Жаласқан ауыздар

хабардан басқа арналарда көрсететін жаңалықтарда Тараз қаласы күнде аталады. Соңғы екі ай ішіндегі құрбандыққа бала шалу мен жарылысты қоспағанда,
Мүгедек балалардың нанын жеген, Бала сатқан,жаңа туған баланы жарымжан қылған жағдайлар орын алып жатыр.
Таразда үш жыл тұрдым. Рахат қала. Бәрі ақшамен шешіледі. Ақщамен шешілмейтін дүние жоқ!
Балама қауіп төнгенде ақ халатты абзал жандардың «шарапатын» біраз көрдім. Ультрадыбыстық зерттеуге тараздағы ең мықты деген УЗИ орталыққа бардым, Мусина деген дәрігерге. Қара аспанды төндірді. Әйтеуір, Алла сақтады. Алматыда тексерілгенде жоққа шықты. Кейін, Алматыдағы Ана мен бала орталығында жатқанда, Тараздан тағы бір қыз келді. Оған Мусина «балаңның асқазаны жоқ» деген. Мына жақтағы дәрігерлер бар дейді.
Квота алу кезіндегі сандалысымды, сол кездегі естіген көргендерімді сараптай келе, дәрігерлер арасында бір сговор бар ма деген ойға келдім. Мақсат: квота сату. Сценарий: УЗИ дәрігері диагноз қояды, поликлиника диагнозбен қорқытады, облздрав квота бермей қояды, қорыққан әйел ақыры ақшасын өзі ұсынады. Өйткені Таразда жаңа туған нәрсетелерге қатысты даулар өте көп. Өлтіріп алған, жарымжан қылып алған, іште жатқанда дұрыс диагноз қоймай, сау баланы алдырып тастаған… Акушер дәрігерлердің біліктілігіне, олардың өз жұмысына адал берілгендігіне шүбәлана бересің…
Амал жоқ, квотаны сатып аласың… Біліктіліктің жоқтығын пайдаға асырғанды да көрдік!
Бөлісу:

16 пікір

madlen
Бұл жағдай Таразда ғана емес. Шымкентте де неше түрлі қорқынышты роддомдар бар.
Abilakim
Жер-жерде бар ғой бұндай дүниелер
asaubota
Астанадан басқа жерлердің бәрінде бар деуге болады. бірақ, Астанада әлі қалыптасып қалған медициналық традиция жоқ, клиентпен қарым қатынас жоқ әлі. барлығы керемет, барлығы бар, коррупция жоқ болып көрінгенімен ауруға дұрыс қарамайды.
satibaldi
Қаззақтар менің бір танысымның болмашы ауруына ауру қосып беріп, ақыры өлтіріп тынды.
Тек әрбір екіншісін аттырудың жақтасымын.
dark_nazgul
Бұл жерде мәселе іштегі баланың денсаулығымен спекуляция жасағаны болып тұр ғой.
satibaldi
Бір қой. Далаға шығару керек те, атып тастау керек.
satibaldi
УЗИ орталыққа бардым, Мусина деген дәрігерге.
Ма*ма…
KILYZAMAN
Таразда үш жыл тұрдым. Рахат қала.
— тазалық жағы керемет. Ең таза қалалардың бірі дерсің…
konvict
Лібәәәә, біздің қала таза болсааа… Очм, басқа қалаларға барудың керегі жоқ екен
dark_nazgul
тараздың көшелері таза ғой))) ну енді, орталығы)
boztorgai
сау баланы алдырып

немеремді осылай қылмақшы болғанда бет бақтырмадым
дұрыс шешім қабылдағанымызға қазір ырза боп жүрік

дуалға қоймасан да мықтап қорқыту керек
KILYZAMAN
Акушер дәрігерлердің біліктілігіне, олардың өз жұмысына адал берілгендігіне шүбәлана бересің…
Амал жоқ, квотаны сатып аласың… Біліктіліктің жоқтығын пайдаға асырғанды да көрдік!
— :-(… Шидің түбінде босанаыптымды айтатын үлкендерге не сын?
Gastarbaiter
Айналып келгенде тек дәрігер емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі. Перестройкадан іріп шіріп қалған бүкіл жүйе әлі талай өзгерісті қажет ететіні балаға да белгілі.
Тек оны тұтастай адамдар категориясына жаба салу арқылы проблеманың шешіле қойы екі талай. Шетелдік ұйымдарға халықтың артынан түртіп, наразылыққа итермелеуге жақсы сылтау боп тұрғаны қынжылтады.
Құдай халқымыз бұдан да өтеді.