Көшербаев кетсін, Назарбаев келсін!

Осының алдында жазған «Сыныққа сылтау немесе Маңғыстауға сабыр керек» атты постымды
Айтпақшы-4, Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевты орнынан алу керек! 2006 жылы қалай облысқа басшы боп келді, солай көтеріліс басталды. Мәселені күшпен екіні бірі баса алады. Ал мәмілеге келіп шешетін лидер некен-саяқ. Міне, осы жерде біліктілік керек-ақ! Өзінің өкінішіне қарай, Қырекең ол межеден көріне алмады. Айта кететін тағы бір нәрсе, маңғыстаулықтар Көшербаевтың сөзін естіп, өзін көрсе, қан қысымы көтерілетін дәрежеге жеткен…

Айтпақшы-5, Өңірге жедел түрде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы келуі керек! Мен білетін Маңғыстау болса, олардың тыңдатайтыны әрі күрделенген проблемаға жауап бере алатын тек қана сол кісі!

деп аяқтаған болатынмын. Сол тілек орындалатын секілді. Бүгін, яғни желтоқсанның 22-сі күні Елбасы НӘН Ақтауға ат басын бұрды. Дұрыс шешім күтеміз.

Айтпақшы: Бейресми көздер бойынша, жаңа ғана Көшербаевтың орнынан алынғаны туралы ақпарат алдым. Облысты енді Бауыржан Мұхамеджанов деген кісі басқарады.
Әрі қарай

Жаңаөзен (1989-2011)


Болар іс болды, бояуы сіңді… Ел Тәуелсіздік мейрамын тойлап, үбір-дүбір болып жүргенде, батыстағы шағын қала — Жаңаөзенде «страшный» оқиға орын алды.
Әрі қарай

Turbo Pascal көмек қажет

Бірден не керегін жаза кетейін:
Маған Паскальды үйрететін адам керек… онлайн отырып.А-дан Я-ға шейін..қалай есеп шығару керектігін өз тілімен түсіндірсе болғаны. Видео уроктар пайдаға аспады..1 айдан кейін (әлде келесі жылы ма?  ) аудандық сайысқа түсетін едім Паскальдан… мектепшілік сайыстан өтіп кеттім байқамай-әдейі…
Көмек бере алатын адам бар ма?
Әрі қарай

Ким көсем өліпті

КХДР-ды уысында ұстаған көсем Ким Чен Ир дүниеден өтіпті.

Ким Чен Ир туралы
Ким Чен Ир 1941 немесе 1942 жылы 16 ақпанда туылған. 1994 жылдан бері біз Солтүстік Клрея дейтін, өздері Корей Халық Демократиялық Республикасы дейтін кішкентай елдің көсемі болып келді. Атың шықпасы ядролық бомба жаса дегендей, бұл тұлғаның аты ядролық жаппай қырып-жою бомбасына қатысты дауда жиі аталды.
Әрі қарай

Айша - тағы да бір құсық сериал



КТК арнасында жаңа сериалдың премьерасы болды.

Фильме шетелдік қылмыскерлер мұражайдан жымқырып кеткен «Алтын адам» экспонатын ұрлауға қатысы бар деген айыппен жазықсыз сотталған Айша деген қыз жөнінде. Онда еліміздің құнды жәдігерін қайтару үшін түрмеден қашқан қазақ қызының өршіл рухы мен Отанға, сүйген жарға деген ыстық махаббаты баяндалады.
www.ktk-tv.kz/kz/series/Aisha/

Тақырыбы осы. Ал жеткізілуі сол баяғы стильде. Мұңайған, жаттанды сөздер, төмен дәрежедегі актерлік ойын, нашар режиссура. Оқиғаларда байланыс жоқ, қалай өрбіп жатқанын көрерменнің өз фантазиясына қалдырған. Режиссерін өздеріңіз шамалаған шығарсыздар кім екенін?
Әрі қарай

Болар іс болды...

«Аноним»


Толық көріп шықсаңыздар осы кинода бірдеңе бар. Сөздің құдіреті туралы. Шекспир. Ел алдында кіршіксіз өнердің әлеуеті любой әскеріңнен биік екенін көрсетеді.

Болар іс болды. Жаңаөзендегі жағдайды 86-дағы жағдаймен салыстырып жатыр. Арандатушылық дейді. 86 жылғы жағдайдың арты қайырлы болып, Азаттық алып берген болатын. Ал мынау жағдайдың арты не болар екен? Тек қайырлы болғай!
Әрі қарай

Осы орыстың оппозициясын көрсең, әуесің келеді...

Жаңаөзенде кінәлісі бар, кінәсізі бар, әйтеуір ондаған адам қырылды. Ресми дерек 14 адам өлді дейді. Оған сенім жоқ. Ешқандай үкімет өзінің қатысы бар оқиғадағы өлім мен жаралылар санын тура айтпайды. Бұл әлемнің демократиялы деген елдерінде де барынша жасырып-жабуға тырысатын әрекеттердің бірі емес пе?! Бірақ ол жақта үкіметтің арты ашылып қалады. Журналистер мен тәуелсіз сарапшылар тіміскілеп жүріп таппайтынды тауып алады. Ал бізде басқаша.

Куәгерлерге сілтеме жасаған оппозициялық және шетелдік БАҚ 50-70 адамның өлгенін айтып жатыр. Оларға да сенім жоқ. Қанша адамның өлгенін сіз бен біз біле алмайтын да шығармыз. Ақпарат майданында соғыс қызып тұр. Сенімнен жұрдай болған арналар мен газеттерге, мейлі ол мемлекеттік немесе оппозициялық болсын, ел сене бермейді.
Әрі қарай