Оңтүстік ғажайыптары:Ханқорған қалашығы

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Ханқорған қалашығы

Ханқорғанның тарихы сонау Ұлы Жібек жолы дәуірінен басталады. Сайрам ауданы, Мәдени елді-мекені іргесіндегі Арыс өзенінің сол жағалауында Ханқорған төбесі — қазақ халқының біртұтастығын сақтау жолында бар өмірін сарп еткен Абылай ханның Оңтүстік өңірдегі ордасы болған. Осынау жердің табиғаты әсем, топырағы құнарлы, Арыс, Машат, Ақсу өзендерінің арасында орналасқандығы стратегиялық жағынан қолайлы екендігін көрсетеді. Арыс өзенін бойлай батысқа қарай бағыт алған Ұлы Жібек жолының үстінде орналасқандығына көз жеткізуге болады. Жібек жолын бойлаған төбелердің басына қараңғыда немесе ауа-райының бұлтты, тұманды кезінде от жағып қойылатын болған, ол жол көрсетуші қызметін атқарған.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Ханқорған қалашығы

Жалпы, төбелердің басым бөлігі Жібек жолында сауда-саттық қызған дәуірде қолдан тұрғызылған. Арыс мәдениетінің Қарауылтөбе кезеңі (б.з.б. IVғ.-Iғ.), Қаратөбе кезеңі (б.з.б. Iғ.-Viғ.), Алтын төбе кезеңі (б.з. IVғ.-VIғ.) деп бөлінетіндігін археолог-ғалым А.Н.Подушкин өз еңбегінде жан-жақты көрсеткен. Ғалымның айтуынша, Ханқорған Арыс мәдениетінен кейінгі кезеңде Қарахандар мемлекеті дәуірінде (942-1213жж.) тұрғызылған дейді. Қорғаннан Қарахандар дәуірінің керамикалық бұйымдары табылған және қамал қорғанының ертедегі құрылыс нысаны болғанын көрсетеді.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Ханқорған қалашығы

Қоршау қабырғасының қабаты үсті-үстіне қабат-қабат салынған. VIII-XII ғасырларда пайда болған. Биіктігі 8-12 метрді құрайды. Көлемі 2-2,5 гектарды алып жатыр. Қорған қаланың цитаделі-орталық бөлігі саналады. Цитадельдің төңірегінде көптеген рабадтар-елді мекендер болған екен.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Ханқорған қалашығы

Ханқорғанда металл ерітетін ошақтың табылуы, онда отпен ататын қару жасалды деген болжамды туғызады. Жоңғарлар осы маңызды өндіріс орнын қалайда алуды көздегені анық. Демек, қиян-кескі шайқас болды деуге толық негіз бар. Бірақ ол 1723 жылы емес 1684 немес 1690,1693 жылдар болуы әбден мүмкін. «Ханқорғанның соңғы ерлік шайқасы» кезінде үш мыңнан астам адам опат болыпты. Маңындағы елді мекендер аяусыз тоналған.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Ханқорған қалашығы

Абылай хан Ханқорғанның ерлігін есіткен, оны мақтаныш еткен деуге негіз бар. Қорған Түркістан мен Көкшетау аралығындағы жолдың торабында екендігін анықталған. Жұмбағын ішіне бүгіп жатқан төбенің шындығы қашан ашылары беймәлім. Өйткені, Ханқорған адам қамқорын көрмей тұр, төңірегі егістік алқап. Ханқорғанда еліміз тарихының бір парасы, еліміздің рухы жатыр.

Суреттердің авторы – Сабит Тастанбек.
Бөлісу:

1 пікір