Мама

мені дүниеге әкелген адамның туған күні бүгін.
апдейт. Ол 17 жасында әкеммен тұрмыс құрған. 8 баланың анасы. 17 немересі бар. шөберелері де бар уже. типографияда әріп теруші болып істееген. алатын пенсиясы інімнің зарплатасынан көп :)








Мен саясаттанушы болғым келмейді!
Мен журналистикаға келемін деп ойлаған емеспін. Бір күні үйде теледидар көріп жатсам «Облыстық телеарнаға жүргізуші қажет» (Шымкент облысы – авт.) деген хабарландыруды көріп телеарнаға кастинге бардым. Барсам 50 шақты адам жүр. Біреуі өлең, біреуі мәтін жазып келген, қызу дайындық үстінде. Мен олай келу керек екенін білмеймін… Сол жерде сөреде жатқан газетті алдым да менің кезегім келгенде хабарландыруларды оқыдым. Соны оқып, әйтеуір телевидениеге өтіп кеттім. Бірақ 3 күн тәжірибеден өткеннен кейін мені шығарып жіберді. Кастингтен екі жігіт өткен едік. Менімен бірге өткен жігіт бұрын радиода істеген еңбек өтілі бар жігіт екен соны жұмысқа алды. 3 айдан кейін ол аяқ астынан жұмыстан шығып кетіп, мені қайта шақырды. Сөйтіп телевизияның қызып жатқан қазанына түсіп кеттік…«Аян. Дала аңыздарының» жаңа маусымы болмайтын болғаннан соң сол ұжымыммен «Кім білгенді» алдым.


«Кім білген?» ерекше бағдарлама.Кез-келген арнада арнайы репортаждар болады. Бірақ «Кім білгенді» ерекше деп айтуға толық құқым бар. Өйткені біз кез-келген тақырыпты көрерменнің көңілінен шықсын деп оқиғаны арасында ойнатып, кейде күлдіріп, кейде жылатып жеткізіп жатамыз. Ондағы ойымыз көрермен біздің хабарды көрген кезде камераның арғы жағында оператор емес өздері болып, оқиғаны көріп, мәтінін жазған журналист емес өздері сонда тұрғандай сезінсін деген ой болды. Одан кейін кез-келген тақырыпты ол ауыр тақырып болсын, жеңіл тақырып болсын адамды терең ойландырып жіберетін емес, кез-келген дүниені жеңіл қабылдап, тез қорытып, ішінен өзіне қажеттісін сіңіріп алсын деген ой болды. Соның арқасында болар басшылар біздің ұжымның жұмысын жоғары бағалап, «Кім білгеннің» екінші маусымына тапсырыс беріп отыр. Құдай қаласа келесі жылы жаңа 31 серия түсіргелі жатырмыз. Осы жерде көрермендерімізге өздерін қызықтыратын тақырыптар болса бізге телефон, электоронды почта, хат арқылы хабарласып жатса, біз оны түсіруге өте қуанышты болатындығымызды айта кеткім келеді. Сонымен қатар, келер жылы көптеген көрермендеріміздің сұрауы бойынша «Аян. Дала аңыздарының» үшінші маусымын түсіру ойымызда бар. Әзірше ол қалай болады, қайда түсіріледі белгісіз. Тағы да көрермендерімізге осы «Аян. Дала аңыздарының» үшінші маусымын қандай етіп көргілері келетіндігін хабарласып, өз ұсыныстарын айтса деген тілегіміз бар екендігін айта кеткім келіп отыр.
Біздің ұжымда 14-ақ адам бар.

«Кім білгеннің» кейбір бағдарламалары 2-3 ай түсірілді.

«Кім білген?» мені бір сатыға өсірді.Бүгінгі күні біздің өміріміздегі ең басты дүниелердің бірі ақпарат қой. Ақпарат деген жан-жақтылық. «Аян. Дала аңыздары», «Кім білген?» жобалары арқылы дүниетанымым кеңейді, көп нәрседен ақпарат алдым, көп адамдармен жақын таныстым, журналистикалық бағыт бойынша өстім, жаңа бір сатыға көтерілдім деп айта аламын. Ең бастысы өзіме ұнатын ұжыммен бірге жұмыс істегеннен рахат таптым.


















