Қызыл Ай қоғамымен алғашқы көмек көрсетуді үйрен

Алматы облысы: Қызыл Ай қоғамымен алғашқы көмек көрсетуді үйрен
Алғашқы көмек көрсете білу тек төтенше жағдайлар мен табиғи, техногендік апаттар болған кезде ғана емес, күнделікті өмірде де керек. Адам жанын сақтап қалу жолдары туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Қызыл Ай Қоғамының өкілі ақпарат берді.
«Статистика Агенттігінің деректеріне сүйенсек Қазақстанда былтырғы жылы жазатайым оқиғалар нәтижесінде, улану және жарақаттанудан 16 мыңға жуық адам қаза тапты. Осы зардаптардың алдын алу мақсатында Қызыл Ай қоғамы құрылған. Қоғам адамдарға алғашқы дұрыс көмек көрсетуді үйретеді», — деді ҚР Қызыл Ай Қоғамының алғашқы көмек көрсету тренері Негметжанова Мариям.
ҚР Қызыл Ай Қоғамын бірінші болып І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті қолдады.
«2015 жылдың мамыр айынан бастап І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде жер сілкінісі, жол үсті апаттары және үйде жарақат алған кездерінде алғашқы көмек көрсету орталығы ашылды. Орталықта Қызыл Ай Қоғамының көмек көрсетуді оқытатын волонтерлер қызмет етеді. Сабақтарды сапалы деңгейде тәжірибелі жаттықтырушылар өткізеді. Тренинг орталығы ашылғалы бері біздің студенттер ден қойып үйренуде. Арнайы сценарий жасап білімгерлерге шынайы өмірде болуы мүмкін жағдайды көрсетеміз», — деді Жетысу мемлекеттік университетінің азаматтық қорғаныс және кауіпсіздік шаралары штабының басшысы Вишняков Руслан.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше