Кім білген?

Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Осыдан біраз уақыт бұрын Эльвира Ерғалинаның интернетті шулатқан біраз суреттерін көріп «Не болып қалды?», «Не болды?», «Бұл не?» деп біразыңыз басыңызды ауыртқан едіңіздер… Кейінінен оның Эльвираның жаңа жұмыс орны, яғни «Жетінші арнадан» басталғалы жатқан «Кім білген?» жобасынан үзінділер екенін біліп, «Кім білгенді» күткенімізде өтірік емес.
Жарты жылға жуық уақыт көрермендерді түрлі салалар бойынша ақпараттандырып, таңқалдырған бағдарлама әне-міне дегенше алдағы аптаның ішінде аяқталғалы жатыр. Осы жұма «Кім білген?» бағдарламасының жүргізушісі Нуриддин Бидосовпен кездесіп, әңгімелесудің сәті түскен еді. Әңгімелесу барысында Нуриддиннен «Кім білгеннің» қалай дүниеге келгендігі туралы, «Кім білгенді» кімдер жасайтындығы және әрі қаратай жалғасы түсіріледі ме деген сынды сұрақтардың астына алған едім…
Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Мен саясаттанушы болғым келмейді!

Суреттер сөйлейді: Кім білген?Мен журналистикаға келемін деп ойлаған емеспін. Бір күні үйде теледидар көріп жатсам «Облыстық телеарнаға жүргізуші қажет» (Шымкент облысы – авт.) деген хабарландыруды көріп телеарнаға кастинге бардым. Барсам 50 шақты адам жүр. Біреуі өлең, біреуі мәтін жазып келген, қызу дайындық үстінде. Мен олай келу керек екенін білмеймін… Сол жерде сөреде жатқан газетті алдым да менің кезегім келгенде хабарландыруларды оқыдым. Соны оқып, әйтеуір телевидениеге өтіп кеттім. Бірақ 3 күн тәжірибеден өткеннен кейін мені шығарып жіберді. Кастингтен екі жігіт өткен едік. Менімен бірге өткен жігіт бұрын радиода істеген еңбек өтілі бар жігіт екен соны жұмысқа алды. 3 айдан кейін ол аяқ астынан жұмыстан шығып кетіп, мені қайта шақырды. Сөйтіп телевизияның қызып жатқан қазанына түсіп кеттік…

Өмірімде тележүргізуші боламын деп ойламағаннан кейін басында өте қиын болды. Жұмыс істемей-ақ қоямын бааа деген ойлар жиі келіп жүрді. Сонда әке-шешем «Жақсы жұмыс қой істей бер, оның үстіне ұлымыздың бүкіл облысқа жаңалық оқығаны бізге де абырой» деп өз оймынан айнығанмын. Бүгінгі күні осы салада жүргеніме 15 жылдай болды. Өзімнің негізгі мамандығым саясаттанушы. Өз мамандығым бойынша жұмыс істеп көрген емеспін. Шынымды айтсам істегім де келмейді (күлді-авт.).

«Аян. Дала аңыздарының» жаңа маусымы болмайтын болғаннан соң сол ұжымыммен «Кім білгенді» алдым.

Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Мен 10 жылдан аса уақыт тек жаңалықтарды жүргізген адаммын. Бұрындары да «Аян. Дала аңыздары», «Кім білген?» деген сынды жеке жобаларды жүргізуге ұсыныстар болған, бірақ ол уақыттары келіспеген едім. Былтыр Әлия Баймұхамедованың ұсынысымен «Аян. Дала аңыздары» жобасын бастадым, содан кейінгі екінші жобам осы «Кім білген?» болды.
«Кім білген?» жобасын да жүргізуді ұсынған Әлия Баймұхамедова еді. «Аян. Дала аңыздарының» кезекті маусымы аяқталғаннан кейін, сол кезде әрі қаратай жалғасы болмайтының білгенде осы ұжыммен «Кім білгенді» алайық деп шештім.

Суреттер сөйлейді: Кім білген?
«Кім білген?» ерекше бағдарлама.
Кез-келген арнада арнайы репортаждар болады. Бірақ «Кім білгенді» ерекше деп айтуға толық құқым бар. Өйткені біз кез-келген тақырыпты көрерменнің көңілінен шықсын деп оқиғаны арасында ойнатып, кейде күлдіріп, кейде жылатып жеткізіп жатамыз. Ондағы ойымыз көрермен біздің хабарды көрген кезде камераның арғы жағында оператор емес өздері болып, оқиғаны көріп, мәтінін жазған журналист емес өздері сонда тұрғандай сезінсін деген ой болды. Одан кейін кез-келген тақырыпты ол ауыр тақырып болсын, жеңіл тақырып болсын адамды терең ойландырып жіберетін емес, кез-келген дүниені жеңіл қабылдап, тез қорытып, ішінен өзіне қажеттісін сіңіріп алсын деген ой болды. Соның арқасында болар басшылар біздің ұжымның жұмысын жоғары бағалап, «Кім білгеннің» екінші маусымына тапсырыс беріп отыр. Құдай қаласа келесі жылы жаңа 31 серия түсіргелі жатырмыз. Осы жерде көрермендерімізге өздерін қызықтыратын тақырыптар болса бізге телефон, электоронды почта, хат арқылы хабарласып жатса, біз оны түсіруге өте қуанышты болатындығымызды айта кеткім келеді. Сонымен қатар, келер жылы көптеген көрермендеріміздің сұрауы бойынша «Аян. Дала аңыздарының» үшінші маусымын түсіру ойымызда бар. Әзірше ол қалай болады, қайда түсіріледі белгісіз. Тағы да көрермендерімізге осы «Аян. Дала аңыздарының» үшінші маусымын қандай етіп көргілері келетіндігін хабарласып, өз ұсыныстарын айтса деген тілегіміз бар екендігін айта кеткім келіп отыр.

Біздің ұжымда 14-ақ адам бар.
Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Біздің ұжым үлкен емес. Небәрі 14 адам «Аян. Дала аңыздарын», «Кім білген?», «Выход есть» деген жобаларды алып жүрміз.
«Кім білген?» жобасының идея авторы Әлия Баймұхамедова, тақырыптарды ұжым болып отырып талқылап, бекітеміз. Ал сценариін жазатын редакторларымыз Саида Елшібаева, Нұртілек Риянбекқызы, Эльвира Ерғалина болды. Арасында мен де өз тарапымнан айтатын дүниелерім болса толықтырып отырдым.
Кез-келген жұмыста, кез-келген бастамада қиындықтар болады. Бірақ Аяна Койчиманова, Райса Мукуева, Елдар Курманбаев деген продюсерлердің арқасында алдымыздан шыққан барлық қиындықтардан қиналмай шығамыз.

«Кім білгеннің» кейбір бағдарламалары 2-3 ай түсірілді.
Суреттер сөйлейді: Кім білген?
«Кім білген?» небәрі 30 минуттай ғана болса да үлкен еңбекті талап ететін жоба. Кейде бір хабарды түсіру барысында бір апта толықтай кетіп қалады. Менің стэндаптарымның өзін жазу кейде екі күнге шейін созылса, сценариді жазып, оны келістіруге 2-3 күн кетеді. Оның ішінде түсірілім өтетін алаңдарға рұқсат алу, реквизиттерді дайындау бәрі-бәрі уақыт алады. Тіпті кейде бағдарламаны ұжымның жұмыста қонып жасайтын кездері де болады… Кейбір серияларын түсіруге 2-3 ай кетті. Яғни бір оқиғаны түсіреміз деп бастаймыз да, оның басын түсіріп қоямыз ал соңы бірнеше айдан кейін болатын оқиғамен байланысады.… Сол сынды ұзақ түсірілген серияларымыздың бірі "Қазақстандық шоу бизнес еді". 30 минут қана болғанымен, «Кім білген?» ол үлкен ұжымның жұмысы екендігін ұмытпау керек!

«Кім білген?» мені бір сатыға өсірді.
Бүгінгі күні біздің өміріміздегі ең басты дүниелердің бірі ақпарат қой. Ақпарат деген жан-жақтылық. «Аян. Дала аңыздары», «Кім білген?» жобалары арқылы дүниетанымым кеңейді, көп нәрседен ақпарат алдым, көп адамдармен жақын таныстым, журналистикалық бағыт бойынша өстім, жаңа бір сатыға көтерілдім деп айта аламын. Ең бастысы өзіме ұнатын ұжыммен бірге жұмыс істегеннен рахат таптым.
Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Келер жылы «Кім білген?», «Аян. Дала аңыздарының» жаңа маусымдары, күнделікті жаңалықтарым бар. Осыларды Алла сәтін салып барлығын уақытылы түсіріп, тапсырып жатсам өзге жобаларға да дайынмын. Тіпті киноға шақырып жатса, кино, телехикаяларға да түсуге қарсы емеспін (күлді – авт.).
Суреттер сөйлейді: Кім білген?

P.S. «Кім білгеннің» 1 маусымының қорытынды, әрі жаңа жылдық бағдарламасы 28 желтоқсан күні сағат 20:30-да «Жетінші арнадан» көрсетіледі. Нуриддиннің және «Кім білген?» жобасының ұжымының айтуы бойынша бұл бағдарлама жаңажылдық ең ерекше бағдарламалардың бірі болмақ :)
Әрі қарай

Блогиада-2014 жүлдегерлері марапатталды

Блог - asaubota: Блогиада-2014 жүлдегерлері марапатталды

Қазақ блогерлері арасында наурыз айында басталған Блогиада жарысы өз мәресіне жетті. “Инвесторлар альянсының” демеушілігімен өткен Блогиада қорытындысы 18 желтоқсан күні Астана қаласындағы Multispace коворкинг орталығында өтті.

Жарысқа Алматы, СҚО, ОҚО, Қызылорда, Қарағанды, Атырау облыстары және Алматы, Астана қалаларынан 31 блогер қатысты. Қатысушылардың ең жасы 18, ең үлкені 33 жаста. Конкурстық жазбалар Қазнеттегі 13 түрлі блогта жарияланды. Жалпы 8 ай ішінде Блогиадада 338 пост жазылды.

8 айлық марафонның нәтижесінде 1-ші орынды Қызылорда облысынан ағылшын тілі аудармашысы Асқар Базарбай иеленді. Жүлдегер финалистер қатарына танымал блогер, Kaztube порталында жоба жүргізуші Эльвира Ерғалина, Еуразия Ұлттық Университетінде мұғалім Әйгерім Кеулімжай, ОРТ-Еуразия телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Маралбек Сағынғанов кірді. Бас жүлде иесіне “Инвесторлар Альянсы” президенті Азаматхан Әміртай 1.000.000 теңге табыстады, ал финалға өткен жүлдегерлерге 100.000 теңгеден сыйақы берілді.

