Дабай-дың сазайы..

Енді мына Аршат деген пысық жігіт қой..Құр жүрмейді, неше түрлі прожекттер ойластырып, оларды жүзеге асырып та жүреді… Тынбай қылған еңбегінің жемісін көріп жүр ғой… Жұмыстан келгеннен кейін, түнделетіп отырып сайтты жақсартудың қамын қамдап жүргенін біреу білер, біреу білмес… Ол – қазақ интернетінің ауыр тауқіметін ұзақ жылдардан бері көріп, біліп келе жатқан жігіт қой… Сол еңбектің ақысы, жасаған дүниеңді басқалардың игілігіне қолдануы, қолданушылардың санының артуы ғой негізі… Кез келген сайт, өз юзерлерімен құнды… Юзерлерінің санымен құнды… Сайттағы туындаған берекелі ортасымен құнды..
Бұндай сайттардың бірі қазақ интернетінің тарих беттеріне алтын әріптермен жазылған керекинфо.кз (Аршаттың мұрындық болуымен ашылған сайт білмейтіндер үшін-автор) сайты болатын… Бұндай сайт дегенім, берекелі ортаның туындауы тұрғысын меңзеп тұрғандығым..” Бұндай” деу арқылы қандай сайтпен салыстырылуда десеңіз дабай.кз туралы айтып тұрғанымды атап өтер едім… Көптен бері қазақ интернетінде бұндай контент, бұндай орта көрмеген едім… Бұны енді Аршат досым болған үшін жазып отырған жоқпын… Мен де сайт ресурсы мәселесінде өзіндік талғамы бар юзермін… Сондықтан өз пікірімді “ чисто” объективтілік қырынан жазып отырмын..
Ал енді тақырыптағы “ сазайы” мәселесіне келетін болсақ… Аршат көптен ойластырып жүрген жаңалық, сыртқы блогтарда жазылған жазулардың автоматты түрде дабай.кз тұғырында жариялануы болатын… Оған өзіміздің де блогымыздың қосылғаны әу баста қатты қуантқан еді… Енді қарап отырсам. бұрын өз блогыңа кіріп, пікір қалдырып отыратын юзерлер дабайда жүретін болса, өз блогың сәл пәл қаңырап қалады екен..:)
Бір шетінен дабай.кз, сендегі жазылған жазуларды көпшілікке жаюдың бір құралы болса, бір шетінен блогыңды жетім қылатын бір құрал екен..:) Бірақ, бұған еш өкінбеймін шынымды айтам… Тыртықтарынан, артығы көп болғандықтан, мен әмәнда дабайшыл боламын..
Айта кетерлік жайт, кез келген сайттың өміршеңдігі оның үнемі өзін өзі жаңартып, жаңғыртып отыруына тәуелді… Сондықтан, дабайды баршамыздың ортақ сайтымыз көріп, оған идея қосуға, жұмысын, сапасын жақсартуға ат салыса жүргеніміз дұрыс ағайын..

Мақала сілтемесі: http://bekjan.dosym.kz/?p=336
Бөлісу:

38 пікір

asaubota
рахмет Бәке! бүгінге дейін біраз сайт ашып / жауыппын. бірақ мен үшін мына Дабайдың орны ерекше, осы жобамен дұрыстап айналысқым келеді.
блогтардан гөрі, осында пікір көп жазылатыны рас. өйткені оқырманға солай ыңғайлы сияқты, көп адам отырған жерде лезде пікірталасқа айналдырып кету оңай.
Abilakim
осы жер ыңғайлырақ
sammita
осы жердегі пікірдің автоматты түрде жеке блогтарға да көшірілу мүмкіндігі бар ма? (пікірдің бір шетіне «пікір Дабай.кз-дан» дегендей белгі қойылып мысалы). Кеше жеке блогтарды қарап отырып Дабайдағы пікірлердің ол жерге жазылмайтынын білдім. Бәлкім бұл басқалай мәселелерге байланысты арнайы жасалған болар, біздікі әншейін долбарлы пікір ғой, қазаншының еркіне таласу пәрмені қайда бізге;))
muza
мен откенде дал осытндай проблемамен твиттер мен файзбоокта кезиккен едим.Твиттердан жазгандарым файзбооктанда коринеди алайда сол жазбаманын астына файзбооктан пикир жазылган кезде твиттарда шыкпайды, немесе твиттардан жауап калтырганда файзбооктан шыкпайды.Бул негизинде артурли контенттердин жеке протокол колдануынан болар.Тагыда бир нарсе булардын RSS-ларын автоматты турде алып бир-бирине жиберип туру керек еки жактада пикирлер корину ушин.Ал RSS-ни автоматты турде алдык деген куннин озинде де сайт оте баяулуы мумкин.Бул колданушыларга оте тиимсиз болады…
timurrr
«Басқа сайттарым бір төбе, Дабай-кызым бір төбе» дейсің ғо?:) Айтпақшы Дабай қыз ба, ұл ма?:) Дабай Аршат қызы сияқты…
Nurgisa
Ұл, қызын қайдам, бірақ Дабайды Аршат өзі туып алған. Дабайдың туушысы ретінде ол әрі әкесі, әрі мәпелеп күтіп-бағушы анасы. деп білу керек.
timurrr
Мен де ұл не қыз екенін білмедім, бірақ толғақ қатты қысқанына шүбә келтірмеймін
Abilakim
«Во имя Отца и Сына святого духа» деуші мед?! сол секілді бірдеңе болды ғой Дабайымыз
Nurgisa
Дабайдағы орта маған ұнайды. Талғамы мықты, санасы ояу, эрудициясы сенім ұялататындармен пікірлес болу кімге де болса жағымды шығар.
«Керекинфо»ның орнын басты дегенмен келісемін. Жұмысбасты біздің жұмыс уақытымыздың бірталайын ұрлайтын халге жетуі көп жайды аңғартса керек.
Ортамыз бұдан әрі де мәнге, мардымды контентке толарына сенгім келеді.
asaubota
sammita, түсіндім айтқаныңды. бірақ ондай нәрсе қиын, бір пікірдің екі түрлі базаға барып сақталуы.

