға машықтандыру.
Дамытушылық: Дыбыстар мен әріптердің өзара қатысын айқындап, ажырата білу. Шағын сөйлемдерді жүйелі түрде құрастыра білуге уйрету.
Тәрбиелік: Өзін ұқыпты, әдепі ұстауға үйрету.
Көрнекіліктер: айна, заттық суреттер, буындық кестелер, сөзжұмбақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, көрнекі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.Балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
Тыныс алу жаттығулары:
1) «Көбелекті ұшырайық»
2) «Майшамды өшірейік»
3) «Шарды үрлейік»
II. Артикуляциялық жаттығулар: «күрекше», «кесе», «тәтті бал», «сағат», «ат шауып келеді», «сылақшы», «түтікше»
III. «Р» дыбысын айтылу барысында тілдің ұшы үстіңгі тістің түбіне көтеріледі. Тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады. Ауа ағысы арқылы тіл ұшы қозғалып дірілдейді.
IV.
«Р» дыбысын жеке айтуға машықтандыру
1) «Р» дыбысын дұрыс айтуға арналған жаттығулар
1. «Ұшақ»
2. «Ашулы ит»
3. «Қарға»
2) «Р» дыбысын буында дұрыс айту
а) «-рыс», «-рыз» буындарын қосып, оқы
Ба – рыс дұ – рыс жа – рыс
Ты – рыс ы – рыс
Па – рыз қа – рыз
V. Суретке қарап, «Р» дыбысының орнын тап.
Трактор, раушан, торт, сиыр, радио.
VI. Тақтамен жұмыс.
«Ұйқасын тап» ойыны.Балаларға тақтаға ұйқас сөздер жазылады.бос орынға дұрыс сөздерді жазулары тиіс.
1) Мір – мір – мір,
Қап – қара…
2) Рыс – рыс – рыс
Ырылдайды…
3) Ар – ар – ар
Жауды аппақ…
4) Ша – ша – ша
Өсті жасыл…
VII. «Р» дыбысын сөзде дұрыс айту
1) «Сөз құрайық» ойыны.
Сұ
Құ
РАҚ
Шы
Па

2) «Сөз ойла, тез ойла» ойыны.Әр оқушыға жеке тапсырма беру.Балалар сөздерді ойларынан тез ойлап, айтулары керек.
«Р» дыбысы келетін киім: куртка, шалбар, жемпір
«Р» дыбысы келетін жеміс – жидектер: өрік, анар, бүлдірген
«Р» дыбысы келетін көкөніс: картоп, қияр, қарбыз
«Р» дыбысы келетін тағамдар: торт, ірімшік, жұмыртқа

VIII.Сабақты бекіту: Сөзжұмбақты шеш.

1 2 3 4 5 6
р
р
р
р
р

1.Гүл
2. Жіп иіретін құрал
3.Балық аулайтын кұрал.
4.Жыртқыш аң
5.Көктемдегі мейрам
6.Құс

ІХ.Қортындылау.
-Балалар бүгінгі сабақ қалай өтті? Сендерге ұнады ма?
— Не үйрендіңдер? Қандай жаңа сөз айта аласындар?
Х.Бағалау.Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды мадақтау, марапаттау.
«МҰРАГЕР» мектебі

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Р» дыбысы

Өткізген: Омарова Аружан Айдарбекқызы, мектеп логопеді

Қызылорда қаласы
Әрі қарай