Болливуд? Болливуд!!!

Бала кезімізде үнді фильмдерін көретін едік қой. Үнді фильмдерін көргеннен бұрын, мамамның өздерінің замандарындағы үнді фильмдері туралы аузының суы құрып айтатын әңгімелерін тыңдап өстім. Ол бір ертегіге бергісіз әңгімелер болатын: ауылдағы кинотеатр, орын жетпейді, бұл өмірде жоқ махаббат, қилы тағдырлар, Радж Капур, Наргис, Шаши Капур, Рекха… Өзгені білмеймін, өзіме қызық еді.
Кейін, үнді фильмдері бұзылып кетті. Енді, бұзылғанда, жақсы фильмдер шығады ғой, әрине, бірақ бізге ең арзандары келеді. Сөйтіп, біздің көрерменнің үнді фильмдеріне деген сүйіспеншілігі маркетингтің құрбаны болып кетті.
Кейіннен кабельді телевизия жүйесінде «Индия» деген арна пайда болды. Жақсы фильмдерін көрсетеді. Мен біраз жыл ДХИ оқығанда, басты базалық пән сол канал болып еді. Сонда көрсеткен көп жақсы фильмдерді көрдім, көрсетпеген, бірақ сөз болғандарын торренттерден көшіріп алып көрдім.
Қазір солардың біразы туралы әңгімелеп көрейін. Бәлкім, сіздер де қызыға жатарсыздар. Менің «жосткі дискімдегі» тізім бойынша айтайын.
Aaja Nachle (Билейік). Диа есімді биші қыз бір кездері ата-анасын жерге қаратып шетелдік жігітпен қашып кетеді. Біраз жыл өткен соң, күйеуінен ажырасып, қызын өзі тәрбиелеп жүрген Дияға бір кездері өзіне би үйреткен ұстазы өлім аузында деген хабар жетеді. Ұстазының көзі жұмылған соң ғана туған қаласына бірақ жеткен Дия ол өзіне бір кездері өнердің ордасы болған Аджанта театрын аман алып қалуды аманаттап кеткенін біледі. Сөйтіп, сол қаланың өзінен труппа жинап, «Ләйлі-Мәжнүнді» сахналандырып, сол қаланың скептик тұрғындарына ән мен би өмірдің сәні екенін дәлелдеп, өзі де махаббатын жолықтырады. Басты рольде — соңғы жылдардағы ең сұлу үнді актрисаларының бірі, әрі теңдессіз биші Матхури Дикшит («Девдас»).
Мынау сол сахнадандырылған қойылым.

Менің компымдағы нұсқасы субтитрмен берілген, қойылымда не туралы айтылғанын біліп алғам.

Parineeta (Замужняя женщина). «Индия» арнасында «Ангел любви» деген атпен шықты. Өте әдемі, әсерлі фильм. басты рольдерде: Видиа Балан және Саиф Али Кхан (Менің сүйікті үнді актерларымның бірі). Кішкентайынан бірге өскен көршінің балалары Лалита мен Шекхардың махаббаты, махаббат пен ақша, билік, ашкөздік хикаясы.
Мынау үнді фильмдерінде революция болып саналатын эротикалық көрініс осы фильмнен.


Lagaan (Однажды в Индии). Фильмнің оқиғасы ХІХ ғасырда, ағылшындардың қоластындағы Үндістанның бір ауылында өрбиді. Аығлшындармен крикет ойнап, салықтан құтылмақ болған ауыл тұрғындарының жанкештілігі, махаббат, шаруалар өмірі… Әдемі де әсерлі фильм. Әсіресе, қыздар мен жігіттер болып айтысып, билейтін тұсы әсерлі. Басты рольде Аамир Кхан (әрі фильмнің режиссері де өзі). Жақсы кино түсірген!
Мынау сол Үндістан киноакадемиясының өзінің жергілікті «Оскарында» үздік ән және үздік ән қойылымы номинацияларын жеңіп алған «Радха қайтпек енді?» (Ка же быть Радхе?) атты қойылым.

Менің компымдағы фильмде бұрынғы өзіміз көріп өскен үнді фильмдеріндегі сияқты, әннің үстінен орысша өлеңдетіп дубляж жасалған.

Мой отец Ганди. Үнді ұлтының әкесі Махатма Гандидің өмірі, тағдыры. Ұлт қамыр жеген тұлғаның туған ұлынан алшақтап кетуі, баланың әкесін қызғануы, әкесіне қарсылық танытамын деп тура жолдан тайып кетуі, тіпті әкесін подставлять ететін қылықтар жасауы. Ютубта бұл фильмге қатысты видео жоқ екен, тек онлайн көруге мүмкіндік бар. Гандидің ұлының ролін бағанағы «Билейік» деген фильмдегі басты ер ролін ойнаған Акшай Кханна сомдайды.

Omkara. Шекспирдің «Отеллосының» үндіше нұсқасы. Осымен бәрі айтылған шығар. Бірақ бұл фильмдегі жұлдыздар шоғыры ерекше енді: Аджай Девган (Отеллоның өзі), Саиф Али Кхан (Яго), Карина Капур (Дездемона), Вивек Оберрой, Конкана Сен Шарма («Билейіктегі» Ләйлі болған қыз).
Мнау Отелло мен Дездемонаның тату кезі.

