«Astana FM On Air» фестивалінде эстрада жұлдыздары тек жанды дауыста өнер көрсетеді



Ерлан Көкеев және «К7» тобы кештің хедлайнері болады, деп хабарлады елордалық әкімдіктің медиа орталығы.

Кешке 4 қыркүйекте амфитеатрда ЭКСПО көрмесі аумағында «Astana FM On Air» фестивалі аясында елорданың үздік әртістері өнер көрсетеді.

Фестивальді «Астана» радиосы ұйымдастыруда.

Танымал орындаушылардың қатарында Қайрат Баекенов және «Формат» тобы, Ерлан Көкеев және «К7» тобы, Бауыржан Исаев, Маржан Арапбаева, Құрмаш Махан, Дос, «Ағайынды Жүгінісовтер» және т.б. жұлдыздар бар.

«Бұндай ауқымда әрі форматта фестивальді алғаш ұйымдастырып отырмыз. Бұл форумның басты ерекшелігі – әншілер тек жанды дауыста өнер көрсетеді. Ерлан Көкеев және «К7» тобы және Қайрат Баекеновтың «Формат» тобы кештің хедлайнері болады». Әншілер көрме аумағында амфитеатрда қала тұрғындары мен қонақтары үшін өнер көрсетеді», — деп хабарлады медиа орталық тілшісіне «Астана» радиосының басшысы Кирилл Волков.

«Astana FM On Air» продюсері Сымбат Талғатқызының сөзіне қарағанда, фестивальде 30-ға жуық музыкант өнер көрсетеді.

«Astana FM On Air» фестивалінің тікелей таратылуын «Астана» радиосы сондай-ақ ЭКСПО көрмесінің сайты арқылы естіп, көруге болады.
Әрі қарай

Астанада Елорда жайлы кітаптың тұсау кесері өтті

Астана жаңалықтары: Астанада Елорда жайлы кітаптың тұсау кесері өтті

Елордалық әкімдікте баспасөз конференциясы барысында «Біздің еліміздің жүрегі-Астана» кітабының тұсау кесері өтті.

2017 жылы елорданың Астана қаласына ауысқанына 20 жыл толады.

Мерейтой қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Астана қ. Ішкі саясат басқармасымен «Алматыкітап баспасы» басылымымен Зәуре Төреханованың елорда туралы «Біздің еліміздің жүрегі-Астана» кітабы жарыққа шықты.

Оқырман Бозоқ дәуірінен бастап қазіргі кезге дейін қаланың тарихы жазылған шаһарымызды зерттеп, оқып біле алады, бүкіл әлемге танымал сәулет жауһарларын көріп, қаламыздың мәдениеті, спорт және білім саласына, табиғатына қанық бола алады.

Танымдық сипаттағы кітап мектеп жасындағы балаларға, студенттер мен жастарға арналған. «Біздің еліміздің жүрегі-Астана» кітабы 3 тілде жарыққа шықты.

— Кітапта қызықты фактілер бар. Мен 100-ден астам әдебиет және энциклопедиялық кітапты, сондай-ақ мұрағаттық және тарихи материалдарды оқып шықтым. Бұл фактілердің барлығы жік-жігімен жиналды, балалар үшін барынша қызықты етуге тырыстық, — деді кітап авторы Зәуре Төреханова.

Кітапта Астана шаһары неліктен Еуразия жүрегі екендігін айтатын көптеген фактілер бар.

Бұған дейін осы сериядан Алматы туралы кітап жарыққа шыққан болатын. «Алматыкітап баспасы» ЖШС басылымының бас редакторы айтқандай, республиканың өзге әкімдіктері өздерінің қалалары туралы дәл осындай кітап жазуға қызығушылық танытты.

