Дабай.кз деген ат ұнайды ма?

Сайттың аты туралы пікіріңізді білгім келеді. осылай қала берсін бе әлде өзгертілуі керек пе?

Дабай.кз деген ат ұнайды ма?

Бөлісу:

25 пікір

asaubota
кезінде дауыс бергендердің көбі Дабай.кз ұнамайды деген екен. ал қазір пікірлерің қандай? басында бір түрлі болғанмен қазір жұрт үйреніп қалған сияқты.
Nurgisa
"Ұнайды, жақсы ат екен" деп пе еді қалмақ ханы Сәуегей Оразға «Көшпенділерде?» :)
asaubota
«Админ Ораз сенбісің» депті қалмақ елбасысы менің ұлыма. Ол «жоқ, мен Әмин Оразбын» депті :)))
ErNur
:) ))) Шығармайтының жоқ…
woo
Шындығына келсек дабай.кз блоггерлер жүйесі болуға сай емес, мен тек доменді ғана меңзеп отырмын неге problogger.kz доменін алмасқа, профессионал блоггерлер деген қауымдастық атына заты сай болып тұр емеспе. Австралия тұрғыны Даррен Раус problogger.net жүйесін қалыптастырдығой… Арғы жағын өзіңіз пайымдай беріңіз
Сұрақтар болса хабарлас жеке жәшігіме Хостинг мәселесі бойынша hoster.kz әзірге бағасы қымбаттау дегенмен жеке блоггерлерге болады ал улкен соц. сеттерге жарамайды. Хостинг мәселесінде өте тйімді компанияны білемін ол как раз осындай проекттерге арналгын. Қаласаң хостинг-ке мен спонсор болайын… хат күтемін
asaubota
problogger, blogger, blogus, blogshy сияқты ішінде блог сөзі бар нақты сөздер ұнамайды, арлан, тарлан, қыран, бүркіт сияқты қазақи сөздер де. Дабай сөзі бір жағынан түк мағынасы жоқ сөз, бір жағынан орысшадан келіп тілімізге қалыптасып кеткен сөз.

