Қар жауып тұр...

Далада қар жауып тұр. Ақ ұлпалар ауада қалықтап, «қысқы вальс» биіне жаттығу үстінде. Үрімшінің көше тазалықшылары мен бірінші курс студенттерінің қолына амалсыздан күрек ұстатқан бұл қардың жауғанына бір аптадай уақыт болып қалды. Пердені ысырып, терезені аштым. Менің құрқылтай ұясы секілді кішкене бөлмеме салқын желмен еріп қысқы тымық, таза ауа лебі енді. Жоқ, кешіріңіздер, таза емес. Тымық та емес. Үрімшінің ауасы бұлай суреттеуге мүлдем сәйкес келмейді… Дұрысы машина түтіні, мұнай зауыты мен металлургия зауытының түтініне жол бойы тізбектеле орналасқан ұйғыр саудагерлерінің қой еті кәуабының түтіні, одан қала бере қытай асханасынан шыққан чоу дофу (сасық сүзбе) иісі, бұрышта дүнген шал сатып отыратын қақталған тәтті картоп иісі, араласқан ауа лебі. Осы бір қысық көз қытайлар мен мұртты ұйғырлар мекендеген кішкене қалашыққа келгелі бір жылдан астам уақыт өтіп кетті. Үйренген секілдімін… Алғаш аяқ басқанда еденнің бес батпан кірін көріп жүрегім айнып енді келместей боп кері бұрылып кеткен дүнген асханасы, казыр жиі барып тұратын жеріме айналды. Тұңғыш рет ұйғыр самсасының дәмін татқанда,ішінен үлкендігі бас бармақтай құйрық май атып шыққан кезде, үш күн бойы ас атаулыны аузыма алмағаным есімде, ал қазір таңғы асқа не жеп жүр деп ойлайсыздар?.. Бірінші рет автобусқа отырып айналаны тұмшалаған қолаңса иісіне шыдамай түсіп кетіп жатақханаға дейін таксилетіп жеткенім есімде, қазір ол иіс те«моңғол әтірі» деген ресми бренд атқа ие болып, үйреншікті иістердің қатарына заңды түрде қосылды. Жаңадан келгенімде көзіме аса жабайы көріген қысы жазы басынан алуан түсті орамал (орамал неғұрлым реңкті болса соғұрлұм «сәнді») мен бұтынан гамаж тастамайтын (гамаж шамасынша қалың болу керек, оның сыртынан қара шұлық пен қызыл туфли киіп алсаңыз сізден өткен «сәнді» адам жоқ) ұйғыр бойжеткендері мен үстіне «моңғол әтірін» сепкен (ондай әтіріңіз болмаса соңғы сән үлгісінен қалып қойдым дей беріңіз, және ұйғырдың «крутой» жігіттерінің мазағына қалу қаупі бар)қиылған,қара мұртты ұйғыр бозбалалары да күнделікті күйбең тіршіліктің бір көрінісі болып кетті.Бұл қалаға енді келгенде қалыпсыз болып көрінген, түскі асын ішіп отырып, ащы бұрыштың әсерінен танауынан аққан сұйықтықты барынша қатты дауыспен шығарып тастап, ары қарай тамақтана беретін, немесе уақыт тығыз болып бара жатса, жұмысқа не оқуға кетіп бара жатып жолда тамақ жей беретін, автобуста отырып уақытты бос өткізгісі келмей қалтасынан тістеуігін шығарып тырнағын алып отыратын қытайларға да, күннің ыстық суығына қарамастан көтенінде кең жырығы бар шалбар киіп алып, асыр салып жүретін қытай бүлдіршіндеріне де, кітап дүкенінде не кітапханада тізілген кітап сөрелерінің арасында жерге отыра кетіп кітап оқитын, отырған жерінде оқулықты құшақтаған күйі қаннен қаперсіз ұйықтай беретін қытай студенттеріне де көзім үйреніп кетті.
Үйрендім… бәріне де… үйренгенім соншалықты жалығып кеттім… Күнделікті қайталана беретін көріністерден, бірізділіктен… Бірқалыпты сұрықсыз сұрқай өмірімнен… Еңсемді басқан бір ауыр нәрсе… Сағыныш сияқты… Ия шынымен сағыныш… Туған жерге сағыныш.....Қазақстанға деген сағыныш....Қанша жерден пафосты естілсе де бұл шындық…
Далада қар әлі жауып тұр. Толастайтын кейпі жоқ. Түнімен жауатын секілді…
Бөлісу:

13 пікір

qonyrbai
Бізде қар жауып жатқан жоқ. Уәқәқәқәқә! :v
boztorgai
қар жауса жақсы ғой
күн суырмасын десейч…
аң ізін кесу қиындайд
Dzhonsaken
Үрімшіге барып келгендей болдым, рахмет melek !
bake
Үрімшіге барғым келген, енді ойланып қалдым. Онда үлкен теңіз аквариумы бар деседі, барып көрдің бе?
melek
Қыдыруға келіп кетсеңіз болады, негізі Үрімші туристік қала болмағандықтан аралайтын жерлері оте аз сіз айтқан теңіз аквариумы, қызыл тау, хайуанаттар бакшасы деген сиякты санаулы жерлер гана бар, негізі бұл сауда саттық орталығы болғаннан кейін көбісі базарлар, кейде мерекелерде бір жерге шығып қыдырайық десек өзіміз де баратын жер таппай қаламыз.
Adiletshu
Моншалары бар екен ғой. 80 4$ төлейсің де, сонда 1 күн жүуріңе болады. Сонда қонуыңа да болады. Тамақ тегін. Массаж жасайды. Соған барғым келеді
melek
Ияя бар ондай сауналар бағалары әр түрлі, бірақ әдетте сіз айтқан баға ол тек кіру ақысы мен тамақ ақысы ішіде массаж бен әр түрлі емдік терапияларға бөлек ақша төлейсіз
ken
қоғамдық жерде «тарс» еткізе салатындары рас па?
melek
Ияя одан басқа автобуста отырып кекіру, сіңбіру, құлақ шұқу тырнақ алу да сүйікті істері ғой қысықкөздердің
Dzhonsaken
қоғамдық жерде «тарс» еткізе салатындары рас па?

Бұл әрекет Олар үшін заңды құбылыс болып есептелінетін шығар, қазақтардың қамырауқаттан кейін кекіргені сияқты.
Dzhonsaken
melek ! Үрімжідегі ханзулардың соғымға ту есекті жығып жатқанын байқамадың ба?