Әрі қарай

ТӘУБА-пост

Райымбек даңғылынан төмен, әл-Фарабиден жоғары өмір жоқ деп өскен қала қызы едім. Кейін білдім ғой, өмір барын… Әл-Фарабиден жоғарыдағы өмірді армандамай-ақ қоюға болатынын білсем, Райымбектен төменгі өмірді де армандайтын адамдар бар екенін де енді түсініп жатырмын.
Бүгін күні бойы ауыл араладым. KCell компаниясының қолдауымен «Шұғыла» қоғамдық қоры жағдайы төмен отбасыларға көмір таратты. Біреуге бір тонна, біреуге үш тонна… Біреу риза, біреу тағы болса дейді.
Көргенім мен сезгенім бөлек әңгіме.

Апталық Піздүк пост номинациясы: ТӘУБА-пост
Мына әйелдің жасы алпыста. Ішімдікке салынып, қылмыс жасап жүрген ұлы бар екен. Тұратын үйі — малқорадан да жаман. "Қарашаның басында бір тонна көмір әкеп беріп едім, нашар екен, жанбайды. Енді мына көмір қандай екенін құдай білсін. Сонда да рахмет. Маған «Шұғыладан» басқа ешкім көмектеспейді" деп отыр.
Көз алдыма өз шешем келді. Ол да алпыста. Мейлі, құндыз тон кигізіп, торғын шәлі жауып, шетелге саяхатқа жібермесем де, биыл Қытайдағы төркініне барып келетін қаржы тауып бере алмай сөзге қалсам да, оюлы камзолын киіп, ақ жаулығын тағып, немересін жетектеп қонаққа барып жүргенінің өзі бақыт екен ғой.

Апталық Піздүк пост номинациясы: ТӘУБА-пост
Мына әйелді бес жасар баласымен екіқабат күйінде күйеуі тастап кетіпті. Қазір ұлы он жаста, қызы төрт жарымда. Жұмыс таба алмай, табылған жұмысты кішкентай қызын қарайтын адам таппай істей алмай, пұшайман күйде отыр. «Маған жұмыс тауып беріңдер, оған дейін ай сайын күнкөріске ақша беріп тұрыңдар» дейді. Біреудің босағасын паналап отыр. Ұлының мектебіне жаңа жылға бес жүз теңге сұрапты. Бере алмадым дейді. Мен бір мектепке бес мың, екіншісіне — он мың өткіздім. ТӘУБА. Пұшайман халге түскенде көмек қолын созған, «мына жұмысты сенен басқа ешкім істей алмайды» деп жұмыс берген достарым, балама баc-көз болған туыстарым бар.

Апталық Піздүк пост номинациясы: ТӘУБА-пост
Мына отбасында бес бала, алтыншысы шешесінің ішінде. Тұратын үйлері — сегіз шаршы метр бөлме. Қызылордадан көшіп келіпті. «Неге келдіңдер?» десем, «осы жақта да тұрып көрейік деп» келдік дейді. Бір жағынан ызам келді. Күніңді көре алмасаң неге келдің? Бір жағынан қызықтым))))) Сегіз шаршы метрде тұрып жатса да сәбилі болудан тартынбайтын не деген жұбайлық махаббат десеңші!

Апталық Піздүк пост номинациясы: ТӘУБА-пост
Мына үйге үнсіз кіріп, үнсіз шықтық. Үй анасы «ләм» деп аузын ашқан жоқ. Тек фотоаппарат пен камераға қарап күлімсіреп отыра берді. Жағдайын айтып байбаламдамады, ешкімнен ештеңе сұраған жоқ. Тек бойжетіп қалған қызы ғана бетін жасырып, теріс қарай берді. Бұл отбасында тоғыз бала бар. Үлкені жиырмада, кішісі — анау сүт еміп жатқаны. Тұратын үйлері — осы бір бөлме, алдында сенегі бар. Табалдырықтан аяқ киіммен аттауға батпай, етігімізді сыртқа шештік. Тазалыққа таң қалдық. Шкафтың үстінде тазалап қатталып оралған кішкентай баланың жөргек, киімдеріне көзім түсті. Апайдың өзінің өңін бермеген әдемілігіне сүйсіндім. Тоғыз баламен осындай тоқмейіл тірлік кешіп отырған адамды көргенде, өз тірлігіме тағы ТӘУБА дедім.

Мұндай кедей тірлікті тек Майлиннің шығармаларынан ғана оқыған шығармыз. Мен көргенім — тек шет жағасы ғана ғой. Көрген көріністен ішім удай ашып кетіп еді, қалаға қайтар жолда хан сарайындай мейрамхана тұр екен. Сөйтсем, бәрі біз көргендей жаман емес екен ғой, бар екен ғой бай-бақуатты адамдар, ТӘУБА.

