Тринидадтан футболшы келді!



Біздің чемпионатта алғаш рет Тринидад пен Тобаго елінің футболшысы ойнайтын болады. 20 жасар Роберт Примус (мүмкін Праймус) «Ақтөбе» сапына қосылды. Бұл футболшыға қазір Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүрген «Ақтөбенің» бас бапкері Мухановтың көңілі толған екен. Примустың бізге өткені туралы Тринидадтықтар да растап отыр. Trinidad Express газеті «Примус Қазақстанға барады» деген мақала жазыпты.
Жас футболшы 3 рет ұлттық құрама формасын киген.
Әрі қарай

Астаналықтардың э-әкімдігі бар

Астанада өткен Блогшылар кездесуіне баруымның жол қаражатын өтеуге AGT компаниясы көмектесті. Негізі баспасөз мәслихатына шақырған.
Астана қаласының әкімдігі электронды әкімдік жобасын іске қосып, соған қатысты баспасөз мәслихатын өткізеді екен. Маған соған барып, қатысып келуді ұсынды. “ Билетті бір күн ертерек алсаңдар барайын” деп едім. Келісе кетті.
Сөйтіп дүйсенбіде астаналық блогшылармен кездесіп, бүгін баспасөз мәслихатына қатыстым. Жаңа пойызда отырып, мына бір видеоны әзірлеп едім.

пысы. Beeline USB модемін ала салғаным жақсы болды. Қарағандыға тоқтағанда youtube-қа демде жарялады.
пысысы: Өркеннен “ блатной жазбаларды” жазу бойынша арнайы дәріс аламын ғой деймін :)

Мақала сілтемесі: http://urimtal.wordpress.com/2011/02/08/%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%b4%d1%8b%d2%a3-%d1%8d-%d3%99%d0%ba%d1%96%d0%bc%d0%b4%d1%96%d0%b3%d1%96-%d0%b1%d0%b0%d1%80/
Әрі қарай

Махаббат мәселесі. Кеңес керек-2


Бұның қаншалық махаббатқа жататынын білмедім. Бірақ, белгілі “ брендім” арқылы бір мәселенің шешімін іздеп шұбатып көрмекпін. Досым десем дау туып кетер,

араласып тұратын танысым деп айтайыншы. Жынысы – әйел. Жұмысы – журналист. Астанада тұрады, аты … маңызды емес. Очм, сол қыз бір отырыста көзіне жас кілегейленіп, “ ей” десең, еңіреп жылайын деп тұр. Жыласа, ана жерді топан су басарын тағы біліп тұрмын. “ Аса қиын саяси ахуалдан” шығуда Президент көрсеткен прим.-ге салып, “ не болды, біреу аяғыңды мыжып кетті ме?” деп күлдім (ыржидым-ау). Маған жанарын тіктеп қарады да, “ тыңдайсың ба?” деді. Әрине, ол Шакираның “ Лока Локасын” тыңдатайын деп тұрған жоқ, жан сырымды, жүрекжарды сөзімді тыңдашы деп тұр.
Әрі қарай

Достучаться до небес! -үздік кинолардың бірі.


Кешкісін Кинопоиск.ру сайтынан жоғары баға алған кинолар тізімін қарап отыр едім. Осы киноға назарым ауды. Көруге тұрарлық кино екен. Сөз жоқ, теңіз туралы айтқан сөздері, актёрлардың шебер ойнауы барлығы көңілден шықты. Бір қарағанда кино көңілді де, қайғылы. Руди мен Мартин-ге қосылып, солардың қайғы, мұңдарына мен де қосылып бірге, теңіз көру деген саяхатына жол тарттым. Әсіресе фильімнің соңында ойнайтын пининаның үні денемді шымырлатып жіберді. Бір көріп шығыңыз, сіздерге де ұнар деп ойлаймын.

Theme From The Ocean
Әрі қарай

Астана блогшылары. Алғашқы кездесу

Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесу
Иә, осыдан (…) күн бұрын Амантай қажының “аттанына” салып тұрып, Астана елді мекеніндегі бас көтерер блогшының бәрін жиналуға шақырғанбыз
. Жиналдық. Кеше “қағаз толғатып, кәзет туатын” күн болғандықтан, сәл кешігіп барғанмын. “Алматыдан Асхатарнайы келгенде, қарамыз аз болып қалмаса екен..” деп ішімнен жуалдыз түрткілеп келе жатқан ғой. Жоға, “Шербеттің” ұзын үстелінің қос қапталын