Елорда туралы кітап астаналық мектептер, колледждер, кітапханалар мен қаланың өзге де мекемелерінде таратылатын болады.
Әрі қарай

Астанада Оңтүстік-Қазақстан облысының күндері өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада Оңтүстік-Қазақстан облысының күндері өтеді

29 тамыздан бастан 3 қыркүйекке дейін ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу аясында елордада Оңтүстік-Қазақстан облсының мәдени күндеріне арналған бірқатар мәдени-бұқаралық шаралар өтеді.

ОҚО мәдени күндері ҚР Конституция мерекесін тойлаумен тұспа-тұс келіп отыр. Ұйымдастырушылар елорда тұрғындары мен қонақтары үшін кең ауқымды бағдарламаларды әзірледі.

ОҚО мәдени күндері елдің оңтүстік өңірінің жеткен жетістіктері, жоспарлары мен дамуының жан-жақты бағыттары туралы бизнес-форумнан басталады, ол 29 тамызда сағат 09.00-ден 11.00-ге дейіг ЭКСПО көрмесінің бас павильонында өтеді. Сол күні этноауылда сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін оңтүстікқазақстандық шеберлер қолданбалы өнер туындыларын ұсынады. Бұл жерде сағат 10.30-дан 12.00-ге дейін облыстық «Сүгір» филармониясының халық аспаптар оркестрі өнер көрсетеді. Ұлттық кітапханада сағат 11.30-дан 13.00-ге дейін ОҚО ақындары мен жазушыларымен кездесу өтеді. Кешке сағат 18.30-дан 19.30-ға дейін «Нұржол» желекжолында өнер керуені көпшіліктің назарына ұсынылады.

ОҚО өнерінің шеберлері «Сәлем, Астана! Сәлем, ЭКСПО-2017» концертімен өнер көрсетеді. Концерт «Бәйтерек» монументі алдында сағат 19.30-дан 22.00-ге дейін өтеді.

30 тамызда сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін «Қазақстан» орталық концерт залында ғылыми және көркем жұмыстардың экспозициясы назарға ұсынылады.

Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры, орыс драма театры, опера және балет театры, қуыршақтар театры, әзіл-ысқақ театры өзінің ең үздік қойылымдарын және шоу-концерттерін қояды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары 31 тамызда сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін, 16.00-ден 18.00-ге дейін шымкенттік цирктің «Томирис» қойылымын тамашалай алады.

2 қыркүйек сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін елордалық ипподромда қазақтың ұлттық ойындары ойнатылады.

3 қырыкүйекте сағат 21.30-дан 23.00-ге дейін ОҚО мәдени күндері ЭКСПО аумағында амфитеатрда гала-концертпен аяқталады.

2 қыркүйекте сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін «Қазақстан» спорт кешенінде ауылшаруашылық жәрмеңке өтед
Әрі қарай

Төрткүлден шыққан сазгер.

Блог - meirman_kz89: Төрткүлден шыққан сазгер.

«Ол көктем оралмайды», «Күзгі бақ», «Әттең-ай», «Келеді кездескім», «Жеңешем», «Ұлы дала». Бұл хит әндерді еліміздің сүйікті тобы «МузАрт» орындайды. Қазақ эстрадасында айтылып жүрген шоқтығы биік әсем әндердің авторын ән сүйер қауымның көпшілігі тани бермейтіні анық. Әндері танымал болса да, өзінің қарапайымдылығының арқасында шығар, телевидение, газет, журналға көп шыға бермейтіні.

Блог - meirman_kz89: Төрткүлден шыққан сазгер.

«МузАрт» тобының белді мүшесі әрі музыкалық продюссері, сазгер Арман Бексұлтанның біздің Төрткүлден екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Талантты адамдардың барлығы ауылдан шығатынының тағы бір дәлелі. Арыстанды-Қарабас желімен жарысып, Арыс-Түркістан каналында шомылып, күздің күні мақта, жүзім, картоп теріп өскен бозбаланың қазақ өнерінде ойып тұрып орын алатынын ешкім сенген жоқ. Бала арманы – әке арманын орындауға жетеледі. Қарапайым отбасыда дүниеге келген Арманның өнерге деген құлшынысы бала кезден басталған.

Кеңес одағына аты шығып, бүкіл қазақтың кумиріне айналған Досмұқасан ансамблінің дүркіреп тұрған кезінде, Төрткүл өңірінде 1955 жылы туылған 4 жас жігіт «Ақ-Алтын» деген ансамблді өмірге алып келеді. Бұл 1977 жылы еді. Ансамбль құрамы — Арманның әкесі Ермахан Нурымбетов барабанда, менің әкем Батырбек Сауранбеков гитарада, Бостан Назарбеков пен Фарид Байтуреев ямахада ойнады. Ауылдағы өткізілген әрбір той «Ақ-Алтын» ансамблінсіз өтпейтін. Гастролдік сапармен ауыл-ауылды, аудандарды аралап концерттер өткізді. Тіпті, облыстық фестивальге де қатысқан. Бүгінде ансамбль мүшелері 60-тан асқан аталар. Бастары қосыла қалса «ескінің көзі 55, ескірмеген 55» деп, 40,50,60 жас және басқа да мерейтойларында әннен шашу шашып отырады. Биыл ансамблге 40 жыл толды.

Блог - meirman_kz89: Төрткүлден шыққан сазгер.

Арманның музыкаға деген ықыласын байқаған әкесі өзімен бірге тойларға алып барып, ансамблдің бір мүшесіндей өнер көрсетіп, көптің ықыласына бөленді. Ермахан ағамыз Арманға барабанды қалай ұруды үйретсе, Фарид көкесі клавишта ойнаудың қыр-сырын үйретті. Әкесі Ермахан ансамблден кеткен соң, орнына Арманның өзі тойларға шығып жүрді. 8-ші сыныпты бітірген соң Жетісайдағы училищеге оқуға түсіп, ол жерден бухгалтерлік есеп мамандығын бітіріп шықты. Өнерге деген бір бүйрегі бұрып тұрғаннан кейін, Жетісай драма театрына жұмысқа кіреді. Сазгерлік саласындағы алғашқы қадамы сол кезден басталды. Оқып жүріп-ақ Жетісайда құрылған «Думан» ансамблінің күйсандығында ойнады. Училищені бітірген соң, Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде музыкант болып жұмыс істеп жүрді.

Блог - meirman_kz89: Төрткүлден шыққан сазгер.

Арманның сазгерлігінен бөлек, әншілігі бір төбе. Алғашқы әнін де, бейне клипін де Шымкент қаласында түсірді. Өзінің өнерінен бөлек, көптеген әншілердің әндерін дыбыс студиясында жазып, оны өңдеумен айналысып жүрді. 2003 жылы Арманның «Әттең-ай» деп аталатын хит әні жарыққа шықты. Орындаушысы еліміздегі ең атақты бойзбенд — «МузАрт». Менің де әлі есімде, бала кезім — 14 жаста болатынмын. Теледидар, радиодан «Әттең-айды» берсе, отбасымызбен ұйып тыңдашы едік. Арман мен МузАрттықтардың таныстығына осы ән себепші болған. 2004 жылы Сәкен мен Мейрамбектің қолдауымен Алматыға қоныс аударды.

Арман қала Алматы Арманның шығармашылығына жаңа леп әкелді. Жаңа әндер, жаңа орта, жаңа студия мұның барлығы сазгерге шабыт сыйлады. Тынымсыз еңбектің арқасында 2006 жылы ВИА «МузАрттың» мүшесі болды. МузАрттан бөлек, елімізге танымал әншілерге де ән жазып жүр. 2014 жылы сахнада жүргеніне 10 жыл толуына орай, Республика сарайында жеке кешін өткізді. Елімізден Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Жұбаныш Жексенұлы, Өзбекстаннан атақты «Ялла» ансамблі және т.б өнер жұлдыздары Арманның әндерін орындады. Қазіргі таңда сазгердің қоржынында 180-ге жүық ән бар екен. Арман Бексұлтан бұл күнде жеңгеміз Ботакөз екеуі Жандос, Дияс, Аружан, Кәусар есімді ұл-қыздарын тәрбиелеп отыр.
Әрі қарай