Бұл сайт кеше Idhost-та тұрды, бүгін Хостерде. Екеуі де Қазақтелеком серверлерінде ғой. Бірақ хостер өз қызметін жақсы жасайды, конфигурациялары жақсы. мен сияқты әуесқойларға оңай әрі түсінікті. Жеке сервер алғанша осы хостингті пайдалана берген дұрыс. Кейін көреміз нагрузка көп болып жатса амал жоқ серверге көшеміз.
woo
Ия келісемін. Тек өз ісінің шеберлері ғана осылай нақты айта алады.
Ал домен мәселесі мені де толғандырып отыр. Алла қаласа ертең жұма, дұға етіңіз, қаласа жақсы ой салар.
woo
Қаласаң доменді де алып берейін
asaubota
рахмет ниетіңе. өзің алып осындай тағы бір сайт ашуға кім кедергі? қайта осындай сайттардың көп болғаны жақсы, ақпарат таратуға, юзерлерді блог мәдениетіне үйретуге. проблоггер деп техникалық блог жүйесін ашып көр, яғни бір тематикалық бағыты болса жақсы бола ма деймін.
woo
Қазақстанда юзер уйретемін деп шаршаудың керегі жоқ нәрсе меніңше. Дұрысы қазақ тілді facebook құрастыру керек (нағыз юзер сонда шыңдалады). Мен білетін өзің сияқты сайттың арғы жағын түсінетін жандар аз ғана. Ал көбісі орыс тілді прог-тер, админдер. Үлкен қауымдастық құру… ол деген… сөз жоқ…
asaubota
қателесесің, біздікі сайттың бергі жағы ғой. сайтты ар жағынан емес бергі жағынан, яғни CMS арқылы жасап, кодтарын түзетіп, локализация жасау ғана ғой біздікі.
muza
Дабай.кз мен ен басында коре сала унаткан едим.Ерекше окыла ма жок алде орыс тилди когамнан жана шыккандыктан ба айтеур озине тартып турады.Алты градус алемди озгертеди деген блогты да атына бола окып бастап кейннен туракты окырманына калай айналып кеткенимди билмей калгам… Атына заты сай болу ушин токтамай, шаршамай дабайлата берейк…
blackbeard
Атты өзгерту керек сияқты меніңше! Бізде қазақ тілді интернетте ат қою жүйесі әлі қалыптаспаған. Мысалы: шетелдіктер pro-, -er, i-, -s, сияқты жалғаулар жалғану арқылы аттар таңдайтын болса, бізде ондай түсінік те жоқ. Бірақ мұны тіл кемшілігі деп айтуға келмейді. Әзірге қазақ тілі техникаға (жалпылама) бейімделіп үлгерген жоқ.
asaubota
дауыс бермегендер дауыстарын берсе екен. және пікірлеріңді күтемін осы тақырыпта.
alisha
шынымды айтсам, маған аса ұнамайды. «Жаз дабайды» басқан сайын ойыма келеді осы, осы Дабай деген сөз контексте қолданғанда сөйлемді дүбәрә, алашұбар қылып жібереді. Мағынасы жоқ дегенмен, жоғарыдағы айтқан «Жаз дабай; Жібер дабай» деген тұстарда бәрібір оның «давай» мағынасында қолданылатыны беп-белгілі.
ErNur
Дауысымды беріп отырмын осы бойы. Әрине әркім әртүрлі пікірде болуы мүмкін. Бірақ осы атауы өте дұрыс меніңше. Сенің ойыңмен толық келісемін asaubota
gunner
Маған ұнамайды, құлаққа жақсы естілгенімен мағынасы жоқ. Қазақша сайт болған соң, орыстың давай сөзіне ұқсатып қойғаны біртүрлі
asaubota
рахмет, тағы да пікірлер күтемін.
omarbirat
«Дабайда» тұрған ештеңе жоқ, мейлі қай тілден келсе де. Мұндай атаудың бар болуға қақысы бар. Дардай атауы болса да елеуі жоқ сайттарға қарағанда осы жақсы, меніңше :)
alisha
қазақша да дардай қылмай атауға болады ғой, ағасы…
gunner
Дұрыс айтады әпкесі…
omarbirat
Сөзімді толықтыра кетейін:
Қазақша бір мағынасы бар (мағынасы жоғы болмайды) ат қойылса, сайттың бүкіл мазмұны сол сөздің мағынасына байланып, сонымен шектеліп қала ма деген қаупім бар да.
Басында «Дабай.кз» дегенге мен бейформалды әңгіме ортасы, яғни кез келген еркін тақырыпта көсілуге болатын жер деп түсінгенмін. Солай болып жатыр да, шүкір. Басқа жерлерге қарағанда, осында позитив басымырақ — біраз тынығып қаласың. қолпаштап, дем беріп отыратын «Дабай» деген сөздің өзі не тұрады?
Бәрін айт та, бірін айт — аты болмаса да, заты қазақ сайт емес пе, ең бастысы?

Опшым, осындай позитивке толы сайтқа «Дабай» деген мағынасы миға жүк түсірмейтін атау дұрыс, «Хакуна матата» деген сияқты :)

Сөз соңында әзіл аралас сұрақ қояйын: Бір қазақ жігітпен немесе қызбен танысқанда (100% қазақ, сөйлегенде де тек қазақша сөйлейді. Бар «кінәсі» мен «күнәсі» — аты орысша қойылған), «атым — Николай» немесе «Светлана» деп тұрса, «кет-ей, сенің атың қазақша емес» деп сөйлеспей қоймайтын шығарсыңдар? :))
sammita
өзіме ұнайды. Еркін атау. «Дабай, пока», «Дабай онда», «Дабай алып қояйық» дегендей "өте мағыналы да мәнді" сөздер бар мысалы;) Опщым менің ойымды Омар брат айтты.
alisha
мысалыңыз ұтымды. Өйткені, менің де есімім орысша еді...))))
daniyar
Жақсы сайт, ұнады! Дегенмен жеке менің құлағыма атауы жағымсыз естіледі…