Суреттер e-event агенттігінен алынды, авторы — Николай Судаков
Әрі қарай

Android-қа WIFI пернетақта

WIFI клавиатура – смартфон пернетақтасын компьютер браузерімен басқаруға көмек беретін қосымша. Яғни браузердің көмегімен смартфонда мәтіндерді теру мүмкіндігі бар.
Компьютер мен телефон арасында байланыс орнату үшін екі құрылғы да бір WIFI желіге қосулы болу керек.
Орындалатын қадамдар:
1. Бағдарламаны жүктеп алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: WiFi Клавиатура.
2. Орнатқаннан кейін төмендегі терезе ашылады.
IT маманның кеңестері: Android-қа WIFI пернетақта
3. Қосымшаны баптап алуымыз қажет:
IT маманның кеңестері: Android-қа WIFI пернетақта
4. Бағдарламаны іске қосып, қызылмен белгіленген адресті кез келген браузердің адрес жолына тереміз.
Ол әр телефонда әртүрлі болады.
IT маманның кеңестері: Android-қа WIFI пернетақта
IT маманның кеңестері: Android-қа WIFI пернетақта
5. Бірақ «Жазу жазатын аймақта» терген мәтініңіз браузерде көрінбей, тек смартфонның мәтін аймағында көрінеді.
IT маманның кеңестері: Android-қа WIFI пернетақта


Әрі қарай

"Дыбыссыз режимде" блогерлер

Блог - kaztube: Дыбыссыз режимде блогерлер

Kaztube.kz бейнепорталының «Дыбыссыз режим» атты жобасына әнші, актер, жайдарманшы, журналист сияқты танымал тұлғалармен қатар әлеуметтік желілерде есімі таныс блогерлер де қатысты. Блогерлердің өзара әзілі жарасып, достық қарым-қатынасы тығыз болғандықтан шоудағы тапсырмаларды орындау қиынға түспеді деп ойлаймыз. Өздеріңіз көріп, бағасын беріңіздер :)

Әрі қарай

"Керек тілші" репортаждар сайысының жеңімпаздары марапатталды

Блог - asaubota: Керек тілші репортаждар сайысының жеңімпаздары марапатталды

КерекИнфо сайтында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткен репортаждар конкурсы аяқталды. 4 апта бойы блогерлер өз өңірлеріндегі жаңалықтарды репортаж форматында бөлісті. Сайысқа Астана және Алматы қалалары, Қызылорда, ШҚО, СҚО, Атырау, Қарағанды облыстарынан барлығы 15 блогер қатысты.

Блогерлер 1 ай ішінде Салауатты өмір салты, Қоғам, Кәсіпкерлік, Мәдениет тақырыптары бойынша 39 жазба жазды. Репортаждарда қоғамдағы мәселелер, тұрмыстық тақырыптар, түрлі іс-шаралардан фоторепортаждар, сұхбаттар, қала көріністері орын алды.

«Мақсатымыз қазақ блогосферасын және азаматтық журналистиканы дамыту. Блогерлердің азаматтық журналистика саласында шеберліктерін шыңдау, оларды ынталандыру, блогосферада тұлға ретінде қалыптастыру, аймақтардағы жаңалықтарға назар аударту, жетістіктерді және мәселелерді көрсету болған еді. Болашақта мұндай шараларды жиі ұйымдастыратын боламыз және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз» дейді аталмыш жобаны ұйымдастырушы Аршат Ораз.

4 турлық Мини-блогиадада ең көп ұпай жинаған жүлдегерлер Зарина Долатаева (Шығыс Қазақстан облысы), Ая Өміртай (Астана қаласы), Нұрлыхан Қалқаманұлы (Қарағанды облысы) бағалы сыйлықтармен марапатталды.

baq.kz
Әрі қарай

CoffeeNova жаңа тәттілерін таныстырды

Блог - asaubota: CoffeeNova жаңа тәттілерін таныстырды

Астананың танымал кофеханаларының бірі CoffeeNova бүгін 30-дан астам жаңа тәтті өнімдерін таныстырды. Кофехана қонақтарына түрлі торт, печенье, тоқаш, бәліш және тағы басқа тәттілер ұсынылды.

Блог - asaubota: CoffeeNova жаңа тәттілерін таныстырды
CoffeeNova қожайыны Айжан — бұрынғы мемлекеттік қызметкер, ІТ саласында жұмыс істеген. Үш бала туғаннан кейін бизнеспен айналыса бастапты.

Блог - asaubota: CoffeeNova жаңа тәттілерін таныстырды
Айжан жаңа рецепттерді Испанияға барып үйреніп келген.

Блог - asaubota: CoffeeNova жаңа тәттілерін таныстырды
Кей тағамдардың ұнын Италиядан алдырады екен. Мысалы жақсы круассан пісіру үшін біздің ұн жарамайды.

Блог - asaubota: CoffeeNova жаңа тәттілерін таныстырды
CoffeeNova-да түрлі еуропалық тәттілер таба аласыз. Макарони печеньесінің 4 түрі бар.

Блог - asaubota: CoffeeNova жаңа тәттілерін таныстырды
Бағалар тым қымбат емес, сапа және тәтті дәм үшін лайықты бағасын төлейсіз.

Блог - asaubota: CoffeeNova жаңа тәттілерін таныстырды
Торттар өте дәмді және жеңіл. Шамамен 4-5 мың теңгеге жақсы торт ала аласыз. Ал ең қымбат Карамель тортының 1 килосы — 6000 теңге.

Блог - asaubota: CoffeeNova жаңа тәттілерін таныстырды
Мекенжайы: Астана қаласы, Сығанақ көшесі 15.
Тапсырыс үшін: 8-701-805-99-55
Әрі қарай

Қар жауып тұр...

