Оңтүстік ғажайыптары:Ханқорған қалашығы

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Ханқорған қалашығы

Ханқорғанның тарихы сонау Ұлы Жібек жолы дәуірінен басталады. Сайрам ауданы, Мәдени елді-мекені іргесіндегі Арыс өзенінің сол жағалауында Ханқорған төбесі — қазақ халқының біртұтастығын сақтау жолында бар өмірін сарп еткен Абылай ханның Оңтүстік өңірдегі ордасы болған. Осынау жердің табиғаты әсем, топырағы құнарлы, Арыс, Машат, Ақсу өзендерінің арасында орналасқандығы стратегиялық жағынан қолайлы екендігін көрсетеді. Арыс өзенін бойлай батысқа қарай бағыт алған Ұлы Жібек жолының үстінде орналасқандығына көз жеткізуге болады. Жібек жолын бойлаған төбелердің басына қараңғыда немесе ауа-райының бұлтты, тұманды кезінде от жағып қойылатын болған, ол жол көрсетуші қызметін атқарған.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Ханқорған қалашығы

Жалпы, төбелердің басым бөлігі Жібек жолында сауда-саттық қызған дәуірде қолдан тұрғызылған. Арыс мәдениетінің Қарауылтөбе кезеңі (б.з.б. IVғ.-Iғ.), Қаратөбе кезеңі (б.з.б. Iғ.-Viғ.), Алтын төбе кезеңі (б.з. IVғ.-VIғ.) деп бөлінетіндігін археолог-ғалым А.Н.Подушкин өз еңбегінде жан-жақты көрсеткен. Ғалымның айтуынша, Ханқорған Арыс мәдениетінен кейінгі кезеңде Қарахандар мемлекеті дәуірінде (942-1213жж.) тұрғызылған дейді. Қорғаннан Қарахандар дәуірінің керамикалық бұйымдары табылған және қамал қорғанының ертедегі құрылыс нысаны болғанын көрсетеді.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Ханқорған қалашығы

Қоршау қабырғасының қабаты үсті-үстіне қабат-қабат салынған. VIII-XII ғасырларда пайда болған. Биіктігі 8-12 метрді құрайды. Көлемі 2-2,5 гектарды алып жатыр. Қорған қаланың цитаделі-орталық бөлігі саналады. Цитадельдің төңірегінде көптеген рабадтар-елді мекендер болған екен.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Ханқорған қалашығы

Ханқорғанда металл ерітетін ошақтың табылуы, онда отпен ататын қару жасалды деген болжамды туғызады. Жоңғарлар осы маңызды өндіріс орнын қалайда алуды көздегені анық. Демек, қиян-кескі шайқас болды деуге толық негіз бар. Бірақ ол 1723 жылы емес 1684 немес 1690,1693 жылдар болуы әбден мүмкін. «Ханқорғанның соңғы ерлік шайқасы» кезінде үш мыңнан астам адам опат болыпты. Маңындағы елді мекендер аяусыз тоналған.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Ханқорған қалашығы

Абылай хан Ханқорғанның ерлігін есіткен, оны мақтаныш еткен деуге негіз бар. Қорған Түркістан мен Көкшетау аралығындағы жолдың торабында екендігін анықталған. Жұмбағын ішіне бүгіп жатқан төбенің шындығы қашан ашылары беймәлім. Өйткені, Ханқорған адам қамқорын көрмей тұр, төңірегі егістік алқап. Ханқорғанда еліміз тарихының бір парасы, еліміздің рухы жатыр.

Суреттердің авторы – Сабит Тастанбек.
Әрі қарай

Оңтүстік ғажайыптары:Жаныс баба кесенесі

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Жаныс баба кесенесі

Жаныс баба 758-834 жылдары аралығында өмір сүрген. Дулат руының төрт атасының бірі, атақты би батыр болған тарихи тұлға. Ұраны — Арқар. Қазақ шежіресі бойынша, Жаныс сегіз атадан тұрады. Олар: Жарлықамыс, Шегір, Өтей, Жалмәмбет (Бөгетжайлы), Жантай, Жанту, Оймауыт (кірме) пен Жантақ.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Жаныс баба кесенесі

Жаныс бабадан бастап Төле биге (1662-1755) дейін 34 ата бар. Осы 34 атаның бәрі де Дулаттан Төле биге дейін үздіксіз үш жүздің төбе биі, ұлысбегі болған. Төрелерде хандық қалай берілсе билердің ұрпағына да төбе би, ұлысбегілік те солай ұрпақтан ұрпаққа үздіксіз беріліп отырған.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Жаныс баба кесенесі

Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылында Дулат тайпасынан шыққан шешен, талантты қолбасшы және ел басқарған көсем Жаныс бабаның басына арнап 2004 жылы сәулет өнері ескерткіші тұрғызылған.
«Жаныс бабаның ақжал арыстандары болған» деген ел аузындағы аңызға сәйкес, кесененің кіре берісіне қоладан құйылған айбатты қос арыстан бейнесі орнатылған. Кесененің биіктігі 27м, шаңырақтағы күмбезінің шеңбері – 9м. Кесененің ішкі жағы сегіз қырлы болып салынған. Бұл Жаныс бабаның сегіз баласының болғанын меңзейді және әр қанатта сол аталарының шежіресі жазылып бекітілген. Кесене іші таза мрамордан, сырты гранит тасынан қаланған. Кесене авторы белгілі сәулетші Асқар Әзімбаев.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Жаныс баба кесенесі
Жаныс баба кесенесінің жанында Ұлы жүздің биі Төлебидің екі ұлы XVIII-ші ғасырда өмір сүрген Жолан мен Қожабек жерленген.
Әрі қарай

Оңтүстік ғажайыптары:Сиқым баба кесенесі

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Сиқым баба кесенесі

Сиқым баба – Бәйдібек би мен Домалақ ананың шөбересі, Дулат бабаның үлкен ұлы. Шамамен II-ші ғасырдың I жартысында өмір сүрген. Сиқым бабадан бері 70 аса ата өмір сүрген. «Бабырнама» кітабы дерегі бойынша Мұхамед Хайдар Дулати мен бірсыпыра Дулат-Сиқымдар Кабулға, Лахорға, Дели сұлтанатының жеріне көшкен. Үндістанда қазір «Сикким» штаты бар.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Сиқым баба кесенесі

Сихым баба кесенесінің биіктігі 18 метр, аумағы 3 га, 2006 жылы салынған. Батыс Европа – Батыс Қытай жолының 657 шм орналасқан. Сайрам ауданына кірген тұстағы Машат асуының биігінде аспанмен тілдесіп, өзгеше сән-салтанатпен алыстан көз тартып тұр.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Сиқым баба кесенесі

Ескерткіш төрт ұстын (бағана), ортасында шаңырақ және алты қоңыраудан тұрады. Төрт ұстын, ортасындағы шаңырақ – адамзаттың бірлігін білдіреді және алты қоңырау – алалықтың белгісі. Сиқым баба кесенесіне жылына 10 мыңға жуық адам зиярат етуге келеді. Ал Сиқым бабаның ұрпақтары жылына осы жерде жиналып ас береді.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Сиқым баба кесенесі

1854 жылы Қасымбек датқа мен Батырбек датқаның ықпалымен Сиқымдар жаңа руға бөлінді. Оларды Тоғатай, Борас, Қусирақ, Бағлан, Шуылдақ деп атады.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Сиқым баба кесенесі
Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Сиқым баба кесенесі
Әрі қарай

Астананың барлық мектептері жаңа оқу жылына дайын

Астана жаңалықтары: Астананың барлық мектептері жаңа оқу жылына дайын

Осы жылдың жазында барлық жалпы білім беру мекемелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді және мектептердің ауласы абаттандырылды, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталық тілшісіне Астана қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Жекебаев.

— 93 елордалық мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуда. Онда әрлеу жұмыстары жүргізіліп, едендер мен шатырлар жаңартылды, бейімдеу жағдайын құру, аумақты абаттандыру жүргізілді. №29 және №52 мектептер күрделі жөндеуден өтті, — деді Д.Жекебаев.

Нақтырақ №29 орта мектепте былтыр өрт салдарынан зардап шеккен. жаңадан салынған бөлік пайда болады. Ғимараттың шатырында акт залы мен асхана орналасқан болатын, алайда тоқ сымдарының түйісуі салдарынан өртеніп кетті. Осы жазда құрылысшылар жаңа бөлігін салып, инженерлік жүйе тартылды, жаңа есік-терезелер салынды. Білім күні қарсаңында мектепте барлық жөндеу жұмыстар аяқталады.

Тамыздың аяғында астаналық білім, денсаулық сақтау басқармаларының, төтенше жағдайлар департаменті мен қоғамдық денсаулықты бақылау департаментінің басшылары енген жұмыс тобы елорданың барлық білім мекемелерін тексеруді аяқтайды. Қалалық комиссия мектептерді білім нысандарын дайындау жоспар-тапсырмасына сай жаңа оқу жылына қабылдайтын болады.

Д.Жекебаевтің сөзінше, ата-аналардан сыныптарды жөндеуге ақша жинауға қатаң тыйым салынады.

-Барлық ағымдағы жөндеу жұмыстарына қажетті немесе басқа да жұмыстар үшін қаражат қалалық бюждет есебінен жүзеге асты, — дейді Д.Жекебаев.

Ақша жинау сұрақтары бойынша ата-аналар Астана қаласының білім басқармасына 557449 және 556867 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Әрі қарай

Астанада «Мейірімділік шуағы» қайырымдылық акциясы өтті

Астана жаңалықтары: Астанада «Мейірімділік шуағы» қайырымдылық акциясы өтті

Өткен демалыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңбері барысы бойынша «Мейірімділік шуағы» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция аясында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ зейнеткерлерге лайықты құрмет көрсетілді.

Аталған іс-шараны ұйымдастырушы-елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы мен Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы. Ал қайырымдылық акциясының демеушілері — Астана қаласы өзбек этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Х.Х. Шарипов пен «Ахметова» ЖК.

«Мейірімділік шуағы» атауымен өткізілген қайырымдылық акциясына 128 адам қатысып, оның барысы бойынша «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды. Олар бір күндік экскурсияда павильондарды аралап, ғажайып көріністердің куәгері болды. Сонымен бірге, іс-шара барысында демеушілер қайырымдылық акциясына арнайы шақырылған меймандарға Латын-Америка павильонына орын тепкен дәмханада түскі ас ұйымдастырды.

Қазақстан халқы ассамблеясы атынан қатысушыларға «ЭКСПО-2017» тақырыбына қатысты бейнелеген әрі керекті жабдықтармен қамтылған кәдесый пакеттері берілді. Жалпы, «Мейірімділік шуағы» акциясы жарқын мерекенің көрінісі ретінде өткізіліп, қайырымдылықтың ерен үлгісін паш етті.

«Осындай маңызды шара тек балаларға ғана емес, зейнеткерлерге де зор қуаныш сыйлады. Сондықтан біз баршамызға ерекше әсер қалдырған ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз», — деп бөлісті «Радима» беларусь қоғамының мүшесі В.Ф. Кириченко.

Мұндай акцияларды қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері ұдайы өткізіп келеді. Осы жолы ЭКСПО-ға жасалған экскурсияны ұйымдастыруға «Возрождение» неміс қоғамы, «Поляк» және «Оберег» украин қоғамдық бірлестіктері атсалысты.
Әрі қарай

«Нұрлы жол»: болашаққа жол

Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол

Жуырда «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалы миллионыншы жолаушысын құрметтеді. Бұл елордалық «қақпа» көліктік түйінді анағұрлым босатып, үстіміздегі жылдың мамыр айында ғана есігін айқара ашқан болатын. Сонымен қоса жаңа вокзал дүниежүзілік сәулет байқауына қатысып, Астананың көрікті орындарының біріне айналды.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
«Нұрлы жол» вокзалы қазіргі таңда қалай жұмыс істеп жатқаны туралы Астана әкімдігінің медиа-орталығының тілшілері әзірлеген фоторепортаждан оқып, біліңіз.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Алты деңгейлік кешен жүз ымңнан астам шарты метр аумақты алып жатқан нысан. Мұнда жалпы есептегенде 740 орынға шақталған паркингтер бар. Одан әрі перронға шығаберіс орналасқан, сәл жоғарыда – күту залдары. Мейрамханалар мен кафелерге, сонымен қатар вокзал әкімшілігі және қызметкерлеріне арнайы қабаттар бөлінген.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Журналистерге арналған пресс-тур барысында әкімшілік қоғамдық тамақтану нүктелеріндегі бағаларға баса азар аударады. Тілшіледің жаңа нысандағы бағалар соншалықты қымбат емес екеніне көздері жетті. Мысалы, самсаны 25 теңгеге, ал шайды 100 теңгеге сатып алуға болады. Төмен бағаны тамақтану нүктелерінің көптігі және бәсекелестіктің арқасында ұстап қалу мүмкіндігі бар.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Сатушылар журналистермен халық көп келмесе де бағаны көтеруге оларға ұяттары жібермейтінін айтып бөлісті. Нәтижесінде барлығы да жақсы көңілде: қалтасынан қағылмаған клиенттер де тоқ, жақсы табыс табатын сауда иелері де, жолаушылар мен шығарып салушылар тарапынан сөз естімейтін әкімшілікте көңілді.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Азаматтардың жайлылығы мен ыңғайлылығы – біз үшін ең маңызды, дейді вокзал басшылығы. Мүгедектерге ерекше мән берілген. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қозғалысы үшін жанасу жолдары, Брайль әліппесін пайдалану арқылы ақпараттық тақта, арнайы касса қарастырылған.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Демалыс бөлмесін де қашанда тынығатын келушілерді кездестіруге болады.

-Вокзал тамаша! Біз адасып адасып кетеміз бе деп қорықтық, өйткені ол жаңа, бейтаныс орын. Сөйтсек, қорқудың қажеті жоқ екен. Бізге бұл жерде барлығын түсіндірді, қай жерде демалуға болатынын шығарып салды, көрсетті. Енді біз пойызды қалай табамыз деп алаңдамаймыз, — Атыраудан елордаға отбасымен емделуге келген зейнеткер Әзиғали Кемелбай.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Вокзал ішінде сілтеме белгілер орнатылған.

Бір сөзбен айтқанда, сілтеме белгілермен тұспалдай алмаса, көмекке әрқашан жарқын жүзді қызметкер келеді. Олардың орта жасы -30-дан жоғары емес. Барлық қызметкерлер қатай іріктеуден өтті. Барлық мамандар жоғары білімді, үш тілді меңгерген. Шағымдар мен ұсыныстар кітабында соңғы жазбалардың пікірі көңіліңді жадыратады. Оны АҚШ азаматшасы жазған. Оған вокзал ішінде бағыттарды көрсетіп, такси шақырып, тіпті қонақ үйге орналасқанын хабарласып білгені үшін барынша көмектескені үшін қазақстандық қызметкерлерге алғысын білдірген.

Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Вокзалда үзіліссіз жұмысты 1300 қызметкер қамтамасыз етеді. Олар үнемі оқытылып тұрады. Бұл жерде қызметкерлерге де барлық жағдай жасалғанын айта кету керек. Арнайы орында – демалыс бөлмесі, жуыну, демалу кабинеттері.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Жаңа технологиялар – ерекше назарды талап ететін жеке бөлім. Бұл жерде ғаламторға шығу, телефонды тегін қуаттап алумен мәселе жоқ. Алдағы уақытта басшылық вокзалдағы кей кездері желі ұстамайтын нүктелерден арылуды жоспарлап отыр. Бұл сұрақ бойынша операторлармен келісім бар.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Супер заманауи кешеннің тағы бір ерекшелігі, оның шатыры болып табылады. Оның аумағы 42 мың шаршы метрді құрайды. Шатырдан ағатын су тазалаудан өтеді де көгалдарды суғаруға пайдаланылады.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Энергоүнемдеуші эскалаторлар. Егер оларда адам болмаса, олар қозғалысын ақырындатады немесе тоқтайды. Бұл энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді.
Астана жаңалықтары: «Нұрлы жол»: болашаққа жол
Болашақта жаңа вокзал арқылы жаңа теміржол көлігі жүретін болады. Осылайша, вокзал өзіндік жолаушы хабқа айналады. Желі қала орталығын, шығыс аумағын, ЭКСПО, Назарбаев университетін және әуежайды байланыстырады.

