Кенеттен басталатын әңгіме болады. Бірден диалогтан, айқайдан, не кісі өлімінен басталатын. Жазу өнеріне көбіне арзанқол қатындар жиналатын әдеби салондарда машыққан Гектор Мағауин болса, эксперименттен экспериментке ұрынып жүріп, кенет шорт бітетін әңгіме жазуды шығарған ептібайымайдтың нақ өзі… Мал әкеңң...
—
Қожайыным жақсы. Қожайыным жаман.
Жақсы дейтін себебім, көрші малшылар сияқты жуындысын — үргеніңе, айтаққа ергеніңе қарап құймайды. Ақтөс, Ақмойнақ, Бөрібасар және маған үнемі итаяғымызды кенересінен келтіре, тасытып құяды. Қолтығымның қоңынан, күжірейген жонымнан күйлі ит екенімді көріп тұрсың ғой нақтың, несін айтайын. Жұрттың иті жемтік іздеп тіміскілеп жүргенде, көлеңкеде маужырап жататын ит болдым, айтып-айтпай не керек, шешесстің.
Жаман деуге жалпы қимаймын. Бірақ әңгіме басында жаман да жері бар дегендей болдым ғой. Ит қорыған жеріне өш деп, қожайынымның ұлттастары рас айта ма деймін, ендеше неліктен айтпасқа.
Біріншіден, маған есі дұрыс есім бұйырмады. Сартөбет дей салып еді, ақыры солай кеттім. Шынымен сарымын, шынымен төбетпін. Бірақ басқа иттер сияқты — қасиет-қадіріңе байланысты есімің болғанын қалайды екенсің.
Екіншіден, қожайыным… зоофил. Ал төрт иттің ішіндегі ұрғашысы тек менмін…
Алматыда Дүниежүзілік Түркі құрылтайы жоғарғы кеңесінің «Интеграция – дамудың алғышарты» тақырыбында отырысы өтіп жатыр. Отырысқа түркі халықтарының өкілдері қатысып, түркі халықтарының рухани-мәдени саласындағы өзекті мәселелерді талқылауда. Отырысты Талғат Әбдіжаппаров басқарып, жүргізуде. Бұл отырысқа Башқұрт, Хакас, Тува, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Кипр, Саха елдерінен келген түркітанушы ғалымдар, қоғам қайтаркелері қатысып жатыр.
2 шілде күні Қырғызстандағы Шолпан Ата қаласында орналасқан Шыңғыс Айтматов атындағы «Рух Орда» мәдени орталығында өтеді деп жоспарланған Дүниежүзілік Түркі халықтарының құрылтайы мәдени орталыққа бомба қойлығаны туралы телефоннан түскен жалған террорлық хабарламаның кесірінен өтпей қалған еді. Осылайша, 21 елден делегат жинап, құрылтай өткізуді өз мойнына алған Қырғыз елі өз жауапкершілігін атқара алмай, атаулы жиын басталмай жатып, тығырыққа тірелді. Осындай сәтте құрылтайға барған қазақ делегаттары және «Аттила» көшпенділер мәдениетін сақтау орталығы» қоғамдық қоры құрылтай жоғарғы кеңесінің ресми отырысын Алматыда өткізу жайлы бастама көтерді. Бастама алыс-жақын шетелдерден келген делегаттар тарапынан қолдау тауып, әр елден келген делегация өз орталарынан өкіл таңдап, Алматыдағы жиынға аттандырды. Осылайша, бүгін Алматыда құрылтайдың жоғарғы кеңесінің отырысы өз жұмысын бастады. Кеңес жұмысы екі күнге жалғасады делініп отыр. Қырғыз елі тарапынан тығырыққа тірелген құрылтайды құтқарып, делегаттарды Алматыға әкеліп күтіп, ресми отырысты өткізіп жатқан Қазақстанға түркі халықтарының өкілдері алғыстарын жаудырып, тарту-таралғыларын жасады. Қазіргі уақытта кеңес отырысы 2018 жылы Қазақстанда өтеді деп жоспарланып отырған «Дүниежүзілік түркі ойындары» жобасын талқылап, түркі ойындарының мән-маңызын делегаттарға түсіндіріп, әрбір түркі халықтарына тән ойындар жайлы жан-жақты мәлімет айтылып, талқыланып жатыр. Бұдан соң «Аттила» атты дүниежүзілік көшпенділер орталығын құру жобасы талқыланбақ.
Кеңес отырысында 2018 жылы Қазақстанда өтеді деп жоспарланып отырған «Дүниежүзілік түркі ойындары» жобасын президент Н.Назарбаевтың қолдап, Астанадан түркі ойындарын өткізуге арналған нысан салуды тапсырғаны айтылды. Қазақстан президентінің бұл қолдауын түркі халықтарының өкілдері үлкен ризашылықпен қабылдады.
Ұйымдастырушылар кеңес отырысының екінші күні Астанада өтеді деп отыр. Астанада құрылтай делегаттары EXPO көрмесін аралап, Қазақстан президентіне арнайы сыйлық табыс етеді деп күтіліп отыр.
Дүниежүзілік түркі халықтары құрылтайының жоғары кеңес отырысында талқыланып жатқан мәселелерді және фотосуреттерді құрылтайдың facebook-тегі парақшасынан көре аласыздар.
Соңғы уақытта Сирияға әскер жіберу туралы әңгімелер ақырырндап шыға бастады. Мен бүгінгі жазбамда нақты Сирияға қатысты болмасада, әлемнің ыстық нүктелерінде болып жатқан әскери қақтығыстарға еліміздің әскерін жіберудің дұрыс бұрыстығы туралы сөз қозғап өтетін боламын.
Басынан тоқталар дүнием ол әскер дегеніміз бір жылға отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар емес, келісімшарт бойынша немесе жалпы отан қорғау саласында нақты қызмет етіп жүрген азаматтар. Дәл кәзір Ауған соғысындағыдай жас балаларды жіберу қажеттілігі жоқ, дегенменде еліміздің негізгі әскерін «соғыс» аймақтарына жіберу позициясын қолдаймын. Көптеген адамдар ол соғысқа біздің қатысымыз жоқ, босқа сарбаздарымыз құрбан болады деген пікірлермен мен толықтай келісемін, бірақта бұның пайдасы өте үлкен секілді. Мен пайда дегенде әлем алдындағы бедел, бейбітшіліктің насихаты, адам құндылығын сақтауға қосылған үлестерден де орасан үлкен пайда туралы айтқым келеді. Ол — Тәжірбие. Иә, біздің әскерлер арнайы оқу жаттығудан өткен, көрші елдермен немесе дос елдермен бірге тәжірбие алмасқан деп айтуларыңыз мүмкін, бірақта соғыс беретін эмоция мен жағдайлардан келетін тәжірбие ол мүлде бөлек. Ойлауларыңыз мүмкін бізгі соғыс қаупі қатты төніп тұрған жоқ, бізге тәжірбиенің қажеттілігі қанша деп. Біріншіден соғыс деген аяқ-аятынан туындайтынын бәрміз көрді (құдай бетін әрі қылсын әрине), екіншіден одан қауіптілік болмаса жалпы әскер ұстау қажеттілігі қандай деп ойлаймын да))Елге әскер керек ел қандай тыныштықта болсада, және ол әскер қуатты болуы тиіс. Ал әскер қуаты тек қару мен дайындықта емес тәжірбиеде. Әйтпесе біздің сарбаздар Алматылық бір "әумесерге" қауқар бере алмай оққа ұшады, неге жалғыз Челах 15 жігітті өлтіреді (бұған сенбеймін негізі), неге елге сәл ғана терорлық қауіп төнсе қорғаушыларымыз қарсылықты шығынмен көрсетеді? Бұның бәрі тәжірбиесіздік теп ойлаймын. Бұл кішкене қауіптер, үлкен қауіп төнсе қайтпекпіз. Осы себептенде әскеріміздің біразы болсада Сирия сияқты аймақтарға барып тәжірбие жинақтап қайтқанына қарсы емеспін. Сарбазымыз кетсе іштей аман оралуын тілеп отырар ел жұрты. Және жібергендеде өлімге оңай бас тікпейтін сарбаздар баратынынада күмән жоқ. Ал бұл дегеніміз елдегі ішкі дайындық тағыда жоғарылай түседі деген сөз. Тағы бір артықшылық бұндай операцияларға әлем көз тігеді және осы арқылы ел әскерінің қуатында байқата аламыз. Әйтпесе неге ірі елдер сол шағын елдер үшін шыр-пыр болып жүр деп ойлайсыз. Әскер қуаты парадтарда емес осындай майдандарда көрінетіні айқын. Ал қуатты елмен әлемде санасары сөзсіз. Бәрі жақсы бірақ сарбаздарымыз құрбан болу мүмкіншілігі бар екені қорқытады. Сіз не дейсіз? Бұндай тәжірбие қажетті ме? Жалпылай елімізде де әлемде де тек бейбітшілік болып, әскер қажеттілігі аз болуын тілейміз!!!
