Неліктен солай атаған?

Мені жұртты мазалай қоймайтын, тіпті ойлануға татымайтын ойларда мазалай салады кейде, неге екенін...Қазір менің басымдағы сұр түсті қоймалжың затты мазалап отырған мәселе… оралмандардың мәселесі емес.Сол атажұртын аңсап келген ағайындарымыздың есімдері, яғни қызық есімдері.Бұл сөзімді ол қандастарымыз көңіліне алып ренжи қоймас деген сенімдемін.Бөліп-жарып та отырғаным жоқ.Сонымен есімдерге қайта оралсақ.
1. Елка. Осындай есімді қыздарды кездестіргендеріңіз бар ма? Не мағына береді екен."Іргетастағылардан" сұрап едім мардымды жауап бермеді.
2.Поворот немесе Паварот болар кім білсін… Бұл есімді неліктен дәл осылай қойды екен?
3.Матор-?
Тізе берсең кете береді…
Бөлісу:

16 пікір

ushkin
Елка деген бір қызды танимын. Алғаш танысқанда «Есімім -Елка» дегенде шалқамнан түскем))Монғолиядан келген, «Есімің неге Елка?»деп сұрап көріп ем, Елкам мардымды жауап бермеді. Сірә, өзі де білмесе керек. Қазір есімін «Шырайлым»деп өзгертіп жатыр.))
admin
Шырайлым деген де былай оңып тұрған жоқ қой :)
saken
Елкадан шырайлы ғой, бірақ жаңа есімі :)))
aktobe88
ұмытпасам сол бізде оқыды, иә?
Aizhantabyn
Орысша сөздер, мүмкін супер мега сән шығар.)))

Елка деген орыс әнші қыз бар))

Типа деген ағай бар, Моңғолиядан. Қызық қызық есімдер. Лашын деген апайдың Аргентина деген қызы бар)) Неге Аргентина? Өйткені әкесі (марқұм) ұшқыш болған екен, сөйтіп осы елдің үстімен ұшып бара жатқан екен, жерде жұбайы бала туып жатқанда)

Негізі миф сияқты, бірақ күшті. Папуа Новая Гвинея үстімен немесе Остров Слоновой Кости елінің үстімен ұшып өтпегені жақсы екен))))
just19
Ауылда Плюс, Минус деген достарым болған. Ол кезде "+,-"-тің мағынасын қайдан білейік. Қазір естіген адам күлкіден қатып қалуы мүмкін.
Dinara
Израильде ма жаңа туылған сәбиіне Like есімін берген еді ғой ата анасы, себебін, туылған нәрестесінің суретін фейсбукта бөліссе, бәрі «лайк» еткендігінен деп түсіндіріпті: Р
TERISKEI
оны айтасыңдар, «біздің ауылда Сәрсен деген еркек бар» ©
Пікір түзетілген: 14 маусым 2011, 21:22
qisyq
Егіз балаларына бірінің атын Максим, екіншісінің атын Горький деп қойған қазақ та бар екен.
konvict
Мэлс-маркс, энгельс, ленин, сталин. марлен — маркс, ленин.
Abilakim
ал, Мадлен ше?
TERISKEY
Мадина мен Лена деген екі қыздың есімінен шыққан.
a63a1
Иван деген қызды білем
satibaldi
Федор деген жігіт туралы да естігенмін.
a63a1
лібә менің Федя деген қашар тайыншам болған