Астанада Құрбан айт кезінде малдарды союға арналған орындар анықталды

Астана жаңалықтары: Астанада Құрбан айт кезінде малдарды союға арналған орындар анықталды

«Құрбан айт» — қажылық біткен соң, «Ораза-айт» мерекесінен кейін, атап айтқанда 70 күннен кейін келетін қасиетті мереке. Әлемнің барлық мұсылмандары Құрбан айт мерекесін жыл сайын тойлайды.

Биыл «Құрбан айт» мерекесін тойлау 1 қыркүйекте басталып, 3 күнге созылады. 1 қыркүйекте сағат 07.00-де елорданың 8 мешітінде мерекелік «Айт намазы» оқылады. 3 қыркүйекке дейін құрбандық шалу өтеді.

Бүгінде Астанада құрбандық шалуда мал союға арналған белгіленген негізгі орындар анықталды:

1. «Нұрбереке-555» ЖШС, Алаш, 30 тас жолы («Көк Базар» базар жақта);

Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жете алады: № 11, 34, 38, 41, 53, 58, 120, 127;

2. «Метро» СҮ (Астана-Қарағанды тас жолы);

Ол жерге келесі қоғамдық көлікпен жетуге болады: № 71;

3. «Шаушен» ШҚ, «Астана-Павлодар» тас жолы 9 шақырым;

Ол жерге келесі қоғамдық көлікпен жетуге болады:№ 307;

4. «Мақсат 2007» ЖШС, «Железнодорожный» ТМ, ул. Ақжар, 20;

Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жете алады: № 15,22;

5. «Ұлжан» әмбебап базары, (бұрынғы «Саянұр» базары), Тілендиев көшесі, 24;

Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жете алады:№ 4, 71, 81;

6. «Темеш» ШҚ, Астана-Софиевка тас жолы 7 шақырым;

Ол жерге келесі қоғамдық көлікпен жетуге болады: № 307;

7. «Мамырханов» ЖК, «Өндіріс-1» ЖМ;

Ол жерге келесі қоғамдық көлікпен жетуге болады: № 24;

8. Есжанова А. ЖК, «Жайлау», «Алаш» тас жолы, Ц313 көшесі;

Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жетуге болады: № 7, 34, 38, 39, 41, 120, 127;

9. «Алтын-Таға» базары, Қосшы кентінің маңында;

Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жетуге болады:№ 308, 309;

10. «Сапа Су» ЖШС, Қосшы кенті, 4340 ү., Қосшы кентінің маңында.

Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жетуге болады:

Онымен бірге 28-29 тамызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалында «Нұр Астана» мешітінде шариат бойынша құрбандық шалуды өткізу бойынша мал қасапшылары үшін екі күндік оқыту семинары өтеді.

Семинарға кез-келген адам қатыса алады. Өзіңмен бірге жеке куәлік пен санитарлық кітапшаны әкелу қажет. Семинардың басталуы сағат 09.00-де, мекенжай: Астана қ. Қабанбай батыр даңғылы 36.

Оған қоса әр учаскеде мұқтаж адамдарға құрбандық шалуды қабылдау бойынша пункттер жұмыс істейтін болады. Бұндай пункттер елорданың барлық мешіттерінде жұмыс істейтін болады.

Естеріңізге салайық, елорда тұрғындары мен қонақтары «iMuslim Astana» мобильді қосымшасы жұмыс істейді, ол AppStore және PlayMarket қосымшалары арқылы қолжетімді. Онда Құрбан айт мерекесі кезінде құрбандық шалуға болатын жерлерге қандай автобустар жүретіні жөнінде ақпарат қамьылады.

Кез-келген туындаған мәселелер бойынша (діни бағытта) кеңес алу үшін елорда тұрғындары мен қонақтары тәулікбойы жұмыс істейтін «2288» сенім телефонына хабарласа алады. Қоңырау шалу тегін.

Елрдалық әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына мал союға арналған санкциаланбаған орындар Тұтынушылардың құқығын қорау бойынша басқарма мамандарымен санитарлық-эпидимиялық тексеруден өткен жоқ, ал жануарлар ветеренарлық қызметтермен тексерілген жоқ. Қала билігі тұрғындарға сақ болуды үндейді.

Алматы облысында жыл соңына дейін 35 мектеп пайдалануға беріледі

Алматы облысында жыл соңына дейін 35 мектеп пайдалануға беріледі
Жыл соңына дейін Алматы облысында 35 мектеп, ал оның 24-і Білім күні пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорғанда өткен ұстаздардың тамыз конференциясында хабарлады, — деп Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратуда.
Қалыптасқан үрдіске сай жаңа оқу жылы қарсаңында өткізілген кеңес жұмысына облыс әкімі Амандық Баталов, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы Еркін Садықов және облыстың барлық аудан-қаласынан білім беру саласының қызметкерлері қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар конференцияны ресми түрде ашып, жүргізіп отырды.
Негізгі баяндаманы оқыған Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлова, конференцияға қатысушыларға өткен оқу жылының, ҰБТ-ның қорытындысын баяндап, жаңа оқу жылында жүктелетін негізгі мәселелерге тоқталды.
Білім басқармасы басшысының сөзіне сүйенер болсақ, жаңа оқу жылына қойылар талаптардың негізгісі — білім деңгейін көтеру, педагогикалық ұжымның арасындағы тәртіп пен ұйымшылдықты арттыру, әрбір ұстаз бен мектеп әкімшілігінің жұмыс нәтижелілігіне қойылар талапты күшейту болып табылады. Баяндамада Мемлекет басшысы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің жаңадан енгізген талаптарын ұстаздар қауымының бұлжытпай орындауы қажеттігі жайында айтылды. Атап айтқанда, үш тұғырлы тіл саясаты, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, педагогтардың біліктілігін арттыру және өзге де маңызды тапсырмалар жүктелді.
Өткен жылдың жетістіктеріне тоқталған облыстың бас ұстазы проблемалық мәселелерге де көңіл аударды. Олардың ішінде ҰБТ-ның нәтижесікөңіл көншітпеді. Л. Базарқұлова осы іске жауапты тұлғаларға, соның ішінде облыстық білім басқармасына да кемшіліктерді алдағы оқу жылында қайталамаудың қам-қарекетін ойластыруға бүгіннен бастап кірісуді талап етті.
Конференеция барысында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы Еркін Садықов, білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы мен білімді дамытудың жаңартылған мазмұны туралы толықтай түсіндіріп берді.
Жарыссөзге қатысқан ұстаздар күн тәртібінде бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне тоқталды. Олардың ішінде педагогтардың бәсекеге қабілеттілігі, жаңаша білім беру мазмұны, патриоттық тәрбие, дуалды оқыту, техникалық және кәсіби білім беруде еңбек нарығының сұранысына сай келетін білікті кадрлар дайындау мәселелері айтылды.
Педагогтардың тамыз конференциясын өңір басшысы Амандық Баталов қорытындылады.
Ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жұмыстарына табыс тілей келе, жаңа оқу жылына қойылған тапсырмалардың басым бағыттарын айқындап өтті.
— Құрметті жиынға қатысушылар, құрметті ұстаздар! Келер оқу жылында педагогтарымызға үлкен міндеттер артылады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұсынған қоғамдық сананы жаңғырту жоспарын іске асыру бойынша өскелең ұрпақпен түсіндірме жұмыстарын бірлесіп жүргізуіміз қажет.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауының арқасында білім берудің қазақстандық үлгісі дамудың жаңа сатысына көтерілуде, белсенді түрде заманауи инфрақұрылым қалыптасуда. Сол себепті, күш-жігерімізді бір арнаға бұрып, барлық бағыттар бойынша бірлесе жұмыс жасаумыз қажет. Біздің мақсатымыз ортақ, ол еліміздің өскелең ұрпағына сапалы білім беру, ұлт жанды, еліміздің мақтан тұтар азаматтарын тәрбиелеп шығу, — деді А. Баталов.
Өз сөзін жалғасытар келе өңір басшысы білім саласының ақсап тұрған күн тәртібіндегі мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескертті. Солардың ішінде ҰБТ-ның нәтижесі, балаларды қосымша біліммен қамтудың аз үлесі, мектеп директорларының атымен байланысты орын алған келеңсіз оқиғалар, кадрларды жұмысқа қабылдау кезіндегі өз ісіне жауапсыздық мәселелері бар. Сондай-ақ облыс әкімі тәрбиелеу ісінің босаңсып кетуінің салдарынан уақытынан ерте жүкті болу, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың арту деректерінің көбейіп бара жатқандығына да назар аударды.
Осы аталған мәселелерге байланысты Амандық Баталов аудан-қала әкімдеріне, облыстық білім басқармасының басшысына жұмыстарын қайта қарап, айтылған әрбір бағыт бойынша тиісті шара қолдануды жүктеді. Сонымен қатар облыс әкімі аудан-қала әкімдеріне физика пәнінің мұғалімдерін оқушыларымен бірге «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне барып қайтуын, оларды жатын орынмен және тамақтануын қамтамасыз етуді тапсырды.
Өңір басшысы үш тілде оқытуды жетілдіру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру мәселесімен қатар ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту мәселесі ерекше бақылауда тұрғандығын ескертті.
Осыдан кейін өзінің кәсіби шеберлігін шыңдауға үлкен көңіл бөліп, ұстаздық етудің жаңа әдістерін тұрақты енгізіп жүрген бірнеше ұстаздардың есімін атап, өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік деп танылған ұстаздарды марпаттау рәсімін өткізді. Олардың ішінде «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгілермен марапатталғандары да болды. Сондай-ақ ұстаздарға облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары берілді.
Естеріңізге салар болсақ, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының фойесінде облыстың білім беру мекемелерінің атқарып жатқан жұмыстарының басым бағыттарын көрсететін көрме ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылы Алматы облысының білім беру саласының бюджеті 153,7 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде білім беру нысандарының құрылысына 27 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылған. Өңірде 48 білім беру нысанының құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 44 мектептің 35-і пайдалануға беріледі. Білім күнінде 24 жаңа мектеп өзінің алғашқы оқушыларына есігін ашпақ. Осы мектептердің 23-і үш ауысымда оқыту мәселесін шешетін болады. Ал 2018 жылы тағы 10 мектеп салу арқылы үш ауысымда оқыту мәселесі толықтай шешілмек. Сонымен қатар, биылғы жылы 24 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін атап өткен жөн.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Әрі қарай