шылғи блогшылар “басып алыпты”. Араларынан әзер дегенде адам сиярлық орын таптым Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесуОң-солыма мойын созып қоямын, алдымда “Қазақтелекомнан”, ақпараттық жүйелер дирекциясынан Ержан Нүсіпбеков деген ағамыз, төр басына қарай Парламент депутаттарының арасындағы жалғыз “штук” блогшымыз Мұрат Әбенов отыр екен. Одан бергісі, өзіміздің Бекжан Толыбай, Ерлан Оспан, Аршат Оразов, Айжаннұр туған сіңлісі Айсұлумен, Фазылбек Әбсаттарұлы (“Жас қазақ үні” газетінің бас редакторының орынбасары), Виктория (Қарақыз), ерлі-зайыптылар Нұрғиса Асылбек пен Кәмшат Тасболат, Рауан Сәбитұлы (“Сақшы” газетінің бас редакторы), Рахат Жақсыбайұлы (КZ жобасы), Әйгерім (Dabai.kz), әрине, өзіміздің Өрімтал болды. Бетіме бөрткен шығардай ұялатын жерім – мен танымайтын, танысқанмен қазір аты-жөнін ұмытып тұрған 5-6 қыз жігіт болды (кешіре гөріңіздер). Әрине, Дәруішөлгеннің “01-ші” демократы Амангелді Құрметұлы (“Тамшы”), “Алаш айнасындағы” Бүркіт Нұрасыл (“Ақиық”), Салтан Сәкендердің (“Жүрек сөзі”) қатыса алмағаны қабырға майыстырды. Қайтесіз енді… Мұрат Есжан (“Тұспал сөз”) Алматыда, Серік Мұратхан (“Көкжал”) Токиода, білесіздер. Жарайды, жиырма ауыз тәтті шай мен пиццадан ала отырып, қырық құлақ Асхаттың блогкэмп форматын түсіндіргеніне қарай түріліп, тыңдады. “Кімнен кейін кім сөйлейді”, “КИМЭП-тің әжетханасы қайда?”, “кофе-брейкте көк шалап беріле ме?” деген сұрақтар миымызда туып үлгермей жатып, жауабын беріп тастады. “Кім, кім?” Асхат! Очм, Ұлыстың ұлы күніне қарай болатын құрылтайымыз сайлаудың қарсаныңдағы перфоманс, я саяси-діни ұрандар айтылып, ұрыс-ушудан жарысатын жер емес екенін жеткізді. Бұл жай ғана блогшылардың бас қосып, презентациялары арқылы пікір алмасып, білгенімен бөлісетін жиыны. Артық ештене тілемеңіз де, күтпеңіз де…
Әрі қарай

Қазақша фастфуд

Блог - Nurgisa: Қазақша фастфуд

Асты арқауымыз қып алдық. Отыз күн оразада да іптәрға арқау сол ас. Таңғы ас, түскілік, кешкі ас деп трапезаны үш мәрте қабылдау әлемдік өлшем бола тұра, түнгі оннан кейін кейде тәбет ашылып, тоңазытқыштың ішін алай да дүлей ақтаратынымыз бар. Мұның ағаттығы жоқ: қашанда жүрек жалғамаққа нәрлі нәрсені қош көру бұрыс пиғыл емес. Ағза қалады екен, оған да ұю шарт. Қомағайлана бәрін жапыра берген де жарасымсыз дегенмен.
Әрі қарай

Қазақ - латын транслит плагині



Қазір біраз сайттардың латын әліппесі нұсқасы да бар. Сіздермен бөліскім келген плагин осындай қызмет атқарады. Wordpress арқылы жасалған сайттың мәтінін бір кликпен латынға өзгертеді. Плагиндегі латын әліппесі менің өзімнің нұсқам, түрік әліппесіне негізделіп жасалған. Қаласаңыз өзіңіз түзетіп алуыңызға болады. Плагинді бір серб жігіті жасаған, серб кирирллицасын латынға ауыстырады. Мен тек соны негізге алып, қазақшаға келтірдім.

Плагинді қазір мына сайттарда тұр, қарап, тексеруіңізге болады:

www.egemen.kz
www.jasqazaquni.kz
www.baq.kz
www.kui.kz

Түсіріп алу
Әрі қарай

Байқау! Байқау! Байқау!



Достар, наурыз айына жоспарланып отырған блогшылар құрылтайы таяп келеді. Егер дабай-ға қатысушы ретінде тіркеліп үлгерсеңіз, блогкэмп аясында өтетін блогшылар байқауына да қатысуға асығыңыз!!!

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ

Мақсат — қазнеттің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген блогшылар қауымын ынталандыру, блогосфераның дамуына жағдай жасау;

БАЙҚАУҒА КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?

Байқауға айына кемінде үш жазба жариялап тұратын, қазақ тілінде жазатын (немесе жазбасының 50 пайыздан астамы қазақ тілінде) кез-келген блогшы қатыса алады.

БАЙҚАУ ШАРТЫ

Байқауға қатысқысы келетін әрбір блогшы:
  • арнайы тіркеуден өтуі тиіс;
  • байқауға бір блогты тек бір ғана номинация бойынша ғана ұсына алады;
  • есесіне бір немесе одан да көп блогты қатыстырта алады;
  • сонымен бірге өзге де блогтарды ұсына алады.
Әрі қарай

Dabaileaks-5: Астана

Dabaileaks дегеннің не екенін Wikileaks жобасын естігендер білетін болар. Енді не себепті ол dabai болды десек, dabai.kz сайтының белсенді мүшелері мен қазақ блогшылары бірігіп Алматы қаласында 19-20 наурыз күндері BlogCamp: Блог құрылтай өткізбек ниетте. Осы шараның жұмыстарын үйлестіру барысы көпшілікке ашық болу мақсатында dabaileaks деген тақырыппен жазбалар жарияланып жатыр.

Осы аптада Астанаға жолым түсіп, (жол қаражатына жәрдемдескен AGT-Қазақстан компаниясына көп рахмет) ондағы блогшылармен кездестік. Үйіне қонақ қылып, осы жазбаны жазу үшін интернетімен бөліскен Ерлан Оспан ағамызға да алғыс айта кеткенім орынды болар.

Алматылық блогшылардың сенбілік кездесулері дәстүрлі болса, астаналық блогшылар алғаш рет бір-бірін жүзбе жүз көрген екен. Төмендегі видеодан кездесудің бір үзіндісін ғана көре аласыз.

Әрі қарай

Мақала рейтингің өзгерткендер тізімі



Әр мақалаға тек пікір жазбай, оған баға беріп, рейтингін көтеруге немесе түсіруге болатынын білесіздер. Енді кімдердің баға бергендері туралы ақпарат мақала астына шығып тұратын болады.
Мақала ұнаса жоғары көтеруге, ұнамаса түсіруге немесе қалыс қалуға да болады. Үздік мақалаларды ТОПтан көруіңізге болады.
Әрі қарай