Ол мені кешірмеді

Ол менi кешiрмедi
«Мақатаев-22»-ден қызылордалық қария Мақсат Оразұлының «Алғашқы махаббат» атты мақаласын оқыдым. Иә, менiң де көп жылдан берi iшiмдi «мысық тырналап», ащы өксiк көмейiме тығылатын сәттерiм көп. Өз бақытымды өзiм таптағаныма қатты өкiнемiн. «Кенжемнен кету арқылы оны бақытты еттiм» деп, өз-өзiмдi ақтап та аламын кейде. Қазiр бiр аяғым – жерде, бiр аяғым – көрде. Кемпiрiме: «Кенжемдi шақырып келшi. Қоштасып қала¬йын», – деп айта алмай қор боламын. Оның да көңiлiне қараймын. Ол да ауру-сырқаулы.
… Бiз Кенжегүл екеумiз ¬9-сыныптан бастап Кеңес одағының қатал тәртiбiне (оқушылар кешке киноға, кештерге бармайтын. Барған оқушыны жиналысқа салатын, ата-анасын мектепке шақыртатын) қарамастан, ұрланып кездесiп жүрдiк. Кездескенде бiр-бiрiмiзге жанаса отырып, бiр-бiрiмiздiң қолымыздан ұстап аламыз. Болды. Соған мәзбiз. Қазiргi жастар бiздiң мұнымызға сенбес те. Бiрақ, шындығы солай. Бақытты едiк. 10-сыныпты бiтiре сала, Алматыға құстай ұштық. Кенжегүл Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтына оқуға түстi. Ал мен түсе алмадым. Кенжегүлдi айналшықтап, Алматыда қалып қойдым. Құрылыста жұмыс iстедiм. Күнара кездесiп тұрдық. Мектептегiдей емес, түннiң бiр уағына дейiн емен-жарқын қыдырамыз.
Иә… Қалған өмiрiмдi тәрк етсем де, ол кездердi қайтара алмаспын. Келесi жылы тағы да жоғары оқу орнына түсе алмадым. Сырттай Кенжегүл оқитын институтқа түстiм. Сол жылы Кенжегүлдiң ата-анасының қарсылығына қарамастан үйлендiк. Бiрақ, бiрге тұрған 14 жыл iшiнде бала сүйе алмадық. Дәрiгерлер екеумiздiң де денсаулығымызда кiнәраттың жоқтығын айтты. Екеумiз бiр мектепте жұмыс iстейтiнбiз. Оны мен «Кенжем» дейтiнмiн. Адам жақсылықтан гөрi жаманшылыққа әуес келедi екен. Iшкiлiкке салындым. Мектептен шығып қалдым. Кенжем менiң «арағыммен» 6 жыл бойы алысты. Несiн айта берейiн, оны тастап, 4 жасар ұлы бар бiр жас келiншектiң үйiне кiрiп алдым. Киiм-кешегiмдi арқалап, әлгi келiншектiң үйiне кiрiп барғанымда 4 жасар Сәмет: «Әке, келдiң бе?» деп менiң мойныма асылды. Iшi-бауырым езiлiп қоя бердi. Арақ iшудi сап тыйдым. Басқа мектепке мұғалiм болып орналастым. Сәметiм адам қылды менi. Бiрақ, менен бала болмады.
...Қаланың бiр шетiнен екiншi шетiне Кенжемдi iздеп баратынмын. Көзiне көрiнбей, алыстан бақылап жүргенiме мәз боламын. «Кешiр менi, қосылайық» дейiн десем, бiр күш ұстап жiбермейдi. Алғаш рет оның жанынан бiр жiгiттi (болашақ күйеуi екен ғой) көргенде, ашуланып қасына жетiп бардым. «Бұл кiм?» – дедiм оны жұлқылап…
Иә… Кенжем менi кешiрмедi. Күйеуге шықты. Балалы-шағалы болды. Мен алыстан бақылап кетемiн. Кейде мектептен көрiнбей қалса, мұғалiмдер бөлмесiнен сұраймын. Аман-сау екенiне көзiм жеткен соң, көңiлiм орнына түсетiн.
Әлi есiмде, зейнетке шығар кезде онымен кездестiм. Мектептiң алдында тосып тұрдым. Ол менiмен сөйлеспедi. «Кенжем, кешiр менi!» – дедiм. Терiс айналып кеттi…
Иә… О дүниеде онымен кездесер болсам, қолынан тас қып ұстап жiбермеймiн. Баяғыдағыдай… 9-10-сыныпта ұрланып кездескенiмiздей тас қып ұстаймын. Жiбермеймiн.
Табыл Үнешов, Алматы.
www.zhasalash.kz/makataev-22/2785.html?lang=kz
Бөлісу:

29 пікір

asaubota
үйленгесін адам бала сүйгісі келеді ғой. ал кей жағдайда екі жұптың организмі бір біріне сәйкес келмейді, басқа біреулермен қосылғанда екеуі де бала сүйеді.
edige
Мақсат Оразұлының «Алғашқы махаббат» оқып
Әбусаттар Гербсәлінің «Алғашқы махаббатын» оқығандай сезім алдым
edige
Еске түсірмеңдерш… жыладым…
sammita
бұл жерде құрбандық әдеттегідей әйел, бір емес екі әйел. Алғашқысымен 14 жыл тұрып, өзінің бақытын бағаламай, оның өмірін қор қылды. Баланың жоқтығы сылтау емес еді бұл жерде… Кейінгі әйеліне осынша уақыт отағасы болғанымен іштей өзгені ойлап өле-өлгенше армандап жүр. Бір әңгіме бар еді. Байы қайтыс болған әйел мен әйелінен айырылған еркек туралы. Өз күйін әлгі еркек: «күндіз екеуміз, түнде төртеуміз» депті. Өкінішті.
Altygradus
иә шынымен эгоистік. аа ия, иә Шыңғыс Айтматовтың бір әңгімесінен әйтеуір.
sammita
Жиренше шешен айтыпты-мыс:
Ері есіне түседі,
Теріс қарап жатады.
Оныменен ол екеу.
Қарашашты ойлаймын,
Мен де теріс қараймын.
Оныменен мен екеу.
Оймен тауып жолдасты,
Боламыз түнде біз төртеу.
satibaldi
Жоғалған жолдары да табылыпты осы өлеңнің:
… Осылай-ақ біз — дақоя,
Үйлендік біз нақоя?..
Altygradus
Жиренше шешен айтыпты-мыс
:
о рахмет. Бірінші рет оқып тұрм.
мен әйтеуір бір әңгімеде күйеуі жесірмен әйелі өлген еркек екеуі үйленген, бір парочканың оқиға желісінде осындай сөздер болғаны ғана есімде
dark_nazgul
анау келіншек өзі сұрап алды басына бақытсыздықты.
araika
Алғашқы және соңғы махаббат… мұндайды бастан кешіретіндер аз ғой…
balzaminka
Арайка, саған «Керектің құрметті археологы» деген атақ бұйырды мен тарапымнан, қабыл алғайсың!!!

Сенің арқанда көптеген оқылмаған посттарды оқып жатырмын, рахмет!
araika
Ой, рахмет!Өткен жолы Аршат ағай да айтқан-ды.«Жұлдыз»ауруына ұшырамасам нетті? 

Әлі талай бірге оқырмыз. Рахметті пост авторларына айталық
satibaldi
Арақ iшудi сап тыйдым.
Осы жерін сыдыртып өте шыққансың, анау айтқандай оңай шаруа емес. Аздап, ішуді қояр алдындағы рухани күйзеліске, сатқыдық сезімге төрт-бес жол арнап кеткеніңде болатын еді.
balzaminka
өз тәжірибиеңізден?
satibaldi
Аздап сенің де тәжірибеңнен қостым.
balzaminka
Рахмет, әрқашан мені ұмытпай қосып жүргеніңіз үшін
satibaldi
Жанұшыра үнді көшелерінен арақ іздеп жүргеніңіз әлі естен етпейді…
balzaminka
оһһ, сол арақ демекші. Бүгін түс көріппін дим, көшіп жатыр екенмін. Заттарды коробкаға салып жатыр екен де досым, мына бос бөтелкені де салайын ба деп арақтың бөтелкесін сұрайды. Ия, сал деп қоямын мен еще ұялмай
satibaldi
Қарабайыр алкоголизм.
balzaminka
солай жорыдым деңіз…
Altygradus
Жанұшыра үнді көшелерінен арақ іздеп жүргеніңіз әлі естен етпейді…
уахахаха)))))
әйтеуір қазір запасың ничо ма Бальз
balzaminka
тфә-тфә, қазір денсаулық жаман емес, сол баяғы жарты бөтелке әлі тұр
Aizhantabyn
кешірілмейтін қылық жасап ап, кешірмейді дегені несі. Афигеть!
satibaldi
Ой, ой, сама справедливость!
Aizhantabyn
ой, ой, кто то объявился, не запылился!
dark_nazgul
сатқындық кешірілмейді!!!
dark_nazgul
Бұл жерде порблема неде: оләйелінен кеткенде, өзінше оны кінәлап кетті ғой: «бала тауып бермеді» деп, басқа әйел топырлатып туа салатындай. ал кінәрат өзінен екенін ұққанда ойланды, бәрі бекер болғанын түсінді. енді келіп өкінеді.
Қайта кеткені дұрыс болды. балласт өзінен өзі түсіп қалғаны деген қандай жақсы)))