Астаналық әкімдік жарықпен қамтамасыз ету және құрылысты үлескерлікпен салу, оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалар баратын мекемелердің тығыздығы мәселелері, сондай-ақ жедел оқиғаларға қатысты Елбасының тапсырмасын іске асыруға белсенді кірісті.
Естеріңізге сала кетейік, 28 маусымда Әсет Исекешев Елбасының қабылдауында болды. Кездесу барысында Президент елорда тұрғындарының тіршілік әрекетіне байланысты бірқатар тапсырма берді.
Мемлекет басшысы елорда тұрғындарының саны күннен күнге көбейіп келе жатқанын баса айтты, осы орайда оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балаларды білім ордасымен, балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін тілге тиек етті. Әсет Исекешев биылғы жылдың сәуір айында Астана қаласының дамуы бойынша өткен кездесуде берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп берді. Президент пен шаһар басшысының кездесуі кезінде сондай-ақ қаланың инфрақұрылымы мен құқықтық тәртіпті жақсарту жөнінде сөз болды. Президент үлескерлікпен салынатын құрылыс мәселесін де сырт қалдырған жоқ.
Астана әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданың бірқатар экономикалық даму көрсеткішінің өсімі туралы және әлеуметтік салада жағымды серпіннің орын алғаны жөнінде айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы атқарылған жұмыстың нәтижесін атап өтіп, елорданы дамытуға бағытталған жұмысты жалғастыруды тапсырды. Оған қоса қалада халық санының өсуі мен көші-қон процесін бақылау жөнінде сөз болды. Президент елордада мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын-үйлерді үлестіру жүйесін тәртіпке келтіруді тапсырды.
Әкім қаладағы жағдайды айта келе, көш-қон процесінің жоғары қарқынына қарамастан, ағымдағы жылдың 5 айында қылмыстың жалпы саны (18 314 оқиғадан 15 122-ке дейін) 17,4 пайызға төмендегенін атап өтті. Адам өлтіру, зорлау, тонау, ұрлау, алаяқтық, күшпен тартып алу және көліктерді алып қашу сияқтыауырлығы орташа, ауыр емес және аса ауыр қылмыстардың саны қысқарды.
Ағымдағы жылдың 5 айының қорынтындысы бойынша ұрлау оқиғалары (9 727 оқиғадан 8 943-ке дейін) 8,1 пайызға төмендеді, оның ішінде пәтер ұрлығы 10, 9 пайызға (992 оқиғадан 884-кедейін) азайды.
Әкім өз сөзінде елордамызда азаматтарды тіркеуде жағымды қарқын алғанын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, бұған дейін елордада негізінде сол жекен-жай бойынша тұрмайтын және пәтер иелерініне ешқандай туыстық қарым-қатынасы жоқ жүздеген азаматтарды бір пәтерге тіркеу мәселесі өткір мәселелердің бірі болса, бүгінде ол оң шешімін табуда. 2016 жылы осындай тіркелімнің 200-ден астам оқиғасы анықталған. Тіркеуде жауапкершілік арттырылған соң, бұндай пәтерлердің саны күрт азайды. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.
2017 жылдың сәуір айынан Астанада көші-қон және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері есебінен мобильді топтар құрылып, жұмыс істеуде.
