Фото жұмбақтың жауабы.

мына жерде жарияланған фото жұмбақтың жауабы. Алғаш болып дұрыс жауабын жазған sammita болды. Уәде бойынша келесі бас қосуда бір кесе шәй менен.


Ескерткіш 1998 жылы Омаров көшесінде ашылған екен. Жоғарғы сот ғимаратының жанында.
Тасалау жер секілді тұрған жері.
Әрі қарай

Баяғыда...

Баяғыда осы уақытта қолымыз күс-күс болып асық ойнауды бастап кететінбіз.Екі метр жер қарайса жетуші еді бізге. Қолымыз жарылып, тілім-тілім болып қаны шығып тұрушы еді. Оны жусаң ашиды. Өтірік -өтірік жуа саласың. Кешкісін қаймақ жағып бір жұмсартып аласың. Бүдір-бүдір қолмен мектепке де бара беруші едік))))
Дәл осы уақытта әріректе етектері желп-желп етіп қыздар «мак» ойнап жататын… Олардың қолы жарыла ма жарылмайма білмейм енді.
Әрі қарай

Фото жұмбақ

Астанадағы ескерткіштерді таныту мақсатында фото жұмбақ ойынын бастадым.
Алғашқысы.
Мына жазулар қай ескерткіштің алдында жазылған.
Әрі қарай

Ол мені кешірмеді

Ол менi кешiрмедi
«Мақатаев-22»-ден қызылордалық қария Мақсат Оразұлының «Алғашқы махаббат» атты мақаласын оқыдым. Иә, менiң де көп жылдан берi iшiмдi «мысық тырналап», ащы өксiк көмейiме тығылатын сәттерiм көп. Өз бақытымды өзiм таптағаныма қатты өкiнемiн. «Кенжемнен кету арқылы оны бақытты еттiм» деп, өз-өзiмдi ақтап та аламын кейде. Қазiр бiр аяғым – жерде, бiр аяғым – көрде. Кемпiрiме: «Кенжемдi шақырып келшi. Қоштасып қала¬йын», – деп айта алмай қор боламын. Оның да көңiлiне қараймын. Ол да ауру-сырқаулы.
Әрі қарай

wordpress :(((



Осы жерде де блог жүргізсем ба деймін. Бірақ менің ағылшыншам «бум-бум» и т.п. Вообщем i need help!!! Ақыл-кеңестеріңіз болса, бөліссеңіздер. Қыр-сырын айтып дегендей))) worldpress.com-ның алдына екі «к» қойсаң, біршама қазақшаланады деген кеңес бергені үшін Жалғас Ертайға
көөөөөөөөөп рахмет!
Әрі қарай