Бағасын білсеңдер айтып жіберіңдерші!

Nissan Primera Р10, 1995 жылғы. Объемы 1.6.
Осы автокөлікке оң жақ привод алу керек болып тұр.
Аталған қосалқы бөлшектің Алматыдағы бағасын білетіндер бар ма? Құнын шамамен болса да айтыңдар? Бүгін! Алдын ала рахмет.
Әрі қарай

Заң не үшін?

Мәдениет туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 Заңынан

________________________________________
ҮЗІНДІ:
________________________________________

28-4-бап. Фильмдерді прокаттау тілі
1. Қазақстан Республикасының аумағында барлық фильмді прокаттау қазақ тілінде және басқа да тілдерде жүзеге асырылады.
2. Ұлттық фильмдерді прокаттау қазақ тілінде және қажеттігіне қарай басқа да тілдерде жүзеге асырылуға тиіс.
3. Прокаттау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (жеткізілетін) барлық фильмге 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақ тілінде дубляж жасалуға тиіс.
Кеше кинотеатрға барып келдім, қазақшаның исі де жоқ.
Әрі қарай

Әуе. Жер. Ғашық. Бірінші сезон финалы



"Әуе. Жер. Ғашық." сериалы қалай аяқталады деп сұрайтындар көп. Бүгін осы сұраққа жауап іздеп, қарап көріп едім. Сөйтсем сериал Түркияда әлі жалғасып жатыр екен. Яғни, әлі аяғы жоқ. Егер ең болмаса 1-ші сезон қалай аяқталады десеңіздер
Әрі қарай

Болливуд? Болливуд!!!

Бала кезімізде үнді фильмдерін көретін едік қой. Үнді фильмдерін көргеннен бұрын, мамамның өздерінің замандарындағы үнді фильмдері туралы аузының суы құрып айтатын әңгімелерін тыңдап өстім. Ол бір ертегіге бергісіз әңгімелер болатын: ауылдағы кинотеатр, орын жетпейді, бұл өмірде жоқ махаббат, қилы тағдырлар, Радж Капур, Наргис, Шаши Капур, Рекха… Өзгені білмеймін, өзіме қызық еді.
Әрі қарай

Демотиватор

Демотиваторлар, ұнар, яки ұнамас, негізгі идеясы әп-сәтте туған соң «шабытым ұстап» қалғанда жасаған едім
Әрі қарай

Ипотека несиесі клиенттерін жоғалтуда

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз өкілдігінің хабарлауынша елімізде ипотекалық несие түрі біраз төмендеген. Яғни халықтың осы несие қаржысын алу деңгейі нашарлауда деген сөз.
2012 жылдың қаңтар айында Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктердің «Несие нарығының қазіргі жағдайымен болжамдары» деген кезекті кварталдық есебін жариялады.
«Банктердің 13% ипотекалық несиелердің беруілуін жеңілдеткенімен, халықтың осы несиеге деген сұранысы жоғарламады. Бұл өз кезегінде, әлі де болса банктердің бастапқы жарна мен пайыздық үстемеақысының жоғарғы деңгейде тұрғанын көрсетеді. Бұл туралы Ұлттық банктің жұма күнгі берген ақпараттарынан көруге болады.Your text to link...
Ал тұтыну несиесі өз кезегінде 48% ға артқан… Жеке тұлғалар банктерден несие алуды әлде қайда бастап кетті.

«Банктердің 33% ипотекалық несиенің артқанын көрсетсе, 43% сұраныс деңгейінің сол қалпында қалғанын айтқан », — Ұлттық банк есебінде көрсетілген.
Негізгі тұтыну несиесі өз кезегінде тұрмыстық техникалар алуға, саяхат жасауға және оқу үшін алынған болып бөлінген.

«2011 жылдың IV кварталында банктердің 30% тұтыну несиесі бойынша несие саясатын сәл жеңілдетті. Бұлар ол саясатты: клиенттер базасының ұлғайуы үшін, несие беру коммиссиясын алмау үшін, картачкадағы несиені шешу үшін коммиссядан бас тарту сияқты іс әрекеттерге бара білді», — делінген Ұлттық Банк есебінде.
10 ақпан 2012 Ұлттық Банк
Әрі қарай