Бүгінгі таңда 561 мекен-жай тексеруден өтті. Негізінде сол пәтерде тұрмайтын, бірақ құжат бойынша тіркеуде тұрғаны үшін 81 үйдің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Пәтер иелерінің өтініші бойынша, 13 002 азамат тіркеуден алынды.
Қала басшысы елордада көші-қон бақылауда екендігін және заңсыз көші-қон мәселесіне аса ден қойылатынын атап өтті.
Қазіргі уақытта Астанада ресми статистикаға жатпайтын 77 мың шетел азаматы және шамамен 200 мың азамат уақытша тіркелген.
Қала әкімдігі мектеп пен балабақшаларда оқушылар мен балғындардың көптігі мәселесі кешенді түрде шешілуде.
Қалада 130 542 оқушы оқитын 95 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Олардың 84-і мемлекеттік мектеп, онда 126 917 бала оқиды, 11-і жеке мектеп, онда 3 625 оқушы білім алады. 2016-2017 оқу жылында қаланың 27 мектебінде оқушылардың саны белгіленген есептен көптігі сақталған, оның 3 білім ордасында үш ауысымды сабақ жүргізілген. Осылайша 9 588 оқушы орны жетіспегені байқалды.
1-ші сыныпқа келген оқушылардың саны (болжам бойынша 22 000 оқушы) күрт өсуіне және көші-қонға (болжам бойынша 4 500 оқушы) байланысты, 2017-2018 оқу жылында болжам бойынша 17 мың оқушы орны жетіспей қалуы әбден мүмкін.
Осыған байланысты 2017-2018 оқу жылында 2600 орынға арналған жапсарлас салынған 5 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Қазіргі уақытта 11 100 орынға арналған 10 мектептің құрылысы басталды, ол 2018 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
2018-2019 жж. салынатын 13 мектептің жобасын жасау жұмысы жүргізілуде. Елордада 263 мектепке дейінгі мекеме, оның ішінде 96 мемлекеттік және 2 ведомствалық, 116 жеке және 49 шағын орталық жұмыс істейді. 2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, 3-6 жас аралығындағы 33 240 бала мектепке дейінгі мекемеден орын алу кезегінде тұр. Мектепке дейінгі балалардың саны туу мен көші-қон көрсеткішінің жоғары деңгейіне байланысты артып отыр. Күн сайын балабақша кезегіне орташа есеппен 90 бала тұрады (60-70 сәби дүниеге келеді, 20 бала көші-қон есебі арқылы).
2017 жылы 480 орындық 2 мемлекеттік балабақша, МЖС аясында 720 орындық 3 балабақша пайдалануға беріледі. Сондай-ақ балабақшаларды салу бойынша жеке серіктестерді анықтау жөнінде байқау өткізілді. Қазіргі уақытта 2019 жылы пайдалануға берілетін 1 680 орындық балабақша бойынша 6 жоспар іске асырылуда. Білім басқармасымен жыл сайын мемлекеттік тапсырыспен 10 000 орындық жеке балабақша ашу жоспарлануда.
Астана қаласының күннен күнге өсіп келе жатқан тұрғындарын жарықпен қамтамасыз ету үшін 2010 жылдан бастап «Астана қаласында ЖЭС-ның құрылысы, 1-ші кезек» жобасы іске асырылуда. Оның құрамына суды жылыту қазандығы, ЖЭС-3 барлық инфрақұрылымы, теміржол стансасы, ішкі және сыртқы инженерлік жүйелер, су беру нысандары, 1-ші көтеру сорғысы, 480 Гкал/сағатына қуаттылығымен әкімшілік ғимараттар кіреді.
Бүгінде су жылыту қазандығы ғимаратының құрылысы, 4 су жылыту және 1 бу беру қазандығының монтажы, теміржол және көлік бағыты, мазут шаруашылығы, негізгі ғимараттар мен құрылымдар, ОРУ және релелік қалқанның монтаждау жұмыстары аяқталған. ЖЭС құрылыс дайындығы 70 пайызды құрайды.
