Қызды болдым, ағайын!

Отызға келген жасымда күтпеген жерден шеше болып жатқан жайым бар.
Әне босанады, міне босанады деп, түнде дәретханаға жалғыз жібермей, күндіз үйде жалғыз қалдырмай, аңдып отырған сіңлімнің толғағы 6 шілдеге қараған түні сағат 12-30 басталмасы бар ма. Ақыры жүрді ғой, тұңғышының туған күні, жетісіне дейін бір-ақ барсын деп жүр едік. Болмады. Жедел жәрдем шақырып, пакеттерін көтеріп кеттік.
Алматыдағы жаңа перинаталдық орталыққа апарды.
Әрі қарай

Жаласқан ауыздар

хабардан басқа арналарда көрсететін жаңалықтарда Тараз қаласы күнде аталады. Соңғы екі ай ішіндегі құрбандыққа бала шалу мен жарылысты қоспағанда,
Әрі қарай