Далада қар жауып тұр. Ақ ұлпалар ауада қалықтап, «қысқы вальс» биіне жаттығу үстінде. Үрімшінің көше тазалықшылары мен бірінші курс студенттерінің қолына амалсыздан күрек ұстатқан бұл қардың жауғанына бір аптадай уақыт болып қалды. Пердені ысырып, терезені аштым. Менің құрқылтай ұясы секілді кішкене бөлмеме салқын желмен еріп қысқы тымық, таза ауа лебі енді. Жоқ, кешіріңіздер, таза емес. Тымық та емес. Үрімшінің ауасы бұлай суреттеуге мүлдем сәйкес келмейді… Дұрысы машина түтіні, мұнай зауыты мен металлургия зауытының түтініне жол бойы тізбектеле орналасқан ұйғыр саудагерлерінің қой еті кәуабының түтіні, одан қала бере қытай асханасынан шыққан чоу дофу (сасық сүзбе) иісі, бұрышта дүнген шал сатып отыратын қақталған тәтті картоп иісі, араласқан ауа лебі. Осы бір қысық көз қытайлар мен мұртты ұйғырлар мекендеген кішкене қалашыққа келгелі бір жылдан астам уақыт өтіп кетті. Үйренген секілдімін… Алғаш аяқ басқанда еденнің бес батпан кірін көріп жүрегім айнып енді келместей боп кері бұрылып кеткен дүнген асханасы, казыр жиі барып тұратын жеріме айналды. Тұңғыш рет ұйғыр самсасының дәмін татқанда,ішінен үлкендігі бас бармақтай құйрық май атып шыққан кезде, үш күн бойы ас атаулыны аузыма алмағаным есімде, ал қазір таңғы асқа не жеп жүр деп ойлайсыздар?.. Бірінші рет автобусқа отырып айналаны тұмшалаған қолаңса иісіне шыдамай түсіп кетіп жатақханаға дейін таксилетіп жеткенім есімде, қазір ол иіс те«моңғол әтірі» деген ресми бренд атқа ие болып, үйреншікті иістердің қатарына заңды түрде қосылды. Жаңадан келгенімде көзіме аса жабайы көріген қысы жазы басынан алуан түсті орамал (орамал неғұрлым реңкті болса соғұрлұм «сәнді») мен бұтынан гамаж тастамайтын (гамаж шамасынша қалың болу керек, оның сыртынан қара шұлық пен қызыл туфли киіп алсаңыз сізден өткен «сәнді» адам жоқ) ұйғыр бойжеткендері мен үстіне «моңғол әтірін» сепкен (ондай әтіріңіз болмаса соңғы сән үлгісінен қалып қойдым дей беріңіз, және ұйғырдың «крутой» жігіттерінің мазағына қалу қаупі бар)қиылған,қара мұртты ұйғыр бозбалалары да күнделікті күйбең тіршіліктің бір көрінісі болып кетті.Бұл қалаға енді келгенде қалыпсыз болып көрінген, түскі асын ішіп отырып, ащы бұрыштың әсерінен танауынан аққан сұйықтықты барынша қатты дауыспен шығарып тастап, ары қарай тамақтана беретін, немесе уақыт тығыз болып бара жатса, жұмысқа не оқуға кетіп бара жатып жолда тамақ жей беретін, автобуста отырып уақытты бос өткізгісі келмей қалтасынан тістеуігін шығарып тырнағын алып отыратын қытайларға да, күннің ыстық суығына қарамастан көтенінде кең жырығы бар шалбар киіп алып, асыр салып жүретін қытай бүлдіршіндеріне де, кітап дүкенінде не кітапханада тізілген кітап сөрелерінің арасында жерге отыра кетіп кітап оқитын, отырған жерінде оқулықты құшақтаған күйі қаннен қаперсіз ұйықтай беретін қытай студенттеріне де көзім үйреніп кетті.
Үйрендім… бәріне де… үйренгенім соншалықты жалығып кеттім… Күнделікті қайталана беретін көріністерден, бірізділіктен… Бірқалыпты сұрықсыз сұрқай өмірімнен… Еңсемді басқан бір ауыр нәрсе… Сағыныш сияқты… Ия шынымен сағыныш… Туған жерге сағыныш.....Қазақстанға деген сағыныш....Қанша жерден пафосты естілсе де бұл шындық…
Далада қар әлі жауып тұр. Толастайтын кейпі жоқ. Түнімен жауатын секілді…
Әрі қарай

"Солнышко" үйірмесі

— Мәке, көрінбей кеттің ғой? — деп Амантай амандасып, асханаға кіріп кетті. Күн сенбі болатын. Қолымдағы бір жапырақ қағазды жетекшіме тапсырдым. Жұмыс уақыты аяқталған соң Мәдениет сарайына жол тарттым. Қарным да аш еді. Соған қарамастан Талия Рафаэлловнаның ашық сабағына қатысуға бел будым. Қаланың тарихы тұнып жатқан мұражайға барған күні «Солнышко» мультипликация үйірмесіне де кіріп шыққан болатынмын. Бұл үйірмеге жиырмаға жуық оқушы қатысады екен. Ашық сабақтан соң ғана бұл ұжымның жұмысымен толықтай таныса алдым.

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесі

Мультипликация

Өлген тілдің түсіндірме сөздігінде мультипликация сөзіне «көбейту» деген түсініктеме берген. Қазақша айтсам, техникалық амалдар арқылы үстелде жатқан суреттердің ауысу реті бойынша қозғалыстағы суреттер иллюзиясын жасау ғой. Еуропалықтар мұны «анимация» дейді. Француздардың сөзі екені рас, Le Grand Robert деген алты томдық түсіндірме сөздігінде бұл сөзге «тірілту», «жан беру» деген мағына берген. Жалпы, мультипликация туралы орыстар жақсы мәлімет берген. Ал мен ашық сабақ барысында мультфильмнің әлі жарық көрмей тұрып қандай қадамдардан бастау алатынын көргем. Grand Duos-ым көргенімен бөліссін ал.