Текст: Күнсұлу ЖАҢБЫРБАЕВА

Фото: Әділхан ИЛЬЯСОВ
Әрі қарай

Алматы ботаникалық бағы инновациялық бағдарламаның қатысушысы атанды

Блог - almobl: Алматы ботаникалық бағы инновациялық бағдарламаның қатысушысы атанды
Алматы қаласындағы Ғалымдар үйінде «Еуразияның өсімдік әлемін зерттеу, сақтау және тиімді пайдалану» тақырыбында халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Шара Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің Ботаника және фито жерсіндіруинститутының 85-жылдығына арналды.
Конференцияға ботаникалық әр түрлілілкті сақтап қалуға қомақты үлесін қосқан жақын және алыс шет елдердің ғылым қайраткерлері және ғалымдары қатысты. Сондай-ақ шарада алдыңғы қатарлы ЖОО, мемлекеттік ботаникалық бақтар және ерекше қорғалатын Қазақстанның табиғи аумақтарының өкілдері болды.
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің атынан құттықтау сөзбен шараны Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов ашты. Ол Ботаника және фито жерсіндіру институтының қызметкерлерін 85 жылдығымен құттықтады. Сондай-ақ М.Жұрынов ботаникалық сектордың маңыздылығын, жәнеде институттың еліміз үшін жасап жатқан
ғылыми-зерттеу қызметтерін атап өтті.
Шараға Венгрияның ауылшаруашылық министрі Фазекас Сандор келді. Министр Қазақстан-Венгрия арасындағы ауылшаруашылық серіктестіктің маңыздылығын айтты.
–Біз Pannon Breading инновациялық бағдарламасының арқасында Қазақстан ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істегіміз келеді. Венгрияда Қазақстандағыдай ғылыми қызмет деңгейі өте жоғары. Сондықтан біз екі елде де пайдалы өсімдіктерді бірлесіп тауып, өсіруді көздеп отырмыз, – деді Фазекас Сандор.
Конференция барысында Pannon Breading инновациялық жобасы бойынша Ботаника және фито жерсіндіру институты мен Eötvös Loránd венгр университетінің жанындағы ботаникалық бақ арасында келісімшарт жасалды. Осылайша, біріккен жұмыс шеңберінде Алматы ботаникалық бағының аумағында мыңнан астам жаңа өсімдіктер түрі пайда болады.
–Бізде Венгрияда ауылшаруашылық компаниясы бар. Ол 3900 гектар аумақта жұмыстар жүргізеді. Оның жанында саябақпен қоршалған қамал бар. Мен сол саябақ әсем болғанын қалаймын. Бір рет мен Ласло Орлоци профессорға қоңырау шалып, одан саябақты әсем әрі тиімді ететін бағдарлама жасауын сұрадым. Осылайша, Венгрияның 5 институты, 9
ғылыми-зерттеу институттары осы бағдарламаны құрастыра бастады.
Өсімдіктер тек әсем ғана емес, пайдалы да болуы тиіс еді. Бұл бағдарламаға Гүлнәр Ситпаева қызығушылық танытты, және де біз осы бағытта бірлескен жұмыс бастадық, –дейді Л. А. Ц холдинг президенті Хорват Ласзло.
Бұл бағдарламаның арқасында екі елде ауылшаруашылық және бақшалық өсімдіктердің генетикалық қорын ұлғайту мүмкіндігі туады. Зерттеу жұмысына 150 ғылыми қайраткерлер қатысады. Венгрияның көптеген аудандарында Алматыға ұқсас климаттық жағдай. Сондықтан көптеген өсімдіктер екі елде де жерсіне алады.
Ботаника және фито жерсіндіру институтының бас директоры Гүлнәр Ситпаева шараға жиналғандар алдында институттың даму және қалыптасу кезеңдері және ғылыми-зерттеу қызметтерінің басым бағыттары жайлы баяндап берді. Сондай-ақ конференция барысында Алматы және Томск ботаниктерінің серіктестігі Қазақстан геоботаника тарихы, Германияның ботаникалық бағы, қазіргі заманда ботаникалық бақтың рөлі және тағы да басқалартуралы пленарлық баяндамалар оқылды.
Ботаника және фито жерсіндіру институтының ғимаратында селекциялық отырыс, баспасөз конференциясы, сондай-ақ конференцияға қатысушылар үшін ботаникалық баққа экскурсия
ұйымдастырылды.
Әрі қарай

Ұрпақтар сабақтастығы және «Рухани жаңғыру»