Салауатты өмір салты денсаулық үшін керек. Тәрбие болады. Бала спортқа қатысса, далада жүрмейді. Іііі… Боғауыз айтпайды. Жауапкершілігі болады, үлкендерді сыйлайды. Екінші сұрағыңа келсек, салауатты өмір салты жалғыз спортта емес. Оған деген дұрыс тамақтану мен ұйқы керек. Ата-анасының тәрбиесі керек. Сосын… спортта темекі шегеді дей ме, насыбай атады дей ме, сыра ішеді дейді ме, ондайға мен тіпті қарсымын. Спортты ондай нәрсеге қосуға болмайды мүлдем. Жаттықтырушы боп жүргеніме он жылдай болды. Оған дейін жас кезімнен бастап футбол ойнадым осы қалада. Байқоңыр құрамасында ойнадым. Бала кез келген спортқа бара беру керек. Тамақты мезгілімен ішуі керек. Сабағын жақсы оқуы керек. Сосын әке-шешесін, үлкендерді сыйлауы керек.
Жалпы, бірінші сұрақ ретінде салауатты өмір салтының мәнін, қаншалықты қажет екенін алдым да, келесі екі сұраққа: салауатты өмір салтының спортқа ғана байланып-байланбағанына, спортта жүрген ішіп-шегетін жастарға байланысты пікір керек еді. Стадионға барып, бокс бапкері Айбек ағайдан салауатты өмір салтының мәнін сұрадым. Әлбетте, мұрнына диктофонымды тақай алмадым…Салауатты өмір салты адамға жауапты болуы үшін, дені сау, дұрыс жолдағы адам болуы үшін керек. Бокспен 18 жыл айналысқам. Байқоңырға келгеніме екі жыл болды. Спортта жүрген темекі шегетін жігіттер белгілі бір мерзімге дейін ғана шыдайды, әрі қарай қалады. Мына он екі баланың арасынан екі-үш боксшы шықса да жетеді. Кейде табиғатынан талантты боксшылар болады. Олар ішіп-шексе де, спортта жетістікке жетеді.Суретке түсіруімнен, тегін жазып алудан күдіктенді, келісім бермеді. Бұл да сақал-мұртыма америкалық үлгіде қайта-қайта қарай берді. Өзінің шашы өсіп кетіпті. Бір кезде белсебетпен тағы бір жаттықтырушы келе қалды. Қазбек ағай екен. Бұл кісі диктафонға жауап беруден мән таппады. Мен де есімде қалған сөздерін келтіріп отырмын. Иә, сөйтіп, ол кісі темекісін шеккен күйі:
Не үшін керек дейсің бе? Өзің нашақор адам мен спорт адамын салыстырып көрші. Салауатты өмір салты деген тек қана спорт емес. Балыққа бару, тауға шығу, демалу, саяхаттау т.б. салауатты өмір салтына жатады. Өзім темекі шегем. Бірақ бізге қазір ол аса маңызды емес. Темекі шекпегенмен, спортқа икемі жоқ адамдар да болады.
Есте сақтау қабілетімнің әлсіздігі тағы бір мәрте күмілжіте түсті. Сөйтіп, бірінші күні салауатты өмір салтының мәнін қайыршыға тиын тастағандай тапқандай болдым. Салауатты өмір салты адамның жан саулығы үшін, жауапкершілігі жоқ жерден дүниәға шыр етіп келе қалуы үшін, тәрбиелі болуы үшін қажет екен. Дегенмен, салауатты өмір салты «бар» болса, неге жастар арасындағы бұзақылық, ішіс пен шегіс, т.б. қиянаты бар нәрселер көп деген сұрақ туындап отыр. Шыны керек, «түсік жасатуға» да келмеді. Ал ішу арқылы адамның денсаулығы жақсара түспейтініне ауладағы Қырғызбай алқаш мысал.
Қол күресі стадионның шығыс трибунасында өтіп жатыр екен. Қайда барсаң да Қорқыттың көрі. Бұл жолыма сақал-мұртыма орыс (көше жағалап жүретін) полиция қызметкерінің көзі түсті. «Жағы» сынған Lenovo-м ішінде «жүзіп жүретін» сөмкемде не бар екенін сұрады. Қай террорист өзінің сөмкесінде жарылғыш заттардың, қару-жарақтың бар екенін айтады? Мақұл, сөмке тексеру — оның қызметі. Ішке кірсем, халық деген «ығы-жығы». Отыратын орын таппадым. Амал қалмай, сайысты суретке түсіруіме тура келді. Білем, «Виза 2» каналының операторы мен журналисі менің қолымдағы Grans Duos-ты көріп, күлкіден «жер жастана» жаздады. Үстел үстінде медальдар мен мақтау қағаздары жатты. Ал орындық үстінде Демидов Сергей Петрович қатысушыларды бақылап, қағазға оқушылардың ұпайын белгілеп отырды. Иә, бұл деген 65, 75, 85 кг салмақтағы оқушылар арасындағы қол күресі болатын. Ал 16 қараша күні үлкендердің қол күресі өтеді екен.
Сайыс мәресіне тез жеткендей әсерде қалдырды. Әлбетте, арасында үзілістері де болды.
Керек болса, мінеки, сергіту сәті:

Жақсы ма сол ал енді?Әуелі Маралбек Сағынғанов зина туралы сыр шертедіЖоқ, қиялдамаңдар, Зина деген көңілдесі болмапты, өкінішке орай. Нина, Валентина, тіпті Күлайна деген бұтсеріктері де болсашы! Ноу, найн, нема.Эльвира Ерғалина ұл-қыздардың сексуалды толғаныстарын 16+ оқырманға ұсынадыЕуропа плюстің әуенімен «Он алты плююююс» деп созып барып, бастап оқиын жазбаңызды. Әйгерім Кеулімжайдің акушер-гинеколог Гүлбану Құсайынованың пікіріне сүйене отырып, вумбилдингтің денесінен
тірі организм шығарып көрген әйелдерге панацея екенін дәлелдейді.Жазба тілі… Мына тақырып аясында тіл жайлы айту да біртүрлі екен. Жазба стилі жинақы, артық-кемі жоқ.
Сосын біресе көтеу, біресе геморрой деп бейстандарттап кеткеніңіз не? Брр, жарайды, қайсысы болса да онша емес сөз. Асқар Базарбай секс туралы біз сенетін 6 өтіріктің (+18) құйрығы бір-ақ тұтам екенін жазады. Құйрығы бір-ақ тұтам. Құйрығы. Уахаха, онша секси емес, жыпырылған бірдеңе десейші.