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесіАлғаш келгенде мұғалім мен оқушылар диалогының куәсі болғанмын. Жоқ, бұл мектеп емес, үйірме. Талия апайдың педагогикалық іс-әрекетіне қызықтым. Балаға деген мейірімі де бар, жұмысына деген адалдығы да көрініп-ақ тұр. Балалар ойынға еріксіз беріліп кеткен тұста ұстазы үлгілі түрде ескерту жасап, балалардың ойынды ары қарай жалғастыра беруіне рұқсатын бергені де естен кетер емес. Бұл балалар мультфильмді қалай жасайды екен? Өздері дыбыстайды екен. Жалпы, мультфильмді дүниеге әкелудің қиындығын саналы түрде дұрыс түсінемін. Міне, балалардың қандай міндеттер атқаратыны, мультфильмді қалай дыбыстайтыны менің ұйықтап жатқан қызығушылығымды анимациялық түрде теуіп оятқан да болатын.

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесі

Жаттығулар жұмысыМен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесіМен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесіБалалар жаттығудың жеңіл түрінен бастаған болатын. Бір қызығы, ұстаз да бірге жаттықты. Әй, педагог деп бекер жазбадым ғой мен. Әлбетте, мұндай жаттығулардың мультипликациямен қырық қайнаса да сорпасы мен көжесі бірге қайнайды. Бар болғаны, назарыңыз суреттерде болсын.

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесіБұл не жаттығу деп ойыңызға «жоңғар шапқыншылығын» жасай көрмеңіз. Сіз үшін жаттығуларды видеоға түсірген болатынмын:


Мына видеода балалардың мультфильмді қалай дыбыстайтынын көрмесеңіз де, дауыстарына қызығатын боласыз. Жаңылтпаштарды сайрай жөнелетін дауыстар әлгі Союзмультфильм туындыларындағы дыбыстауларға өте-мөте ұқсайтын сияқты, иә?!




Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесі


Мультфильм

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесіНегізі, ашық сабақта көбінесе жаттығумен жұмыс болды. Содан соң мұғалім нобайдағы жұмысымен бөлісті:



Сабақтың соңына таман балалардың пластилиннен жасаған кейіпкерлерін көрдік.Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесіМен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесі

Сабақтың қанша уақытқа созылғаны есімде жоқ екен. Әйтеуір, қарнымның қатты ашқаны анық есімде. Шаршау да болды. Мұнда сонымен қатар «Мечта» сурет өнері студиясы бар еді. Ал оның жай ғана көрмесі өтіп жатты.Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесіМен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесіЕлена Васильевнаның балаларының суреттерін тамашалауға шамам жетпеді. Қарнымның қатты ашқаны әрі қарай шыдатпады. Талия Рафаэлловнаның да пікірін алмай үйге қайтып кеттім. Дегенмен, қаңтар айында дыбыстап, ақпан айына қарай мультфильміміз дайын болады деген.

Ертеңіне жұмысқа жетсем, директор мырза арызыма қолын қойған екен. Жетекшім арқылы жолдаған болатынмын. Айлық та түскен екен. Түбіртекті жыртып тастадым. Өткен айда да осындай жиырма мың теңгенің көлемінде айлық алған едім. Жұмыстан өз еркіммен шыққаныма еш өкінбедім...

P.S.

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Солнышко үйірмесі
Әрі қарай

"Желтоқсан оқиғасын" қалай түсініп жүрміз?

«Желтоқсан оқиғасы» Тәуелсіздік әперді ме?

     Күмәнім бар. Бірақ осылай айтқаным үшін қаншама адамнан балағат естігенімді санап тауыса алмаспын :) Өйткені 16-желтоқсан қарсаңында әлеуметтік желілерде тәуелсіздігімізді алып берген желтоқсаншылар деген пікір белең алып жүр. Тіпті сол оқиғаға қатысқандардың өздері осы пікірді алға тарта беретіні жасырын емес. Тікелей айтпаса да, жанама түрде. Тіпті баспасөз беттерінде де кездесіп қалып жүр. Блог - kokbori: Желтоқсан оқиғасын қалай түсініп жүрміз?Рас, «Желтоқсан оқиғасы» қазақ тарихында ауыр да қасіретті парақтың бірі болып жазылары белгілі. КСРО атанған қанқұйлы алып машинаның алдына қаймықпай қарсы шыққан батырларды қалай құрметтесек те, артық болмас. Бірақ...
     Кішкене кезімнен бері естіп келе жатқан осынау «Желтоқсан оқиғасы» туралы қаншама шығарма, қаншама деректерді оқыдым. (Яғни қазір құпия құжаттарға қолы жетпейтін, тек желтоқсан туралы іздеген адамның қолына түсетін құжаттар мен тарихи деректерді қарасаңыз, осы сұраққа мен сияқты күдік келтіретініңіз белгілі). Сонда да дәл тақырыптағы сұраққа жауап таба алмадым. Сөз көбейтпей, неге күмән келтіретінімді қысқаша айтып кетейін.
     Айталық тәуелсіздікті кімнен алдық? Әлбетте, КСРО-дан. Ендеше нақты құжаттар мен тарихи деректер, шетел баспасөзіндегі шолуларға қарасақ, «қызыл империяның» құлауына «қырғи-қабақ соғыс», мұнай бағасының арзандауы, соның салдарынан рубльдің құнсыздануы, экономиканың әлсіреуі, қала берді КСРО генсекретары Горбочевтың ЦРУ-дың адамы деген пікір әлсіз болса да, баспасөздерде аз айтылып жүрген жоқ. Ал желтоқсан оқиғасының ықпалы туралы бірде-бір дерек естімеппін.
     Әрине, оқиға туралы деректердің бәрін оқып шықтым деу мүмкін емес. Бірақ баршаға қолжетімді құжаттарды оқып шыққанда, күмәнім қоюлана түсті. Негізі бұл пікір кейінгілерді 1991 жылғы 16-желтоқсанда қол қойылған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен шатастырып алғаннан туындаса керек.
     Ал енді «Желтоқсан оқиғасына» оралайық. Сол кезге көз салсақ, ең маңызды бір сұрақ туындайды:

