Жанұя немесе Нағыз Қаһармандар туралы...

Жанұя… Әр буынында жылулық бар қасиетті ұғым. Мен бақыттымын… Осы ұғымға қатысым болғаны үшін, осы ұғыммен батырған кештерім мен атырған таңдарым үшін…
Бүгінгі түн ұзаққа созылды… Ойланумен болдым. Көөп ойландым… Меніңше жанұямды сағындым… Әкемді көрмегелі алты ай болды…
Менің әке-шешем ауылдан тысқары жайлауда тұрады… Ең жақын көршіміз 2 шақырым алыста…
Бұрын өзім жүрген айналамнан бақытты жанұяларды көп іздейтінмін. Бір қызығы өзімнің әке-шешем жөнінде осы мәселеде еш ойланып көрмеген екенмін…
Батыр, Қаһарман деген кімдер өзі? Және не үшін олар сол атқа лайық болды екен?! Меніңше ешкім істемеген немесе істей алмаған құнды әрекеттерді жасау қолдарынан келген адамдар осы бір атауға лайық… Бұлар қайда? Мүмкін ол медицинада емі жоқ деген ауруға дәрі ойлап тапқан ғалым болар… Мүмкін ол ел жолында күресте жанын берген батыр болар?! Бірақ олар шынында да аз ба?..
Меніңше олай емес… Арамызды бұл атқа лайық жандар баршылық… Тек біз оларды байқамаймыз. Сіздер олармен күнде кездесіп, сұхбаттас болып жүрген болуларыңыз мүмкін… Менің жанұямда осы атауға лайықты 2 жан бар… Әкем… Анам…
Үйленгендеріне 20 жылдан асып бара жатыр… Таң қалатыным, осы жылдар барысында олар жалғыз қырдың басында екеуі ғана өмір сүріп келеді. Әр барғаным сайын олардың араларындағы жаңа әзілдер, ойындар мен ең бастысы махаббаттарының алдыңғыдан әлдеқайда артқанына куә боп қайтамын… Менің әке-шешем, қазір екінің бірі істей алмайтын, көбісі шыдамай ерте беріліп қоятын қиын да, қилы нәрсені атқарып жүр… Жанұяны сақтау… Бақытты етіп, ойдағыдай сақтау… Қызық… Қалайша жалықпайды екен деп таңырқаймын да терең ойға шомып кетем…
Қымбаттыларым… Сағындым сендерді… Жақсы перзент бола алмай жүрсем кешіргейсіңдер..! Сендердің дұғаларыңсыз өмірім қалай болар еді… Білмеймін…
Мендегі ең қымбат нәрсе осы — кіп-кішкентай жанұя… Інілерім мен қарындасым, Атам мен Апам… Құшақтарына ұшайын десем, оқу мен жұмыс құрғырдың бір сәтке тыным бермей тұрғанын қарашы…
Әй, құрысын бәрі! Ендігі апта Алла нәсіп етсе, ауылға ұшам! Осымен сөз бітті…
Бөлісу:

5 пікір

Abilakim
Иә, біздікілер де солай өмірінің жартысын қыстау-жайлауда өткізген. сонысын ешкімге бұлдамаған. Светі мен газы жоқ жерге қазіргі келіншектер еркегіне еріп барар ма екен?Әй, ондайға баратын еркектер аз ақ қалдық қой.Мен, Нұрекең дегендей))))
sammita
орынды жазылған. Жапандағы жалғыз үй болып отыру үлкен ерлік қой. Бәлен отбасы тұратын ауылдың өзінде күн көрудің өзі қиын қазір. Ауылдың адамдары шіркін төзімді, еңбекқор, тәубешіл ғой. Құдай денсаулық берсін бәріне.
asaubota
өзің үйленіп, балалы болған кезде жанұя деген ұғым одан сайын қасиеттене бастайды.
Aikona
Иә, әр ата-ананың, баланың бақыты жанұядағы тыныштық қой. Менің мамам мен папам екеуі ғана тұрады ауылда. Апталап, кейде айлап жиі барып тұрам. Сол кезде бәрі ой неге бара бересің дейді. Қайте бір жағы екеуін жалғысыратқым келмейді, бір жағы өзім де сағынам ол кісілерді. Оның үстіне қалада ауылдағыда тыныштық, жайлылық, таза ауа, анаң мен әкең, олардың мейірімі жоқ.