Алматы облысы: Ұрпақтар сабақтастығы және «Рухани жаңғыру»
Талдықорған қаласында «Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының негізгі ережелері арнайы ұйымдастырылған ашық диалог алаңында түсіндірілді.
Шараға 15 жылдық тарихы бар Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының негізі құрылғаннан бастап, бүгінгі күнге дейін басқарған жеті басшы, 16 аудан және 3 қала газеттерінің редакторлары және журналистер қатысты.
Алматы облысының ішкі саясат басқармасының негізі 2002 жылы құрылғаны тарихтан белгілі. Сол кезеңнен бастап әр жылдары ішкі саясат басқармасында еңбек еткен басшылар «Рухани жаңғыру» тақырыбында өздерінің ойларын өңірдің әр ауданы мен қаласынан келген бөлім басшылары және газеттердің бас редакторларымен бөлісті. Бұл Елбасы мақаласында көрсетілген қоғамның рухани жаңғыруындағы ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі.
«Елбасы мақаласы бойынша біздің өңірде де атқарылып жатқан жұмыс шаш етектен. Ел мақтанышына айналған әйгілі тұлғалармен кездесу, тарих пен тіл тағдырын көтерген жиындар, әсіресе, латын қарпіне көшу міндетін талқылаған басқосулар «Рухани жаңғыру» бастамасы аясында өтуде», — деді ерекше дөңгелек үстелді ұйымдастырған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев.
«Ең алғаш өңірлерде ішкі саясат департаменті құрылғанда Алматы облысының басында тұрып, идеология саласын дәл осы Жетісуда құрғанымды мақтан етемін. Талдықорған әрқашан менің жүрегімде», -деді облыстық ішкі саясат басқармасының негізін қалаған Гүлсаруар Жакубаева.
«Алматы облысында Ішкі саясат басқармасының даму қарқынына қарап отырсам, мерзім бойынша 7 жыл қызмет етіп, ең көп басқарған мен екенмін. Бұл факт мен үшін абырой. Біз басқарған уақыт ең бір күрделі, тарихи кезең болғанымен өзіндік қызықтары да болды. Ең алғаш облыста жастар мәселесін біз қолға алған едік. Биылғы Ұлт Көшбасшысы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жастарға арналғаны анық. Өйткені, болашақ — жастардың қолында. Қоғамдық сананы жаңғырудың басты басымдығы ұлтымыздың жаһандық қоғамдастықта бәсекеге қабілетті болуы екендігі сөзсіз. Бұл ретте өзіміздің бірегейлігімізді, құндылықтарымыз бен дәстүрімізді сақтауға тиіспіз. Отаныңды сүймей салт-дәстүріңді сақтай алмайтындығыңды да жете түсінген жөн», — деп 2008 — 2014 жылдардағы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы — Сүлейменова Гүлжиян атап өтті.
Ал, 2015-2016 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болған, бүгінгі күні облыстық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев: «Білім – бүгінгінің басты қажеттілігі. Дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді. Көшбасшымыздың өскелең ұрпақты білімге құштар болуға үндеуінің сыры осында. Білім алуды культке айналдыру, басымдыққа айналдыру біздің қоғам үшін өте қажет. Сауатты ел ғана дамыған 30 елдің қатарында болмақ. Сондықтан рухани бай адам – кез келген ақпаратты тез қабылдап, заман талабына сай жылдам меңгеріп, көш ілгері жүріп отырмақ», — деді.
Ашық диалог алаңында Елбасының мақаласы қазақ халқын жарқын келешекке бастайтын білім, ғылым, руханият, туған жер, тіл мәселесіне қатысты айтылған нақтылы міндеттер елдің ұлттық кодын айқындап, ұлттық болмысын сақтап қалуға жол ашатыны жөнінде сөз қозғалды. Қатысушылар тарапынан «Рухани жаңғыру» қазіргі Қазақстанға қажет екені айтылып талқыланды.
Әрі қарай

Елордада спорттық психология бойынша кітаптың тұсау кесер рәсімі өтті

Спорт күні қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің Мамандандырылған жоғары спорттық шеберлік мектебінде «Білім және спорт психологиясы» кітабының тұсаукесері өтті.

Кітаптың авторы – Астана қ. әкімдігі «Мамандандырылған жоғары спорттық шеберлік мектебі» КМК басшысыРустам Калин. «Білім және спорт психологиясы» кітабы 6 бөлімнен тұрады: ұжымдық психология, басшылар түрі, спорт психологиясы және т.б.

Бүгінде мектепте 17 спорт түрі бар.

-Оқырман осы кітап арқылы кез-келген салада алға қойған мақсаттарды іске асыру үшін ұйым ішінде қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыста, ұжым ішінде жаттықтырушылармен және спортшылармен психолог маманының жұмысының қажеттілігі туралы білгенін қалаймыз, — деді кітап авторы.

Тұсау кесер барысында көрнекті спорт шеберлеріне, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушыларға алдағы Спорт күнін тойлау қарсаңында алғысхаттар берілді.
Әрі қарай