Жалғасы бар.
Бөлісу:

30 пікір

kokbori
Баяғыда көзімнің сорасы ағып, ырбиып көріп отырғанымды көзіме елестетсем, ұят жағдай екен. Қазір қызығы кетті ғой
dark_nazgul
«Родной ребенокты» алғаш телевизордан көрсеткенде, папамның давлениесі көтеріліп, жүрегі ұстап қалған.
kokbori
Соларды қазір көресің бе?
dark_nazgul
«Родной ребенок» ұнайды маған, Джитендраның жас, сұлу кезі ғой.  жаңаларын көремін. Жақсы кинолар шығып тұрады.
satibaldi
Шекспирдің «Отеллосының» үндіше нұсқасы.
Шешесс…
dark_nazgul
Әкессс…
satibaldi
«Шиваға аромашырағыңды жағып келдің бе, Дәмегүл?»???
dark_nazgul
Жағып келейінші, саибабаңдысссс
satibaldi
Қарабала үнді версиясында қатынын қалай пышақтайд дейм нақ?
dark_nazgul
Тұншықтырып өлтіред та
Gastarbaiter
саибабаңдысссс
Сатыбалдының немере ағасы ғо
Gastarbaiter
Шри-Шри-Масқарадж баба, Масқарадждан Мастұр баба, Мастұрдың тоғызыншы тоқалынан Сатья Саи баба, сегізіншісінен Пәтақтың сарысы, төртіншісінен Кербаба туған, Кербабадан Багратион, Багратионнан Сатыбалды
dark_nazgul

Шрила Прабхупатаның кітабында мұндай шежіре жоқ еді…
araika
Үнді фильмдерін билеріне қызығып қараған болармын. Бұрынырақта апта сайын беруші еді ғой. Бір-бірімен салыстыратын түгі жоқ, бәрінде бір сценарий сияқты.

Қазір қол үзіп, көз жұматын жағдайға жеткен соң ба, өзгелердің қызығушылығын аяққа таптаймыз Үйге келе қалса, «Индия»-ға қойшы деп отырғаны сол
kokbori
Соны айтам, невірім құрып кетеді үндіңдісссс
dark_nazgul
жақсы киноларын көрмей жүрсіңдер ғой.
«книгу не читал, но автора порицаю» сендердікі
meirzhan
Үнді киносында шедеврлер жетерлік. Мысалы, «Зита мен Гитаның» өзін алып қарайық.
Бірақ Көкбөрі айтпақшы, жүйкені құртатыны да бар. Әсіресе «Менің атым Кхандағы» болливудизмдер.
Gulzhanat
«Кама Сутра: История любви» дегенді жуықта ғана көрдім. Индира Варма жас кезінде түскен екен.Әп-әдемі эротикалық көріністер, әдемі қыздар) Интересный, содержательный, насыщенный емес, поучительный да емес, именно әдемі кинолар қатарына жіберген дұрыс қойдим. Аздап іш пыстырарлық болса да есте қалып қоятын қасиеті бар екен. Рекомендую
satibaldi
«Кама Сутра: История любви» дегенді жуықта ғана көрдім.
Типі, бізге заманауи боп көрінгің келіп отыр ма? Қиналмащ, өзіміз ғой нақ
kokbori
сен еді бала кезіңде көріп қойған шығарсың
meirzhan
Қоғам рухани қабылдауға дайын емес боп еді.
Gulzhanat
Кетш нақ (керекте осылай айта беруге болатыны қандай жақсы!!! Сөз таппаған кезде)
dark_nazgul
«Я — Бог» деген кинолары бар. Страшный енді. «Миллионер из трущоб» жолда қалады. Менде жоқ, орын босатып өшіріп тастағанмын.
Бірақ, рекомендую.
satibaldi
Менде жоқ, орын босатып өшіріп тастағанмын.
Сонда да 500 гигалық хард босқа шіріп жатыр дейсің ғой
dark_nazgul
 Ол хард келгеннен бұрын өшіргем десем, ақталғандай болам ба?
Gastarbaiter
«Я — Бог»
-Ипать, атауының өзі мен мұндалап тұр екен. Қарап көретін екен.
Анау кейде касса жинаған кинолардың соңынша атын ұқсастырып шығатын арзанқол поққа тұрмайтын бірдеңені «Властители Большого Пердежа», «Война Незасранных Галактик», «Вселенский бунт» деп атайтындар сияқты болмаса бопты.
dark_nazgul
бар екен, өшірмеппін, көрем десең — берем.
Karakyz
Үнді фильмдеріне аса қызығушылығым жоқ. Тек баяғыда бір фильмді қазақша аудармасында ТВдан көріп қалып, қатты ұнаттым, әсіресе әнін. Ағылшынша не орысша атауын білмей, әнді таба алмай жүр едім, жақында ютубтан әдейі іздеп таптым. Міне:


Атыс шабыссыз, топ болып билейтін артық көріністері де жоқ, общым ұнап қалды.
Karakyz
уупс, видео қою үйрене алмадым(((

www.youtube.com/watch?v=2H4uIuuBEzQ
ютубағы сілтеме
dark_nazgul
пікірге видео қою функциясы жоғалып кеткен сияқты шынымен