Сайлау әділ өте ме?

Осы сайлауға барсам ба екен? Әділ өте ме екен деп жүр көпшілігі адамдардың. Бармасақ та белгілі ғой деп…



Мен бармайтын шығармын, өйткені сайлаушылар тізімінде жоқ екенмін.
Бөлісу:

19 пікір

Abilakim
Біреуге әділ, біреуге…
edige
сөз жоқ. тек қана эмоция
asaubota
Сайлауға дейінгі отыз күннен кешіктірілмей

Егер сізге сайлау күні тіркелген жеріңіз бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігіңіздің болмайтыны белгілі болса, сіз сол жердің әкімдігіне сайлау күні өзіңіз болатын жер бойынша сайлаушылар тізіміне сізді енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз.
Дауыс берудің басталуына жиырма күн қалғанда, тиісті әкімдік учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша сайлаушылар тізімдерін ұсынады.
Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда, сайлаушылардың тізімдері сайлау учаскелерінде танысу үшін сайлаушыларға ұсынылады.
Сіз сайлаушылар тізімдеріндегі өзіңіз туралы деректерді тексеруге және тізімге енгізілмегеніңіз, дұрыс енгізілмегеніңіз немесе тізімнен алынып тасталғаныңыз, сондай-ақ тізімдегі сіз туралы деректерде жаңсақтықтар жіберілгені үшін шағым жасауға құқылысыз.
Тізімдерге түзетулер енгізу қажеттігі туралы өтініштерді учаскелік сайлау комиссиясы өтініш келіп түскен күні қарайды.
Жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тізімдерін ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде

Сіз өзіңіздің болу орныңызды ауыстырған кезде өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша учаскелік сайлау комиссиясына жүгінесіз, ол жерде төлқұжатты немесе жеке куәлікті берген кезде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін табыс етеді. Бұл ретте сайлаушылар тізіміне тиісті белгі қойылады.
Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.
Есептен шығару куәліктерін беру дауыс беру күні алдындағы күнгі жергілкіті уақыт бойынша 18 сағатта аяқталады.
Дауыс беретін күні дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы сізді келген орныңыз бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді.
election.kz/portal/page?_pageid=115,58954&_dad=portal&_schema=PORTAL
seken
Сонда бар демекшісіз ғой! Айттым ғой астаналық блоггерлер билікке жақын көзқараста деп. Сол себепті сайлауға барғысы келіп тұрады немесе баруға кеңес береді.
asaubota
тізімде жоқ адамдар және пропискасы басқа қалада болғандар өзіне жақын сайлау учаскесіне барып, өтініш жазуы керек, сонда оған қатысуына мүмкіндік береді. сайлау мен биліктің астаналық блогерлерге қандай қатысы бар? :)
Nurgisa
Астаналық блоггерлер қарағандылық блоггерлер жаппай шахтада, атыраулықтар бірі қалмай мұнай кеніштерінде, көкшетаулықтар жасы демей, қартаңы демей Бурабай санаторийлерінде істейтіні сияқты сайлауға өте-мөте жаны жақын әзиз жандар шетінен :)
sammita
барғың келмесе өз еркін, түк проблема көріп тұрғам жоқ. Жұмыс орнында, үй аралап тізімді анықтап жатқалы көп болды.
Janasil
мағынасыз сайлауға қыруар ақша шашып жатыр. Ал Қызылорда жақта бір ауылдар 7 ай бойы айлықтарын алмапты.
satibaldi
Сайлау табиғат заңы бойынша өте әділ өтеді. Күштілер жеңеді де, лоқтар мен Лузервилль қаласының тұрғындары қорс-қорс жылап, қуыстан шәуілдеп қала береді.
Уа, Табиғат-мақан, Табынамын саған! Сенен әділ тек судья Джексон мен Медеу Аудандық Сотырының төрағасы Шипилова шығар!
nurinfo
респект, саған Сатеке! Қатырғансың!
asaubota
Түркияда Эрдоғанның партиясы 49 пайызбен жеңген кезде олар қатты қуанды, елдің тең жартысы бізбен бірге деп. ал басқа партиялар митингтер өткізіп жатты, кімге қарсы болып дейсіз бе? өздерінің партия лидерлеріне, сендердің кесірлеріңнен мына сайлауда тағы да ұтылдық деп.
edige
Кластың басым көпшілігі «Тынышталыңдар» деп шулап жатыр екен деп Гаста айтқандай болыпты
bagaline
«МHP мен CHP-нің орнын ауыстырғанмен, AKP-нің рөлі кемімейді» деген еді, Түркиялық қазақ бауырым. Маусымда түріктердің бәрі еліне қайтады. өзіңіз білесіз не үшін…
serjan
Әділ отпейтіні ау бастан белгілі, бәрібір үлкен кісі болады. Ал Елеусізов пен Қасымовты билік өздері сайлауға қатысуға зорға көндірді. Сайлаудың сәнін кіргізу үшін. ОЛар қазір осының бәрі қашан бітер екен деп зорға жүр, оны олардың түрлерінен де байқау қиын емес.
omarbirat
Сайлау өткен сайын көше тазалау кімге ұнасын? :))
AL-ASTER
Ертең сайлауға)))
meirzhan
«Жеке куәлікпен сайлауға»
araika
Әділ өтсін, өтпесін таяқ тастам жерге барып бір адамдай дауысымды беремін. Таңдау да жасап уақытымды жоғалтпаймын, себебі әу баста қалыптасқан, қанша итерсем де шығара алмайтын бірдеңелер қалып қойған түкпірде.