Оңтүстік ғажайыптары:"Сайрам сүт" ЖШС

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Сайрам сүт ЖШС

Ет өндірумен қатар Сайрам ауданы сүт өнімдерін өндіру мен өткізуде алдыңғы қатарда тұратынын біреу білсе, біреу білмес. Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан қазақ-өзбектің негізгі күн көрісі де осы мал шаруашылығы болып отыр. Оның үстіне, мемлекеттік бағдарламалармен алынып жатқан қаржыға, жергілікті кәсіпкерлер тек қана мал алуда. Мал алмай қайтсін, жері сулы, шөбі шүйгін Сайрамның халқы әбден мал өсіруде машықтанған. Әрбір отбасының кем дегенде 2 сиыры бар.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Сайрам сүт ЖШС

Аудан халқына сүт өнімдерін өткізу аса қиынға соғып отырған жоқ. Өйткені, Сайрам ауданында орналасқан 6 бірдей үлкен сүт өңдеу цехтары және Төлеби ауданының Көксәйек ауылында орналасқан «Фудмастер» ЖШС-і күнделікті тұрғындардың сүт өнімдерін қабылдайды.
1. «Сайрам сүт» ЖШС, Сайрам ауданы, Қарасу а/о, Қарасу ауылы — қуаттылығы тәулігіне 20 тонна сүт өңделеді.
2. «Балғын сүт» ЖШС, Сайрам ауданы, Қарасу а/о, Қарасу ауылы — қуаттылығы тәулігіне 5 тонна сүт өңделеді.
3. ЖК «Озай Зеки», Сайрам ауданы, Қарамұрт а/о, Қарамұрт ауылы — қуаттылығы тәулігіне 6 тонна сүт өңделеді.
4. «ШИШ К» ЖШС, Сайрам ауданы, Ақбұлақ а/о, Ақбұлақ ауылы — қуаттылығы тәулігіне 6 тонна сүт өңделеді.
5. «Рассвет» ӨК, Сайрам ауданы, Манкент а/о, Манкент ауылы — қуаттылығы тәулігіне 5,4 тонна сүт өңделеді.
6. ЖК Райымкулов З. Сайрам ауданы, Көлкент а/о, Көлкент ауылы -қуаттылығы тәулігіне 6 тонна сүт өңделеді.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Сайрам сүт ЖШС«Сайрам сүт» ЖШС бұл мүмкіндікке еліміздегі Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында қол жеткізген. Жеңілдетілген қаржыға Ресейден қондырғы алып, оның көмегімен 25 түрлі өнім шығарып жатыр. Зауыт облыстағы ішкі нарықтың 30%-ын қамтамасыз етеді.

Дайын өнімдер Шымкент, Түркістан, Кентау қалалары мен Сарыағаш, Төле би аудандарына сатылады. Сайрамның сүті мен айранын, майлы қаймағы мен құртын көрші облыстардағы дүкен сөрелерінен де көруге болады. Өндіріске қажетті сүт осы маңдағы фермерлер мен жеке малшылардан қабылданады. Алдымен оны залалсыздандырып, сосын барып өңделеді. Бастысы, кәсіпорын экологиялық таза, қоспасыз өнім шығаруды қолға алған. Жаңа технологияның артықшылығы, сүтті ірітпейді, ешқандай қоспа қосылмайды. Қазір 25 түрлі өнім шығаратын кәсіпорынның өнімдеріне деген сұраныс та артқан.
Әрі қарай

Оңтүстік ғажайыптары: «DALA-FRUIT.KZ»

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: «DALA-FRUIT.KZ»

«Оңтүстік өңірі кәсіпкерлік саласында көшбасшы аймаққа айналуы тиіс.» Бұл сөзді Оңтүстікке жасаған жұмыс сапарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сайрам ауданындағы жоғары технологияларды қолдану арқылы алма өсіріп, оны сақтаумен және сатумен айналысатын «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС-ң жұмыспен танысу сәтінде айтты.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: «DALA-FRUIT.KZ»

«DALA-FRUIT.KZ» ЖШС – тамшылатып суғару әдісімен қарқынды өнеркәсіптік бақ өсіру жобасын іске асырып келе жатыр. Жоба 2013-2015 жылдар аралығында 106,5 гектар жер теліміне алманың бес сұрыпын: Гренни Смит, Голден делишес, Фуджи, Финк леди, Гала және қара өріктің екі жылдық көшеттері отырғызылған. Баққа заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған тамшылатып суғару әдісі және карликті тұқым болғандықтан жел ұшырмас үшін шпалерлі жүйе қолданылады. 2016 жылы баудан бірінші рет өнім жиналды.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: «DALA-FRUIT.KZ»