16-желтоқсанда жастар тәуелсіздік үшін күресті ме?

     Тағы да күмәндімін. Біріншіден, деректерге қарағанда жастар шеруі 17-желтоқсанда басталды. Әлбетте, оған түрткі 16-сы күні Г. В. Колбиннің Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы болып тағайындалғаны екені рас. Бірақ біз айтып жүрген оқиға ертесі басталып еді ғой.
Блог - kokbori: Желтоқсан оқиғасын қалай түсініп жүрміз?     Екіншіден, шеруге шыққан жастардың қолында "Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек" деген ұранмен қатар, «Ленин идеясы жасасын!» плакаттар да болған. Бұл нені білдіреді?
     Демек, олардың ойларында КСРО-ны құлатайын, болмаса қазақ жеке шықсын деген «өзге пиғылды» ниет болмағаны көрініп тұр. Сонда олар қалай Тәуелсіздік алып бермек? Оның үстіне КСРО-ны сақтап қалу жөніндегі референдумда Қазақстан халқы «иә» деп жауап берген және одақтан ең соңғы болып шыққан мемлекет болды. Бұған әрине, басшылардың қатысы болар, бірақ сол кезде желтоқсаншылардың еңбегі қайда?
     Осындай жайттарға қарап, қорытынды жасасақ, «Желтоқсан оқиғасы» КСРО-ның тарауына негіз болған жоқ деген пікірге тірелеміз(Қазақстанның соңғы болып шыққанын ескеріп, КСРО-ның тарауы ұғымымен бір қарап отырмын).
Алайда, қазақ халқының өміріндегі маңызды кезең болғандықтан, оған нақты баға берілу керек. Алайда «әрі тарт, бері тартпен» әлі шешілмей келе жатқан мәселе бұл. Әлеуметтік желідегі жұртшылықтың да «Тәуелсіздік күні» қарсаңында жұлмалап жатқаны да осы сұрақ:

Желтоқсан оқиғасы: қозғалыс па, көтеріліс пе, әлде толқу ма?

     Мүмкін, 17-желтоқсан. Жарайды, қойшы ол маңызды емес. Маңыздысы қандай дүрбелең?
     Оқиға емес деушілер өте көп. Әй, сонда болған жағдайды оқиға демегенде, не деп атаймыз? Оқиғаның үлкен-кішісі болады. Бірақ олай айту баға беру емес қой. Сондықтан тағы бөлшектеп көрейік.
     Жалпы саяси қозғалыстың анықтамасы – өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады екен. Осы жағынан аздап келеді. Бірақ қозғалыстың нақты сипатында белгілі бір мерзімді болмай ма? Бастаушысы, басқаруылуы, ұйымдастырылуы тағы бар дегендей… Ал деректер Желтоқсан оқиғасына Колбиннің тағайындалуы түрткі болғанын айтады. Басы да, аяғы да жоқ, өте қысқа мерзімді қозғалыс болуы мүмкін емес.
     Көтеріліс десек, бірден көз алдымызға қару ұстанған адамдар елестері сөзсіз. Басқа не болушы еді?! Аты айтып тұрғандай көтерілу, өре түрегелу. Қанша жерден стихиялы түрде болса да, көтерілістің де бастаушысы, ұйымдастырылу мерзімі болады. «Азаматтық көтеріліс» дегенді алға тартсаңыз да, ол аяқ асты пайда болмайды. «Бұрқ ету» деген тіркес әдеби шығармаларда болар. Әйтсе де аттан дегенде билікке қарсы атқа міне шапқан әрекетті қазақ тарихынан таба алмайсыз. Демек бұл нұсқа да «істен шықты».
Блог - kokbori: Желтоқсан оқиғасын қалай түсініп жүрміз?     Менің ойымша Желтоқсан оқиғасы толқуға көбірек келетін сияқты. Былайша айтқанда мемлекет ішіндегі билікке наразылық. Өйткені жоғарыда айтып өткендей, алаңға шыққан жастардың ойында егемендік алу, жоғары билікті құлату, болмаса коммунистерден азат болу болмағанын көріп отырмыз. Рас, Қазақ АКСР-ы басшылығына қазақ отырсын деген талап болды. Бірақ бұл ұлттық саясатты негізге алды деуге келе ме, тәуелсіздікті былай қойғанда? Жеке басты кемсітушілік салдарынан осындай жағдай болды деуге мәжбүр етеді тарихи деректер. Өйткені бұған ұлттық дейтіндей орыс пен қазақтың арасындағы шиеленіс емес, алаңға шыққан жастардың басым көпшілігі қазақ болғанмен, ішінде 26 орыс, 18 ұйғыр, 10 татар, 7 қырғыз, 4 өзбек, 4 кәріс және бірнеше (қарақалпақ, грузин, шешен, грек, украин, башқұрт) ұлтының өкілдері болғандығы дәлел бола алады (тапқан деректер бойынша бұл мәліметтер сол кездегі ішкі істер министрлігінен алынған).
     Көрдіңіз бе, тапқан-оқыған деректерім менің осылай ойлауыма әсер етіп отыр. Ал бұндай билікке қарсылық қазір әлемнің түкпір түкпірінде болып жатыр. Тіпті Еуропа елдерінде де. Бірақ бұны ешкім көтеріліс немесе қозғалыс деп атамайды. Толқу деп баға береді. Айталық Түркиядағы Гези саябағындағы талдарды кесуге қарсы наразылықтың соңы Ердоғанға кет деумен жалғасқан жоқ па? Онда да бірнеше адам өліп, мыңдаған адам жараланған еді.
Білем, сіздің көкейіңізде «жастар өзге ұлт өкілінің сайлануына қарсы шықты, Түркиядағыдай емес» деген пікір тұр. Бірақ ол да өтірік сөз. Өйткені Деректер Қонаевтың орнынан алынғанына емес, айдаладағы Колбиннің сайланғанына наразылық туғанын айтады. Әйтпесе оған дейін Қазақстанды кіл қазақ басқарып келмегені әмбеге аян. Аяқ астынан намысы оянып кетті дей алмаймын. «Колбин емес, елдегі өзге ұлт басқарса болмай ма» деген сарындағы пікірлерді көзім шалған-ды.
     Міне, қолым жеткен деректерді қарап отырып, мен түйген пікір осындай. Бұлардың барлығы әлеуметтік желілерде отырып, негізсіз пікір айтатындарға қарсы білдіретін ойым еді. Босқа даурығып, тарихты зерделеген ұрпақтың алдында өтірігіміз шығарғанша, нақты деректерге сүйенген артық болмас.
     Осындай негізсіз псевдопатриоттық әңгімелерді айтқанша,

«Желтоқсан оқиғасындағы» батыр ұл-қыздардың тұлғалық келбетін, азаматтығын неге кейінгілерге дәріптемеске?!

     Расында да, мемлекет «желтоқсаншыларды» бағаламайды, көтермейді, әлеуметтік жеңілдіктер жасалмайды деп билікті жамандаумен боламыз. Бірақ қарапайым халықтың өзі олар туралы керемет білетініне сеніміңіз кәміл ме? Билік тұрмақ айқайлап жүргеендердің өздері Қайрат пен Ләззатты, Ербол мен Сәбираны тек қана 16 желтоқсанда еске алатынын көріп жүр емеспіз бе?
     Неге?
     Оның себебі біреу-ақ! Біз олардың себебін саясатқа тіреп қойғанбыз. Билік мойындау керек, орыс мойындау керек, геноцид, біз қырылдық деп соңы өш алу керекпен аяқталады. Сонда біздің ойлап жүргеніміз кек пе? Мүмкін саяси ұпай жинау болар?
     Құрып кетсінші, мен үшін олардың бірі де бір тиын. Тіпті өліп кеткен боздақтар үшін де кектің қажет екеніне күмәнім бар.
Блог - kokbori: Желтоқсан оқиғасын қалай түсініп жүрміз?     Сонда не істеу керек?
     Дәріптеу керек. Бірақ жаңағы жалған ұрандармен, популистік жарнамалар емес, Қайрат, Ерболдарды кезіндегі Павлик Морозов немесе Ғани Мұратбаев секілді неге жастардың кумиріне айналдырмасқа?! Оларды ҰОС соғыс ардагерлерімен теңестіруге тырысып, дау тудырғанша, ұлттың намысын таптатпай, қазақ екенін көрсетіп кеткен ер екенін дәріптесек қой шіркін! Мағынасы мүлде жуымайтын ҰОС ардагерлерімеен емес, Алаш қайраткерлері, «Жас тұлпар» ұйымымен, «Целиноград оқиғасымен» бір қатарда қарастырған жөн емес пе?! Жас ұрпаққа «Желтоқсан оқиғасының» саяси мәселесін алға тартқанша, жоғарыдай айтып өткендей, Қайрат Рысқұлбектің «Мен алаңға қазақ қызын ұрып жатқандықтан келдім» деген бір ауыз сөзінің астында қаншалықты ердің ісі, ұлттың тәрбиесі жатқанын ұғындырсақ кәні?!
     Ол үшін билікті әурелеп емес, өз ұрпағымызға мақтанышымыз ретінде көрсете білсек, желтоқсан құрбандарының нағыз аңсаған арманы орындалған болар еді. Ол үшін «Қайрат Рысқұлбеков» атындағы «Ұлт батыры» деген халықтық атақ бересің бе, жыр дастан арнайсың ба, ән жыр арнайсың ба, өз шаруаң. Тек 16 –желтоқсандағы науқандық шараға айналдырмасаң бопты. Өйткені, тағы да айтам,
     Сенің популистік ұрандарың мен науқаншылдығыңның құны көк тиын!!!
Әрі қарай