Ақтаудағы кейбір жарнама

«Тумба» газетінің Beeline компаниясымен бірлесе жасаған байқауының жарнамасы. Өткен аптадағы санында да дәл осылай шыққан. Бұл жолы қателерін түзер деген ойым бекер екен. Бір қызығы, тақырыбына қатемен жазып, мәтін ішінде дұрыс көрсеткені.

Мына төмендегі суреттің сапасының нашарлығы үшін кешірім сұраймын. Мен түсінбеген нәрсе: астыңғы тұста ҚОНАҚТЫ: БАҚЫТ АЛТАЙ делінген. Бәлкім, айтпағы, кеш қонағы — Бақыт Алтай шығар.

Осы сынды қателерді ТВ-дағы жүгіртпе жарнамадан да, жергілікті жарнама роликтерінен де байқау қиын емес.
ПыСы: қате теру — мақсат емес. Шартты түрде байқайм.Әлде Ақтау тұрғындары үйреніп кеткен бе? «Жарнама мәтініне жарнама беру жауапты» екенін ескеріп, тапсырыс берушілер жарнама өнімдеріне мұқият болса екен деген тілек.
Әрі қарай

Абайдың қара сөздері - VII сөз

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі — ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар — тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі — білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі — жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?
Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» — дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.
Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.
Әрі қарай

Тырқ-тырқ, жырқ-жырқ

«Жүре берсең көре бересің» деген. Екі дәрігердің әңгімесіне куә болдым еріксіз.
-Күйеуімнің гамажын киіп кетіппін шатыстырып…
-Ауында тесігі бар ма? (Екеуі тырқ-тырқ күліп алды)
-Тесігін қойшы.Арт жағы салбырап кете береді.Ол менен үлкендеу ғой.(Шамасы менен сәл үлкен Алдекеннен сәл кіші жігіт болса керек)Жүргенің сол қайта-қайта көтеріп
-Сені қойшы, күйеуің байғұс не істеді екен? Жұмысқа сенің гамажыңды киіп кеткен болар(тырқ-тырқ, жырқ-жырқ)
Әрі қарай

Саңлақ сахабалар

Ассалаумағалейкумдер!
Жақында Алау Әділбаевтың «Саңлақ сахабалар» атты еңбегін оқып шықтым.
Сөз жоқ берер тағылымы мол, адами қасиеттердің ең үздігін бойына сіңірген асыл жандардың өмірбаяны жүректі иманға толтырады екен.Оқысаңыздар өкінбейтініңіз анық.

Бұл кітапта Пайғамбарымыздың (с.а.у) көзін көрген саңлақ сахабалардың өнегелі өмірнамасы, олардың ислам тарихындағы ерекше орны нақты тарихи дәлелдермен көркем суреттелген.

Кітап Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Сараптау комиссиясымен мақұлданған. Алматы 2004-264 бет.
Әрі қарай