Оңтүстік ғажайыптары:Жаныс баба кесенесі

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Жаныс баба кесенесі

Жаныс баба 758-834 жылдары аралығында өмір сүрген. Дулат руының төрт атасының бірі, атақты би батыр болған тарихи тұлға. Ұраны — Арқар. Қазақ шежіресі бойынша, Жаныс сегіз атадан тұрады. Олар: Жарлықамыс, Шегір, Өтей, Жалмәмбет (Бөгетжайлы), Жантай, Жанту, Оймауыт (кірме) пен Жантақ.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Жаныс баба кесенесі

Жаныс бабадан бастап Төле биге (1662-1755) дейін 34 ата бар. Осы 34 атаның бәрі де Дулаттан Төле биге дейін үздіксіз үш жүздің төбе биі, ұлысбегі болған. Төрелерде хандық қалай берілсе билердің ұрпағына да төбе би, ұлысбегілік те солай ұрпақтан ұрпаққа үздіксіз беріліп отырған.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Жаныс баба кесенесі

Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылында Дулат тайпасынан шыққан шешен, талантты қолбасшы және ел басқарған көсем Жаныс бабаның басына арнап 2004 жылы сәулет өнері ескерткіші тұрғызылған.
«Жаныс бабаның ақжал арыстандары болған» деген ел аузындағы аңызға сәйкес, кесененің кіре берісіне қоладан құйылған айбатты қос арыстан бейнесі орнатылған. Кесененің биіктігі 27м, шаңырақтағы күмбезінің шеңбері – 9м. Кесененің ішкі жағы сегіз қырлы болып салынған. Бұл Жаныс бабаның сегіз баласының болғанын меңзейді және әр қанатта сол аталарының шежіресі жазылып бекітілген. Кесене іші таза мрамордан, сырты гранит тасынан қаланған. Кесене авторы белгілі сәулетші Асқар Әзімбаев.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Жаныс баба кесенесі
Жаныс баба кесенесінің жанында Ұлы жүздің биі Төлебидің екі ұлы XVIII-ші ғасырда өмір сүрген Жолан мен Қожабек жерленген.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше