ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ БЕЙМӘЛІМ БЕТТЕРІ...

Мүмкін журналистиканың қайнаған ортасында жүрмегендіктен шығар, осы кезге дейін қанша журналист жазбасын оқысам да, түнгі журналист деген ұғыммен немесе тіркеспен қарсыласып көрмеппін. Түркияның ақпарат айдынына шыққанына қырық жыл өткен «Түркия» аталатын газеттегі бір мақаланы оқыған соң ғана онсыз да жүгі жеңіл емес мамандықтың түнгі тілшілік деп аталатын тәуекелі көп һәм де ауыр саласы бар екенін көзім жетті. Аталған қиын саланың жүгін көтеріп жүрген тілшілеріміздің көпшілігіміз біле бермейтін ішкі сырын, хал-ахуалын байқату үшін Құртбай Онур атты түрік журналисінің жазбасын сіздерге ұсынуға бел байладым.
Әрі қарай

Қытайда құлтемірлер қызмет көрсете бастады

Жақында қытайдың Жи Нән қаласында құлтемір(робыт) адам қызмет өтейтін асхана сынақ ретінде ашылды. Асханада қазір 11 құлтемір адам жұмыс істейді. Олар тағам жеткізу, қонақ күтіп алу және ойын көрсету сынды үш түрлі жұмысты атқара алады. Бір уақытта жүз қонақ қабылдап, қызмет көрсетуге мүмкіндіктері бар.

толығырақ мына жерден көре аласыз

————————–
Ақпарат көзі: «Халық» торабы 28.12.2010
Әрі қарай

КВН. Финал 2010

Кешегі финалдан кейінгі ой:

финалда чемпиондыққа лайық ойын көрсетті деу қиын. тек СТЭМ шығар жақсы шыққан, музыкалка визуально әдемі шықты, бірақ айтып тұрған әндерінің дәмі болмады. сосын шығар жоғары балл ала алмады. разминка да әлсіз болды.

Енді Нұрландар орындарын жастарға беретін шығар.



Әрі қарай

Әлеуметтік желі (фильм)

Киностан: Әлеуметтік желі (фильм)Ресей прокатына «Социальная сеть» деп шыққан бұл фильм www.facebook.com сайты жайында. Дәлірек айтқанда, оның негізін қалаушы Марк Цукерберг жайында. «Жәй өмірбаяннан көріністердің тізбегінен құралған ұйқышақырар фильм», деп ойлағам басында, қателесеппін. Тартымды сюжет, актерлер шеберлігі, режиссуралық тапқырлық демей-ақ қояйын, бірақ бір көруге тұрарлық туынды.
Алған әсерім жоғары. Осыдан кейін сен де бір болмашы нәрсені қолға алып (мысалы әлеуметтік желі), 2-3 жылда миллиардер атанып кеткің келеді. Аршатқа, Ерлан Оспанға бір көруге кеңес берер едім.
Үйде, кешкі мезгілде қолыңа салқын сыраны алып, жұмсақ төсекте жатып алып қарауға жақсы.

Менің берер бағам,
10/8

Онлайн қарау
Әрі қарай