Соңғы көш (екінші бөлім)

Қабдеш Жұмаділовтың «Соңғы көш» романында 1962 жылғы жаппай көшу суреттеледі. Сол соңғы көшпен келген жұрттың арасында сегіз жасар екі бала, менің әкем мен шешем де бар екен.
Әрі қарай

Жаласқан ауыздар

хабардан басқа арналарда көрсететін жаңалықтарда Тараз қаласы күнде аталады. Соңғы екі ай ішіндегі құрбандыққа бала шалу мен жарылысты қоспағанда,
Әрі қарай

“Жұнттай боп киініп алыпсың”

Басқаларды қайдам, біздің ауылда, Ақтоғай ауданы Қаратал деген қасиетті мекенде өзіндік қалыптасқан тіл бар. “Мәтіби құсамаш” дейміз өзімшілденіп кеткен адамға. Оны таныстарым ауылдарыңда Матвей деген өркөкірек орыс болып, соған қаратып айтқан шығар дейді. Кім біледі, солай болса, солай шығар. Серік Ақсұңқарұлы Руслан екеумізді: “Ілебай-Мұқа сияқты мына екеуі”,-деп еді. Қызыларай деген ауылда Ілебай-Мұқа деген ерлі-зайыпты болыпты. Әйелі атқа мінгесіп, күйеуінің қасынан қалмайды екен. Сол секілді “жұнттай боп” деген сөз тіркесі кейде ауызға ілінеді. Түп-төркінін білмейтінмін. Бір күні жаңалықтарды ақтарып отырсам «Джунд аль-Халифат» («Халифат сарбаздары») исламшыл тобы” деген тіркесті көзім шалды. “Жұнттай” деген “Жунд-сарбаз” (орыстар Джунт деп Д қосуды қоймайды) деген сөздің қазаққа бейімделген нұсқасы ма деген ойға қалдым. Сарбаздар құсап, сықиып киініп алыпсың дегені шығар қазакемнің.
Әрі қарай

Елбасы жаңа салынған собор мешітін көрді

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы елбасының Қарағандыда ашылған мешітке жасаған сапарын дәл осындай тақырыппен хабарлапты. Менің білуімше “собор” деп тек шіркеулерді айтушы еді. Әлде мен сауатсызбын ба? Енді ресми билікті ондай деуге ауыз бармайды. Сіздер қалай ойлайсыздар?
Әрі қарай

Google Analytics жақында жаңа нұсқасын қосады

Көптеген сайт иелері Гуглдың осы қызметін пайдаланады. Статистика және анализ жасау үшін Google Analytics керемет құрал.


Жақында жаңарайын деп жатыр екен. Мынандай өзгерістер болады:

— Енді тек кешегі статистика емес дәл қазіргі статистиканы да қарауға болады.
— Ұялы телефондардан кірушілер туралы ақпарат қосылады.
— Сайт ішіндегі қозғалыстар да жазылатын болады, яғни қолданушылар сайттың қай жерінен қай бетіне өтіп жүргендері туралы ақпарат қосылады.

www.google.com/analytics
Әрі қарай