timurrr, Дабай әрине ұл! :) қандай қазақсың өзің мужской род пен женский родты ажырата алмайтын :)
timurrr
Пыросто қазақтарда муж род, жен род деген жоқ та-то… Біз үшін барлығы «ол» ғой.
TOTY
Ойлап шығармайтындарың жоқ, енді сайтты "ұл" не "қыз" деп ажырату қалып еді сендерге :)
Qojeke
Дұрыс қой. Әлеуметтік желіге, е-майлге тірклгенде ерккесің бе әйелсің деп сұрайды дабайдан да :)
Delhi
Осы сайтта пікір жазғанда тез шығатыны жақсы.
bazuka
Дауай расында ыңғайлы, блогтерге жылдам шолу жасай аласын.
asaubota
Комсомол жақта блогтер деп айтасыңдар ма? бізде Ойыл жақта блогтар дейді :)
Abilakim
жіңішке дауыстымен аяқталса жалғауда сәйкесінше жіңішке болады дегендей қағидалар сақталмай ма?
sammita
«о» әрпі жіңішке ме? Жалпы тіл заңдылығында кірме сөздерге қосымшаның жалғану тәртібі өзгеше болуы да ықтимал.
Abilakim
жуан әріппен аяқталса, деп қайталап жазып отырғым келмеді. Тіл пәнінен сұмдықпын дей алмаймын. «А» әріпі жуан дауысты, оның ішінде қатаң әріп дегенді айтқан сабаз едім
Qojeke
Ережеге кірмейтін сөздер де бар. Міне: қауіпты, күнәһар,
sammita
қауіпты емес, қауіпті. Ал күнәһар деген жаңағы мен айтқандай заңдылыққа бағынбайтын сөздер. Әзілқой, мұғалім т.б.
sammita
:)) кетші, қатаңы несі))) Осыны күшті жаттап алып, көзімді тарс жұмып ап ұратынмын, «Дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді» деп.
Abilakim
рас айтам ө-ні ұяң деп ойлайтынмын.Жіңішке болған соң шығар
Abilakim
сомнение кеткен әріптерді үндіге жатқызатынмын, морфологиялық талдауларда
omarbirat
«г», «к» әріптерінен кейін жіңішке дауыстылар жазылады. Таза қазақша сөздерде «га», «го», «гы», «ка», «ко», «кы» деген буындар болмайды.
Abilakim
«Жи»-«ши» пишется через «и»дегенді 45 минөт қайталағаным есімде
omarbirat
Соны қате жазбасам да, «жи-ши» ережесін не үшін жаттатады деп тақырыпқа кіре алмағаным есімде.
bazuka
жоға Комсомол жақта Ойыл сияқты блогтар дейді ғой))) қате кетіпті, кешірім өтінемін.
Gulistan
Бекжан, рас. Сөзіңнің жаны бар. Аршатсыз Қазақ интернетінің тұсауы да кесілмес еді. Қанша қиындықтар болса да, тауы жығылмай қазақтілді ғаламтор оқырмандарын жаңа, тың дүниемен қуантып келеді. «Дабайдың» жөні басқа.
Qojeke
Тұсауын басқа біреу кесіпті. tor.kz/images/f/ff/Akolya.jpg
Qojeke
басқа сілтеме қойып жіберіппін. Кешіерсіздер.
Qojeke
Керекинфо туралы көп естиміз бірақ неге жоқ болып кетті ол сайт? Интернетте де жұт бар ма? :)
Nurgisa
Иә. Интернет жұтып қойды оны.
Gulistan
Негізі ол өз миссиясын тыңғылықты орындады және өз "ізбасарларына" орын берді деп есептеймін.
Qojeke
Түсінікті. Рақмет.
Qojeke
Керек инфо kinfo.kz
Nurgisa
Бұл клон. Бренд атауды бүркенген арзан маркетингтік айла.
asaubota
кезінде бір досым Ақтөбеде жаңа газет ашылайын деп жатыр, бірге жұмыс істейік, ат керек деп сайттың атын сұраған еді. Содан газеттің аты Керек Инфо болды. сайт өлді, газет қалды.