Барлық жөндеу жұмыстарының аяқталуы және ЖЭС-3 іске қосылуы 2018 жылға жоспарланған.
Әкімдік үлескерлікпен салу мәселесін де бақылауда ұстап отыр.
Қазіргі уақытта әкімдік, прокуратура, ішкі істер және мемлекеттік кірістер органдарының жоспарлы жұмысының нәтижесі бойынша, тұрғын-үй құрылысына үлескерлікпен қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның аясында күрделі нысандардың саны тек соңғы жылда 67-ден 52-ге азайды.
Ведомствоаралық комиссияның мүшелерімен заң аясында нысандардың құрылысын аяқтауға септігін тигізу ынтымақтастығы жүргізілуде.
Бүгінгі күні бұл бағыт бойынша 44 ТҚК жұмыс істейді, оның ішінде ТҚК-де нысандарды және жер учаскесін беру жөнінде 18 нысан бойынша соттың шешімі бар.
Ведомствоаралық комиссия атқарып отырған жұмыстың аясында 2015-2017 жылдар аралығында 100-ден астам нысанда тұру үшін баспананы заңсыз пайдалануға беру оқиғалары анықталды, бұл тұрғыда баспананы салушыларға қатысты шара қабылдау үшін құқыққорғау органдарына арыз берілді.
Атқарылған жұмыстың нәтижесі бойынша, 2016-2017 жылдары 25 алақол салушыға қатысты кәсіпкерлікпен заңсыз айналысу және алаяқтық фактілері бойынша 22 қылмыстық іс қозғалды. Құрылыс жүргізушілердің активтері құрылысты аяқтау үшін үлескерлерге өтті.
«Азбука жилья» АҚ-ның 9 күрделі нысаны бойынша «Орда Инжиниринг» ЖШС-нің басқарма компаниясына активтерді беру аяқталды. Қазіргі уақытта «Орда Инжиниринг» ЖШС тұрғын-үй кешендерінің құрылысын қайта қалпына келтірді.
Сот «Тамыз Инвест Групп», «Төленді» «Номад Құрылыс-ЭК» және т.б. құрылыс компанияларының басшыларына қатысты істерді қарастыруда.
Қала әкімдігінде Бас прокуратура, Құрылыс істері жөніндегі комитет, Құрылысшылар ассоциациясы, қалалық құқыққорғау органдары және кепілдендірілген тұрғын-үй құрылыс қорының өкілдері қатысқан құрылыс компаниясының 150 басшысымен кездесу өтті. Кездесу барысында әкімдік пен тұрғын-үй құрылысы қорының тарапынан берілетін рұқсат құжаттарынсыз салынған баспананы пайдалануға беруде туындайтын қылмыстық жауапкершілік жөнінде айтылды.
«Тұрғын-үй құрылысына үлескерлікпен қатысу жөнінде» Заңына сәйкес, баспананы сату жөнінде жарнаманы үлескерлерді тартуда әкімдіктен рұқсат алған немесе кепілдендіру қорымен келісімшарт жасасқан құрылыс жүргізген компания ғана бере алады.
Бүгінде 7 компания рұқсат алған.
Қорытындылай келе, әкім өз сөзінде атап өткендей, бұл бағытта жұмыс жалғасуда және ол әкімдіктің қатаң бақылауында болады
МӘМС қорының рейтингі бойынша тұрғындарды ақпараттандыру бойынша Астана 4-ші орында.
Бүгінгі таңда 875 638 ересек тұрғындардың 118 325-і ақпараттық-түсіндірме жұмыстарымен қамтылған (13,5%).
Бұдан бөлек, Астанада жыл басынан бері алты мыңнан астам кездесу өткізілген. Қалалық жұмыспен қамту басқармасының қолдауымен елорда кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылған және зейнеткерлік жарна төлемейтін тұлғалар ақпараттандырылған. Олардың барлығы МӘМС бойынша түсіндірме жұмысымен қамтылған.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қаланың алып кәсіпорындарында түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша «Қазақстанның 500 ірі кәсіпорындары» акциясын ұйымдастыруда. Жақын арада Астана қаласының 76 ірі кәсіпорнында акцияны өткізу жоспарлануда.
