Түркия Супер лигасында жағдай нешік?

Түркияда елдің басты бәсекесі Супер Лига үшін тартыс қызып тұр. Кезеңнің алғашқы жартысында қарсылас шақ келтірмей, басқаларынан қара үзіп кеткен «Қаратеңіз дауылы» Трабзонспор екінші жарты басталғалы алғашқы қарқынын жоғалтып алған секілді көрінді. Ол дәл қазір «үш дәудің» бірі Фенербахчемен алғашқы орынды бөлісіп тұр. Екеуінде де 54 ұпайдан бар. Үшінші орында ел чемпионы Бурсаспор. Сырттағы ойыны ел көңілін көншітпегенімен, «қолтырауындар» алғашқы үштіктен әлі де түспей келеді. Төртінші орынға Кайсериспор жайғасса, бесінші орында – Газиантепспор. Түркия кубогында да Галатасарайды тізе бүктіріп, ширек финалға жолдама алған Газиантепспор супер лигада да жұлдызды команда атанып тұр. Екінші жарты басталғалы жеңілістің ащы дәмін татпаған командадағы аяқдопшы Дженк Тосынның аты гол королі Фенербахчелік Алекстен кейінгі баспасөзде ең көп жарияланатын есімдер сапында. Үш дәудің бірі Бешікташ алтыншы сатыны қанағат тұтса, Галатасарай он біріншіде келеді. Шетелден қанша мықты алғызғанымен Бешікташ пен Галатасарайдың бұл сезонда жағдайы оңалмай тұр. Галатасарай сырт алаңда ылғи жеңіліске ұшырап жүрсе, Бешікташтың екі жақта да жанкүйерлерін қуанта алмай келеді. Бір қызығы, Галатасарайдың 15-інші қаңтарда үлкен даумен тұсауы кесілген жаңа мекені Түрік Телеком Арена әзірге «арыстандарға» жеңілістің ащы дәмін татқызбады.

Төрешілер де күн тәртібінде. Галатасарай мен Буджаспор матчында «арыстандарға» екі айқын пенальтидің берілмеуі, Трабзонспор-Бешікташ матчында Бешікташ қақпашысының өрескел қимылына қызыл карточка көрсетілмеуі, Фенербахче-Генчлербірлігі матчында орынсыз жерде Фенерліктерге пенальти берілуі секілді шешімдер жаттықтырушылар мен жанкүйерлердің наразылығын туғызуда.

Анадолының бүкіл футболсүйер қауымы келесі аптаның жұмасы Галатасарай алаңында ойналатын Галатасарай-Фенербахче матчын асыға күтуде. Бешікташты 4-2-мен тізерлеткен канарейкалардың арыстандарға қалай қауқар көрсететіні 18-наурызда белгілі болады.
Бөлісу:

8 пікір

asaubota
не болсын, Галатасарай жеңіледі қазіргі түрімен
aktobe88
ilk yarıda beraber kalmıştı.
blackbeard
FENERБАҚША мықты деп ойлаймын!!!
aktobe88
ФЕНЕРБАХЧЕ АЛЕКС БОЛМАСА ЕШТЕҢЕ ДЕ ЕМЕССС
blackbeard
hehehe:) Onda GalataSaray:))))))
aktobe88
сен де мәдәсессің онда!:-)
Türkiye' de Galatasaray tutulur. ya da Beşiktaş.
bazuka
тұрік футболы демекші, үйде футболды менен басқа ешкім қарамайды)) 2002де мундиаль болды ғой қарайын десем ағам мен жеңгем басқа арнаны қарағысы кеп отырды. сосын ағама жалындым қазір түріктер ойнайды деп)) сосын қосып қарап, түріктердің ойынына мәз болған ағам мен жеңгем футбол жіберми қарайтын болды сонан кейін))