Соңғы көш (екінші бөлім)
Қабдеш Жұмаділовтың «Соңғы көш» романында 1962 жылғы жаппай көшу суреттеледі. Сол соңғы көшпен келген жұрттың арасында сегіз жасар екі бала, менің әкем мен шешем де бар екен.
Әкемнің үлкен ағасын Қытай үкіметі Қазақстанға оқуға жіберген екен (Қ. Жұмаділовпен бірге), әжем жібермей қойыпты. «Мен көрмеген совет пе?» деп… Ұлы көш қозғалғанда да, барғысы келмепті, «Мен көрмеген совет пе?» деп… Сөйтіп, өмірінде жалғыз рет күйеуінен таяқ жепті.
Әкемнің бір кіші әкесі көшкісі келмеген қайын жұртына, төркінін тастап кеткісі келмеген әйеліне қарайлап, тартыншақтаған екен… Ағасы аттың бауырына алып жүріп сабапты…
Не үшін? Жеті атасынан бері мекендеп келе жатқан жерін, ата баба зиратын тастап, тек ҚАЗАҚстан болғаны үшін ғана, балаларым ел арасында өссін деген мақсатпен көшкен атам сияқтылар қаншама…
Қазақ көшпес те ме еді… Қытай елінің саясаты болмаса… Оған дейін 1956 жылы отызыншы жылдары қашып келгендердің арасында Совет паспорты қолында қалып қойғандар, документімен өздерінің туған жерлеріне қайтып жатты. Әкем айтады, ол документтердің өзі көп адамда қалмаған, отызыншы жылдары келгендердің паспорттарын қытай үкіметі тартып алып отырған, біздің ауылда бір кісі паспортын үйдің қабырғасына сылап жіберген еді, жасыру үшін деп айтып отыратын. Демек, қитұрқы дүние көп болғаны ғой.
Алпыс екінші жылы жазғытұрым тура үш күнге Қытай мен Кеңес үкіметінің шекарасы ашылды. Шекара ашылды деген, тікенекті сым темір ашылып, жұрт бір сайға құйылып, сол жерден жинап, советтер машина әкеліп көшіріп алған.
Жұрт үй жайын, мал мүлкін тастап кетті. "Әкемнің күмістеткен ер тоқымы қалды" дейді әкем. «Бір сандық кітап қалды» дейді мамам. Үйлерінің есігін бастырып кете берген. Тіпті ішкеріде оқуда жүрген оқушы балалардың көбі үлгермей қалған. БІздің әулеттің жолы болыпты. Авиатехникумда оқып жүрген папамның әпкесі үлгеріп жетіпті, әйтеуір. Ал нағашы атамның інісі қалып кеткен, кейіннен мамам тауып, табысты ғой, көрмеген қорлығы жоқ екен. семьясынан бөлініе қалып қалғандарды үкімет «советке кеткендердің қағып кеткен қазығы» деп, күн көрсетпепті.
Мына жаққа келгендердің де жағдайы мәз болған жоқ. Қазіргідей келіп, квота даулап, тұратын жер таңдап, оқу, қызмет сұрайтын жағдай ол кезде болмаған. Керемет уәделер нейтральная территория аталған аралық сайда ақ бөлке таратумен біткен екен. Советтердің шекарасын кесіп өткеннен кейін, бұл жақтың заңы басталған.
Еөшкендердің көбі кезінде осы жақта қалған туыстарын қара тұтқан, немесе рулас, елдес ағайын бар ғой дәмеленген. Қайдаааааа… рулас ағайын маңына жолатпаған, кеңес үкіметі жолатпауға тырысқан. Неғұрлым алысқа, басқа руға апарып қосып жіберуге тырысқан. Сөйтіп, нағашыларым Ақсуатқа кеткен, ал аталарамды көгендеген қойдай қылып, пойызға тиеп Шұбартуға аттандырып жатқан жерінен әжемнің баласы тауып, алып қалған.
Менің нағашы атам Қытайда мүдір болған екен, қазіргі біздіңше райононың бастығы сияқты. Мында келіп қой бақты. Кіші атам, Қ. Жұиаділовтың романдарында аты аталатын Қарамолданың мұғалім Нұртайы, ол да қой баққан. ол жақта кім болдың, оқыған адамсың ба, интеллигент пе едің, оны сұраған ешкім жоқ. Сұрамайды, өйткені үкімет білген. Білген соң, мысын басуға, басын көтертпей тастауға тырысып, меңіреу таудың арасына апарып қойға салған. Өйткені қорыққан. Зиялылар, жұртқа сөзін өткізе алатындар мына жақтағы елді жинап, қайта кетіп қалады деп… Сол үшін бәрін тарыдай шашып жіберген.
Мамам айтып отырады: «шешем сол күйі үйрене алмады мына жаққа» деп… Нағашы атам да үйрене алмай, ұзақ қиналыпты… Сонау көз ұшында көрінген Бақтының тауларына қарап отырып, «Ағжай Алтайды» айтып отыратын еді дейді… Қайтадан қашпақ болғандар да болыпты…
Толық есімде жоқ, бір кісі балаларын шанаға байлап, таудан сырғанатып жіберіп, артынан өзі де сырғанап түсіп, қашып кетіпті… деген сияқты әңгімелер айталытын.
Мамам өзі «картадан Шәуешек деген нүктені саусағымызбен сипалап, жылайтын едік» дейді… Атамекендері емес пе…

зашкаливает)))