Елорданың медициналық мекемелері «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында МӘМС бойынша өткізілетін ақпараттандыру шараларына қатысады.
Сонымен қатар адамдар көп жиналатын орындарда: базарларда, сауда ойын-сауық орталықтарында, т.б жерлерде жұмыстар жүргізілуде.
Бұдан бөлек, подъездерде жабыстыру үшін парақшалар басып шығару дайындалған. БАҚ-да 358 мақала жарияланды. 69 қоғамдық орында аудио-видеороликтер ротациясы жүргізілді. Таратылған баспа өнімінің көлемі 47 мың дананы құрады.
Бүгінгі күні Алматы облысының «Нұр Отан» партиясы нақты әлеуметтік топтарға бағытталған 7 жобаны жүзеге асыруда. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.
«Бақытты отбасы — бақытты балалық шақ» жобасы аясында 448 іс-шара ұйымдастырылды. Жоба аясында «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы облыстағы балалар үйлерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Балалар үйі жанынан құрылған қамқоршылық кеңестің құрамында партия белсенділері мен мәслихат депутаттары енгізіліп, балалар үйінің өзекті мәселелерінің талқыланатыны айтылды.
«Мектеп және арнаулы оқу орындарының түлектерін, балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші мекеме басшыларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Облыстық партия филиалының ұйымдастыруымен «Айналайын» балалар үйінің 25 тәрбиеленушісі халықаралық көрмені тамашалауға мүмкіндік алды. Бұл шараға партия белсендісі, облыстық мәслихаттың депутаты, партиялық куратор Касанов Усейн демеушілік көрсетті», — деді «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлнар Қожағұлқызы.
«Бақытты отбасы — бақытты балалық шақ» жобасы балалар үйлерінің тәрбиеленушілер мен түлектерін, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары бар аз қамсыздандырылған отбасыларын практикалық көмек көрсету жұмыстарына жұртшылықты тарту мақсатында жұмыс жасайды.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Алғашқы көмек көрсете білу тек төтенше жағдайлар мен табиғи, техногендік апаттар болған кезде ғана емес, күнделікті өмірде де керек. Адам жанын сақтап қалу жолдары туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Қызыл Ай Қоғамының өкілі ақпарат берді.
«Статистика Агенттігінің деректеріне сүйенсек Қазақстанда былтырғы жылы жазатайым оқиғалар нәтижесінде, улану және жарақаттанудан 16 мыңға жуық адам қаза тапты. Осы зардаптардың алдын алу мақсатында Қызыл Ай қоғамы құрылған. Қоғам адамдарға алғашқы дұрыс көмек көрсетуді үйретеді», — деді ҚР Қызыл Ай Қоғамының алғашқы көмек көрсету тренері Негметжанова Мариям.
ҚР Қызыл Ай Қоғамын бірінші болып І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті қолдады.
«2015 жылдың мамыр айынан бастап І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде жер сілкінісі, жол үсті апаттары және үйде жарақат алған кездерінде алғашқы көмек көрсету орталығы ашылды. Орталықта Қызыл Ай Қоғамының көмек көрсетуді оқытатын волонтерлер қызмет етеді. Сабақтарды сапалы деңгейде тәжірибелі жаттықтырушылар өткізеді. Тренинг орталығы ашылғалы бері біздің студенттер ден қойып үйренуде. Арнайы сценарий жасап білімгерлерге шынайы өмірде болуы мүмкін жағдайды көрсетеміз», — деді Жетысу мемлекеттік университетінің азаматтық қорғаныс және кауіпсіздік шаралары штабының басшысы Вишняков Руслан.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес, ағымдағы жылы елордада 12 заңды тұлға жекелешелендіруге жатады.
Бүгінде 3 заңды тұлға бойынша белгіленген тәртіпте бағаны төмендетуге бағытталған сауданың екінші кезеңі басталды. Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша «Астана-Тазарту» ЖШС (65 933 542 теңгеге сатылым) және «Астана Миллентум KZ» ЖШС (34 245 358 теңгеге сатылым) нысандары бойынша өз бағасынан баға құны 49%-ға төмендеді.
