Әуе. Жер. Ғашық. Бірінші сезон финалы



"Әуе. Жер. Ғашық." сериалы қалай аяқталады деп сұрайтындар көп. Бүгін осы сұраққа жауап іздеп, қарап көріп едім. Сөйтсем сериал Түркияда әлі жалғасып жатыр екен. Яғни, әлі аяғы жоқ. Егер ең болмаса 1-ші сезон қалай аяқталады десеңіздер мына видеоны қарап көріңіздер:

Бөлісу:

30 пікір

alashaman
Ареке сен де сериал қарайсың ба не? Өткен жылы «Дениз» қашан бітеді?" деп блогқа бірдеңе шимайлай салғам, бітетін шығар деген ой ғой. Бірақ, әлі бітпеді. Түріктердің сериалдары да Санта Барбара болып бара жатқан сияқты. Алайда, өзім бірде біреуін қарамаймын. Жалғыз тв үйдегілер қарайды. Сосын Call of Duty соғуға тура келетін кезі болады
asaubota
қараймын, бірақ мындай арзан сериалдарды емес. қазір Кузей мен Гюней деген сериалды қарап жүрмін.

біздің сайтқа түрік сериалдары туралы іздеп көп келеді екен адамдар. сондықтан осындай тақырыптарды да секс тақырыптарын да шығарып тұруға мәжбүрмін

енді қайтеміз, сайт ұстап тұру оңай дейсің бе?
alashaman
Әрине, қалай болғанда да қоғамда бұл сериалдарға сұраныс бар. Айтпашы, Қазақстан телеарнасы ұлттық тарихи-патриоттық сериалдарға конкуср жариялады. Сценарийге. Корейдің Жу Монгтарына сұраныс осындай қадамға мәжбүрлеген шығар. Бәлкім, сайтта сен де «конкурс» жариялап қоярсың
asaubota
Айша, Болашақ сияқты шедевр сериалдардың сценаристері тұрғанда басқаларын іздеп не керек?
MINbala
you tube сайтынан қалай жүктейсіңдер маған айтыңдаршы0 қолымнан келмей койды…
asaubota
алдымен видеоның сілтемесін ал, мысалы мына видеонікі www.youtube.com/watch?v=YDMUxtTh8Yg&feature=player_embedded

сосын keepvid.com сайтына кір де осы сілтемені қойып, түсіріп ал қалаған форматыңда және көлемде.
madlen
Нервы қоздырғыңыз келсе, осы сериалды қараңыз! Хаваға да, Юсуфқа да жыным ұстайд. Тормозы деп күнде бір жыным ұстайд
satibaldi
Түріктің сериалдарын жиһаздары үшін қарайтын қатындарды білем.
madlen
Ну, хотя бы сол. Ал, мынаусында даже жиһаз да жоқ, неге қарайтынымды білмеймін
kokbori
Қонақ үйін айтсайшы, тіпті ауылды сүмірейтіп көрсететін біздің жылаңқы режиссерларды айналайын дедім
Gastarbaiter
Не тас жоқ, тақыр жоқ қу мекен Сексеуілде туған пақаным фантастиканы «табиғатын тамашалау үшін қараймын» деуші еді, иманы салауат болғыр.
Simona
Менiң мaмaм aтaды, үйдегi кухонкa турa Дениздегiдей деп. Мен aйтaм, Шудың мебельщиктерi Aнкaрaғa жетiп қойғaн бa деп
Simona
Мен түрiк сериялдaрын музыкaсы үшiн көрем.
alisha
Ауылдағы бір апамның: «Мәрттің үйіндегі құмыралар мен тарелкалар сендердегі Эвим деген магазинде толып тұр!» деп қуанғанын көріп, бір мәз болғам. Риза сондай!
aidarkaka
Нау кандай кино?
vebred
Уау, уау Ареке менің еңбегім зая кетпепті… (зацепила)!!!  Мен өте қуаныштымын)))
Ottegin
Дениз туралы шұбыртпалы сериалды көрсеткелі біраз уақыт болды, сол серияларының санын дәл білетіндер бар ма?
Gulistan
Сериал тым шұбалаңқы болып кетті.
Топырақ та ғашық бола бастаған ба Юсуфке? Ал Юсуфте түк романтика жоқ.
Менің ұнатып қарап жүргенім — КТК дағы "Қайран заман" сериалы. Саундтректері сауатты, актерлері әдемі.
Dinara
"Қайран заман" жақсы сериал Гүлстан, көруге тұрарлық. Өзім анда санда қараймын, басты рөлдегі әйелдің рөліне ырзамын.
Albasty
Ой, киноңдыссс, сериал дегенді «Шайнамаң» деп атасақ қалай болар еді? Сағызша сзылған бірдеңе ғой.ҰСЫНЫС!!!
Gulistan
Бұл сериал аптасына екі рет — бейсенбі және жұма күндері көрсетілетін болып жүр. Тым созылып кетті.
kayipruh
бұл Дениз Түркиенің өзінде де бітпей қойған бірдеңе аптасына 1-2 сериалын түсіріп қояды, біздің алғашқы Перекресток-ымыз сияқты жылдaрғаааа созылатын түрі бар
GulL
Осы сериал баяғыдағы Мануелла деген сериал сияқты болып кеткен сияқты
bi2
Жок, мен сүйіп қарайтын едім, жұмысымның уақыты ауысып соңғы жағын көре алмай қалдым. блин…