Бейсенбідегі құрдастар



Бүгін бейсенбі. Уооот… Ертең жұма! деуге де болар еді қисыны кеп тұрғасын. Бірақ әңгіме өзегі өзгесінде.

Дабайда асаубота және omarbirat бүркеншек ныспыларымен белгілі қос құрдасымда бүгін қос қуаныш. Бірі баспаналы боп, төбесі көкке жетіп отырса, бірі мерейлі межеге шығып отыр. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын демекші, интернетті қазақтандыруда, ұлттық колоритті сіңдіруде аталған қос тарланның қосып жүрген үлесі ұшан-теңіз екені көзкөрген юзер-жамағатқа жасырын емес. Омарбырат интернетте кекесінді пікір жазумен-ақ аты мәшһүр. Өмірде жүріп өтілген даңғыл да сара жолды бір шолып, ілгерідегі перспективаларды дүрбімен бағамдау межесі болар. Екеуіңнің де мағыналы өмірлеріңде сарп еткендеріңнен, сарп етерлерің көбірек деп сенемін. Жігерлерің мұқалмасын. Тас әмәнда өрге домаласын.

Құдай қаласа, бала-шағаларыңның тойларында жүгіріп жүріп қызмет етуге жазсын. Өздеріңнен кейін қазнет мұрағатында тау сілеміндей салиқалы мұра қалар деп бек сенем. Бұл өмірде жасап жатқан игі істерің мен жақсылықтарыңның шегі болмасын лайым. Алға, Құрдастар!
Бөлісу:

26 пікір

omarbirat
Көп-көп рақмет, құрдас! :)
sammita
Құтты болсын туылған күнің, Омар бырат! Екеуі де мен үшін сыйлы азаматтар. Армандарың алдамай, бақытқа кенеліп жүрулеріңе жазсын қашанда!
Abilakim
Екеуіне де «Алға,Қазақстанды!» тілеймін!
TOTY
Ал, біз де құтты болсын айта отыра, дәм ауыз тиіп кетейік...:)
Nurgisa
Қуаныш күн ғой, бәріміз сап түзеп, хор боп құттықтау ән айтайық. Біреуіміз солист болайық. Қалғандарымыз артта ымбаппалап қосылып, «слухы» жоқтар білдіртпей ерін қимылдатып, ырымын жасап тұрса екен:

«Менің мамам алтын» әнінің мақамымен:

Аршат құрдас админ,
Омар бырат сау миым!
Мегаөрттер көп болсын,
Уайымың жоқ, әумин!
saken
тамыр туылған күн мерекең құтты болсын!!!
asaubota
Омар блогы жоқ болса да, ең танымал каментшы шығар :)
omarbirat
Үлкен рақмет құттықтауларыңа, уа нигі жақсылар! :)
Nurgisa
Бүгін бейсенбі, братандардың бірі баспаналы болды. Біреуінде — бөздей :) Бәрімізге бұйырғай бақандай бұйымтай. Балалық балдәурен бізбенен бәрібір: бүгін баламыз, бала бола береміз. Біздегі болмыс баланыкіндей. Бұртиямыз, бұлқынамыз… Бірақ балағаттағандармен балағаттаспай, бәтуаға бұрамыз. Білгеніңді басқалармен бөліс, басыбайлы білімің бәрінің берекесі болсын. Бірлігіміз баршамызды біріктіріп, бір байраққа болысқан бірізділікті, бірауыздылықты болдырсын. Бодан болдық, болды, бәтшағар. Бүгінгі бұл байрақ бағымыздың, бодандықтың бұғауын бұзғандардың байрағы. Бімілләміз бар, басқамыз бар… биіктерді бағындырайық! Бұл бек байлам болсын.
sammita
бәрінен бұрын баспаналы болайықшы:)
Nurgisa
Баспана болар, берілер… байсалды, бітімгер болсақ. Банкке барма, барыңды барымталайды…
omarbirat
Рақмет, Нұреке! Аршаттың баспаналы болып тұрақталуы біз сияқты көлігі бар көшпенділерге де жұғысты болсын деп отырмыз :)
Zere
Құттықтаймын! Бала-шағаңның қызығын көр. Бүгін де қыстың ортасына қарамай, өзіңе арнап нұр жауып тұр екен. :)
Delhi
Қуаныштарын құтты болсын! Биіктен көріне беріңдер!
bazuka
Жігіттер құтты болсын! Әрдайым жақсылыққа толы болсын өмірлерініз!
Nurkoke
Құтты болсын! Отызда орда бұзып,қырықта қыр асып, абройлы биіктен көрініңдер!
urimtal
Қуаныштарыңа ортақпын! Құтты болсын!
ErNur
Ия… Құтты болсын жігіттер қуаныштарың!!! Біз тілектеспіз!
omarbirat
Құттықтауларыңа көптен-көп рақмет! Маған тілегендеріңнің бірнеше есесін сендерге де тілеймін! :)
Осы тақырыпты бастаған Нұрғиса құрдасқа, тілектес болып отырған осындағы (н)игі жақсы сайттастарға менен үлкен респект!

Ұмытып барады екенмін: туған күніме орайластырып, қысқы Азия ойындарын өткізіп жатқан халыққа да ризашылығымды білдіре кетейін :))
Delhi
))), әрине қыз сыйлаған жігітті халқы да сыйлайды деп. кетейін)))
Qojeke
Президентке айтылып жатқан ода ма десем,…
muza
Коныс той мен Орда тойларын кутты болсын Иги жаксы агалар.Асыктарыныз аркашанда алшысынан тусе берсин :)