«Немо» және оның командасы.


Испанияның «Marca» газеті соңғы нөмірінде «Немо және оның командасы» жайлы қызықты ақпарат жариялады. Корольдік клуб ойыншыларының лақап атын карикатурамен жариялаған бұл мақала бүкіл дүние жүзі баспасөзінің назарын өздеріне аударды.
Команда жұлдызы Месут Өзілдің лақап аты – «Немо». Оған бұл лақап «Дисней» және «Пиксар» студияларының өніміндегі Немо атты балықпен сырт пошымындағы ұқсастығы үшін таңылыпты. Икер Касильясты «Капи» (капитан) атандырса, Рикарду Карвальоны «Ақсақал» десетін көрінеді. Бұл аттың оған қойылу себебі белгілі, ол командасында жасының үлкендігімен қоса байсалдылығымен ерекшеленеді. Рауль Альбиольға командаласы португалдық Пепе Рейна «Пышақ» дейтін атты лайық көріпті. Әрине, бұл оның колбаса кескіш, нан кескіштігі үшін емес, жіңішке де ұзын дене тұрқына байланысты қойылса керек. Ал Пепенің өзін жай ғана «Пепиньо» деседі.
Әрі қарай

админге сұрақ

Осы сайтты қалай жасадыңыз, CMS тердің көмегіне жүгіндіңіз бе, жоқ әлде тілмен жазып шықтыңыз ба?
Жалпы қазіргі Қазақ блогшылары қайсы әдісті ең көп қолданады?
Әрі қарай

блогкамп туралы сайт

Осы құрылтай болып өткеннен кейін, осы блогкамптың өту барысы, онда оқылған баяндамалар, призентациялар бір сайттың бетіне жинақталса, өйткені бұл құрылтайға Қазақ блогшыларының көп бөлігі келе алмайды ау деген ойдамын. сондықтан олар да бұл құрылтай жайында кеңінен таныс болса өте тамаша болар еді. осы жағын ойластырылды ма? құрметті ұйымдастырыушылар.
Әрі қарай

Жұма намаз

(30.88 Kb, 355x236)

Кейбір адамдар күнде 5 уақыт намаз оқымаса да жұма намазына мешітке не үшін баратынын түсінбеймін. Сендер барасыңдар ма? Баяғыда бір танысым Қадыр түнін мешітте қарсы аламын деп жалаң аяқ қайтыпты үйіне.
осындай жерде аяқ киім, ұялы телефон, ақша жоғалтып көрдіңдер ме?
Әрі қарай

Түркия Супер лигасында жағдай нешік?

Түркияда елдің басты бәсекесі Супер Лига үшін тартыс қызып тұр. Кезеңнің алғашқы жартысында қарсылас шақ келтірмей, басқаларынан қара үзіп кеткен «Қаратеңіз дауылы» Трабзонспор екінші жарты басталғалы алғашқы қарқынын жоғалтып алған секілді көрінді. Ол дәл қазір «үш дәудің» бірі Фенербахчемен алғашқы орынды бөлісіп тұр. Екеуінде де 54 ұпайдан бар. Үшінші орында ел чемпионы Бурсаспор. Сырттағы ойыны ел көңілін көншітпегенімен, «қолтырауындар» алғашқы үштіктен әлі де түспей келеді. Төртінші орынға Кайсериспор жайғасса, бесінші орында – Газиантепспор. Түркия кубогында да Галатасарайды тізе бүктіріп, ширек финалға жолдама алған Газиантепспор супер лигада да жұлдызды команда атанып тұр. Екінші жарты басталғалы жеңілістің ащы дәмін татпаған командадағы аяқдопшы Дженк Тосынның аты гол королі Фенербахчелік Алекстен кейінгі баспасөзде ең көп жарияланатын есімдер сапында. Үш дәудің бірі Бешікташ алтыншы сатыны қанағат тұтса, Галатасарай он біріншіде келеді. Шетелден қанша мықты алғызғанымен Бешікташ пен Галатасарайдың бұл сезонда жағдайы оңалмай тұр. Галатасарай сырт алаңда ылғи жеңіліске ұшырап жүрсе, Бешікташтың екі жақта да жанкүйерлерін қуанта алмай келеді. Бір қызығы, Галатасарайдың 15-інші қаңтарда үлкен даумен тұсауы кесілген жаңа мекені Түрік Телеком Арена әзірге «арыстандарға» жеңілістің ащы дәмін татқызбады.

Төрешілер де күн тәртібінде. Галатасарай мен Буджаспор матчында «арыстандарға» екі айқын пенальтидің берілмеуі, Трабзонспор-Бешікташ матчында Бешікташ қақпашысының өрескел қимылына қызыл карточка көрсетілмеуі, Фенербахче-Генчлербірлігі матчында орынсыз жерде Фенерліктерге пенальти берілуі секілді шешімдер жаттықтырушылар мен жанкүйерлердің наразылығын туғызуда.

Анадолының бүкіл футболсүйер қауымы келесі аптаның жұмасы Галатасарай алаңында ойналатын Галатасарай-Фенербахче матчын асыға күтуде. Бешікташты 4-2-мен тізерлеткен канарейкалардың арыстандарға қалай қауқар көрсететіні 18-наурызда белгілі болады.
Әрі қарай

Жұмыс керек

Ақшаны көөөөөөөп төлейтін жұмыс керек. Мамандығым техник-программист. Специализациям зашита и безапасност информации. :)
Әрі қарай

Сайт жасаушылардың құлағына алтын сырға!

Бүгін J-net-те қызық пост жарыққа шықты. Сөйтсек, біздің (яғни ҚР) біллллллллдей Ішкі Істер Министрлігіміздің сайтын қалай бұзғаны жөніндегі видеоны іліпті. Сайттарын қорғай алмай жүрген адамдар, біздерді қалай қорғайды деймін да… Сайт жасағыштар, абай болыңыздар!

Әрі қарай

Бояушылар...

“Бояушы, бояшы дегенге сақалын бояйтындар” әлі де бар екен. Оған несіне таң қалып отырғаныма таң қалып отырмын. Көшенің бәрі кезектен тыс сайлаудың үгіт-насихатымен көмкерілгелі қашан. Бәрі де бір кісінің жарнамасы. Баннерлерден де, бильбордтан да күле қарап тұр. Құдды “үйімізде, төрімізде портретте тұрған” Ленин атамыз секілді. Басқа үміткерлердің насихат жұмысы қалта күнтізбесінен аспаған секілді менің ойымша. Шамаларын білген соң шалбарларының қалтасына шамалы тиын алып қалғандары да дұрыс шығар.
Негізгі айтпағым мынау, ел президенттігіне үміткер президентіміздің бір афишасы цирк афишасымен қатар жабыстырылып тұр. Қоғамдық көлікте келе жатқандықтан суретке түсіре алмай қалғаным…
Әрі қарай

Фотожұмбақ: Мүбәрактың костюмінде не бар?

Мысырдың төртінші президенті болған Хосни Мүбәрак өз тағында отыз жыл отырды. Билеуші кетісімен, оның көлеңкесіндегі көп сыры ашыла бастайды емес пе? Бұл жолы да байқампаздар Мүбәрактың костюмінен «мін» тауыпты. Ол не болды екен?

Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/03/10/%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be%d0%b6%d2%b1%d0%bc%d0%b1%d0%b0%d2%9b-%d0%bc%d2%af%d0%b1%d3%99%d1%80%d0%b0%d0%ba%d1%82%d1%8b%d2%a3-%d0%ba%d0%be%d1%81%d1%82%d1%8e%d0%bc%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5-%d0%bd%d0%b5/
Әрі қарай