Мемлекеттің индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС-нде бастапқыда 83 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, компания жұмысын бастаған үш жылда оның саны 277 адамға жеткен. Жалпы көлемі 106,5 гектар болатын серіктестік бауына 215 мың түптен астам жеміс ағаштары егілген. Яғни, мұндағы 1 гектер жерге шамамен 2500 түп ағаш көшеті қондырылған.
Әрі қарай

Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба

Халық арасында «екінші Швейцария» атанып кеткен Түлкібас ауданының қайсыбір ауылына барсаңыз да, таза мөлдір бұлағы мен саф ауасы, тұнып тұрған ғажап табиғаты, жанға жайлы демалыс орындары құшақ жая қарсы алады. Қаланың кептелісінен, бас айналдыратын көліктің түтінінен, мазаны қаштыратын у-шуынан шаршасам кезімде, 10 жылдан бергі тынығып қайтатын демалыс орныма айналып кеткен – Дәубаба ауылы.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба

Дәубаба – ОҚО, Түлкібас ауданы, Келтемашат ауыл округіне қарасты елді-мекен. Тұрғын саны 200-дей ғана. Облыс орталығынан 70 км-дей қашықтықта орналасқан.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба

Мұнда республикалық маңызға ие зоологиялық «Иірсу-Дәубаба» қорықшасы бар. Қорықша Сайрам –Өгем ұлттық табиғи паркінің құрамына өткен. Барлық өсімдік, жан-жануарлар мемлекет қадағалауында. Сонымен қатар, Дәубаба өзені ағып жатқан жерде, ұзыннан-ұзын созылып Дәубаба шатқалы жатыр.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба

Бұл ауылмен мені байланыстырып тұрған, университет кезіндегі курстасым Асқар. Асқардың атасы Ботбай руынан шыққан, кезінде Шымкент қаласын басқарған, қаламыздағы Дендросаябақ, ипподром салып берген Асанбай Асқаровтың немере інісі болып келеді. Көзі тірісінде көптеген игі істеріне, құлақ құрышын қандыратын әңгімелеріне қанық болдым.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба

Дәубаба ауылының атауы Дәубаба әулиенің құрметіне берілген. Жұртшылықтың әулие баба туралы білетіні шамалы. Осы орайда осыдан екі мың жыл бұрын Үйсін мемлекетін басқарған Күнбиі, яғни қазір Дәубаба әулие деп атап кеткен Дәу би туралы айта кету орынды.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба
Дәубаба зираты ежелден бері аймақ тұрғындарының жиі келіп, сыйынып, пір тұтатын киелі де қастерлі орындарының бірі болып саналады. Үйсін мемлекетінің ханбиі Дәу би де осы Түркібасы өңірінде, яғни Дәубаба ауыл¬ды мекенінен оңтүстік-шығысқа қарай 3-4 шақырымдай жерде жерленген.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба
1993 жылы «Жалын» баспасынан Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқианнан өзіме шейін» атты қазақ тарихынан сыр шертетін құнды еңбегі жарық көргендігі есімізде. Кітапты оқырман қауым қуанышпен қарсы алғанын да жақсы білеміз. Халық жадында ұмыт бола бастаған көптеген ұлы тарихи тұлғалар мен би-шешендеріміздің, ірі қолбасшылар мен батырларымыздың есімдерін қайта жаңғыртып, төл тарихымызды қайта қарауға айтарлықтай үлес қосты. Аталмыш еңбекте Дәу би туралы да аз-кем мәлімет беріле кеткендігі біз үшін таптырмас олжа болды. Өйткені Дәубабаның қай кезеңдерде өмір сүріп, кім болғандығы туралы деректердің жоқтығынан баба тұлғасы ұзақ жылдар бойы бізге жұмбақ күйінде қалып қойған еді. Міне, Қазыбек бек Тауасарұлының еңбегінен біраз дүниеге қанығып, көне замандарда ғұмыр кешкен бабаларымыз туралы білімдерімізді толықтыра түстік. толығырақ
Әрі қарай