«Ақмола-Диірмен» ЖШС бойынша қатысушылардың болмауына байланысты сауда жүргізілген жоқ. Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің қатысуымен өткен Астана қаласы мемлекеттік коммуналды мүлікті жекелешелендіру мәселелері жөнінде комиссия отырысының қорытындысы бойынша 6 заңды тұлғаға қатысты шешім қабылданды. Осылайша «Көркем — құйма комбинаты» МКК және «Стоматология» УКЦ" ЖШС тендер арқылы сатылатын болды. «Астана қалалық жарық» ЖШС нысаны бойынша 1,6 млрд теңге несие қарызы бар.
Осыған байланысты Энергетика басқармасы 5 шілдеге дейін аталмыш серіктестікті сату жолын қарастырып, ұсыныс жасайды. «Опера және балет театры» ЖШС "Өркен қала" ЖШС-не қосылу арқылы қайта құрылады. Ал «Астана құрылысы мониторингі» ЖШС нысаны «Астанақаласәулет» ЖШС-мен біріктіріледі.
«Астана» спорттың ойын түрлері клубі" МҚКК-не қатысты қалған активтерді шығару нұсқасы ұсынылды. Қалған «Астана Өрнек» ЖШС, «Астана эко полигон» ЖШС мен «Арман» сауықтыру спорт лагері" МҚКК сынды 3 нысан бағалану үстінде.
Атап айтқанда жұмыс штабы жұмыс істейді, оның аясында азық-түлік тауарларына күнделікті бақылау жүргізіледі.
Баға негізсіз өскен жағдайда монополияға қарсы инспекцияға xабарланады.
Бақылау барысында азық-түлік тауарларының негізгі түрлеріне барлық баға деңгейіне қадағалау жасалынады. Оған қоса тұрақтандыру қоры құрылған, 1500 тонна қант, 500 тоннадан күріш пен қарақұмық сияқты баға өсуі мүмкін өнім сатып алынды.
Қаланың ішкі нарығында «Кеңмарт», «Смол», «Баxус», «Магнум», «Рамстор» секілді 5 сауда нысанында қанттың 11,5%-ға өсуі байқалды. Қазіргі уақытта Жамбыл облысымен келісімшарт бойынша алдағы уақытта өтетін жәрмеңкеде келісі 230 теңгеге 20 тонна қант сатылымға қойылады. Айта кеткен жөн, бұл «Шапағат» базарында келісі 270 теңгеден сатылатын қант 15%-ға төмен болмақ. Қалада «Баxус» сауда маркетінде қанттың келісі 319 теңгеден болса, " Рамстор" мен «Магнумда» 260 теңгеден. Сондай-ақ азық-түлік бағасын қымбаттатпай, тұрақтандыру үшін СПК «Astana» 300 млн теңге мөлшерінде (150 теңгеден әрқайсысына) «Кеңмарт» және «Астықжан» сауда дүкендеріне несие берді.
Бүгінгі күні бұл нысандар ағымдағы жылдың соңына дейін азық-түліктің 9 түрі бойынша 49 аталымына өз бағаларын қойды. ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде сондай-ақ жыл соңына дейін «Шапағат» әкімшілік базары ірі отандық кәсіпорындармен ет өнімдерін үзіліссіз, тұрақты түрде жеткізу туралы келісімшартқа отырды.
Ет өнімінің жоғары сапасына баға 1350 теңге (1 келі) сомасында тұрақтандырылды. Көрме кезінде өнімді жеткізуде қиындықтар тумас үшін азық-түлік тауарларының резервін құру туралы қаланың ірі делдал фирмаларымен келісім жасалды.
2017 жылдың 5 айы бойынша қала бойынша инфляция 103% құрады, азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарларға жалпыреспубликалық деңгейден 0,3% төмен.
Бақылаудың нәтижесі бойынша жыл басынан азық-түліктің 4 түріне баға өсімі байқалады: картоп (104,4%), пияз (81,2%), сәбіз (68,7%),қырыққабат (62,2%).
