Жанұя немесе Нағыз Қаһармандар туралы...
Жанұя… Әр буынында жылулық бар қасиетті ұғым. Мен бақыттымын… Осы ұғымға қатысым болғаны үшін, осы ұғыммен батырған кештерім мен атырған таңдарым үшін…Бүгінгі түн ұзаққа созылды… Ойланумен болдым. Көөп ойландым… Меніңше жанұямды сағындым… Әкемді көрмегелі алты ай болды…
Менің әке-шешем ауылдан тысқары жайлауда тұрады… Ең жақын көршіміз 2 шақырым алыста…
Бұрын өзім жүрген айналамнан бақытты жанұяларды көп іздейтінмін. Бір қызығы өзімнің әке-шешем жөнінде осы мәселеде еш ойланып көрмеген екенмін…
Батыр, Қаһарман деген кімдер өзі? Және не үшін олар сол атқа лайық болды екен?! Меніңше ешкім істемеген немесе істей алмаған құнды әрекеттерді жасау қолдарынан келген адамдар осы бір атауға лайық… Бұлар қайда? Мүмкін ол медицинада емі жоқ деген ауруға дәрі ойлап тапқан ғалым болар… Мүмкін ол ел жолында күресте жанын берген батыр болар?! Бірақ олар шынында да аз ба?..


"Қазақфильм" киностудиясы таратқан ақпаратқа сенсек, жұмыстық атауы бізге "Қара майор" деген атпен белгілі