Сондай-ақ өнімнің 4 түрі бойынша баға төмендеген: қарақұмық, күріш, жұмыртқа, сұйық май. Бағаның өсуі тауарөндірушілердің бағаны өздері қоюына байланысты болып отыр. Статистикаға сәйкес, бір апта ішінде картоп бағасы Ақмола облысында 3.3%-%-ға, сәбіз ОҚО-да 7,9%, Павлодар облысында 4,2%-ға өскен, қырыққабат Ақмола облысында 4,5%-ға баға көтерілген, ол Астанада өнімдердің бағасының көтерілуіне септігін тигізген. Бүгінде қалада 45 мың тонна көлемінде бір айға жететін азық-түлік өнімі бар. 19 наурыздан бастап 28 жәрмеңке ұйымдастырылып, өткен, онда 60 мың тонна азық-түлік өнімі сатылған. Оған қоса 18 өңіраралық (Жамбыл облысы, ОҚО, БҚО, Атырау, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстары) жәрмеңке өткен. 1-2 шілдеде Атырау, Жамбыл, ШҚО, Павлодар облыстарының жәрмеңкесі өткізіледі деп күтілуде.
Өңірлік жәрмеңкелерде бас-аяғы шамамен 5220 тонна азық-түлік өнімі сатылған.
Бүгінде өңірлер азық-түлік өнімдерінің көлемін арттыру бойынша жұмыс атқаруда. Сондай-ақ тауарлардың артық қалып және бүлініп кетпеуі үшін жәрмеңкеге ең қажетті өнімдерді ғана жеткізу туралы мәселе қарастырылуда. Бұл бағытта жұмыс іске асырылауда.
Бірыңғай мектеп формасын базардан да сатып алуға болады, бірақ киім классикалық стильге сәйкес, қара көк түсті болуы керек, деп хабарланды әкімдікдің медиа орталығынан.
Астана оқушыларының қара көк түсті бірыңғай формаға көшеуі кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Биылғы оқу жылында тек бірінші сынып оқушыларына ғана сабаққа пиджак пен шалбар киюге рұқсат етіледі, — деп хабарлады медиа орталық тілшісіне қалалық білім басқарамасының жетекшісі Ануар Жанғозин.
«Бірінші сынып оқушылары үшін қара көк түсті форма сатып алынуда. Қалған сынып оқушыларына бұндай форма қолда бар мектеп формасы киюге жарамай қалған кезде сатып алынатын болады. Осылайша бір түстес мектеп формасын енгізу кезең кезеңмен іске асырылады», — деді А. Жанғозин.
Ұлдар үшін мектеп формасы қара көк түсті пиджак, көкірекше, шалбар, тоқылған көкірекше және ақ түсті жейдеден құралады. Қыс мезгілінде ақ жейденің орнына водолазка киюге болады. Дегенмен биыл ата-аналардың шағымы мен сұраулары ескерілді, ендігіде киімнің барлық жиынтығын сатып алу міндетті емес. Ең негізгі болып ақ жейде, көкірекше мен шалбар белгіленді. Қыздар үшін ең негізгісі болып – сарафан және жейде, көкірекше және белдемше немесе көкірекше, жейде және шалбар белгіленді. Білім басқармасы атап өткендей, мектеп басшылығы мектеп формасын бір ғана тауарөндірушіден алуға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.
«Ата-аналар қазіргі кезде дүкендерде мектеп формасының көптеген түрі бар екендігін алға тартуда. Мүмкін біреуінің мектеп формасын дүкеннен сатып алуға шамасы жоқ шығар, олар ендігіде мектеп киімін базардан да сатып ала алады. Сәйкесінше, қазір мектеп формасын сатып алуда ешкімге шектеу қойылмайды. Форманы кез-келген жерден сатып алуыңызға болады, тек түсі мен стиліне мән берсеңіз болды», — деді Жанғозин.
«Мектеп формасын тек бір тауарөндірушіден сатып алуға мәжбүрлеген жағдайға тап болсаңыз, Білім басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз»,- деп атап өтті ол.
Жаңа мектеп формасы бойынша сұрақтартарыңыз болса келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыз: 55-68-53, 55-74-67.