Қазақ - латын транслит плагині
Қазір біраз сайттардың латын әліппесі нұсқасы да бар. Сіздермен бөліскім келген плагин осындай қызмет атқарады. Wordpress арқылы жасалған сайттың мәтінін бір кликпен латынға өзгертеді. Плагиндегі латын әліппесі менің өзімнің нұсқам, түрік әліппесіне негізделіп жасалған. Қаласаңыз өзіңіз түзетіп алуыңызға болады. Плагинді бір серб жігіті жасаған, серб кирирллицасын латынға ауыстырады. Мен тек соны негізге алып, қазақшаға келтірдім.
Плагинді қазір мына сайттарда тұр, қарап, тексеруіңізге болады:
www.egemen.kz
www.jasqazaquni.kz
www.baq.kz
www.kui.kz
Түсіріп алу
Бұны айту себебі, Жас қазақ үніне кіргенде бірден латын қарпімен шықты. Бұған дейін де бір-екі сайтта соны байқап едім. Енді соны сынап көріп жатырмын.
Мақала бетінде отырып қаріпті ауыстырғанда URL өзгермес үшін плагинді уиджет ретінде шығарса болады екен. Ал былайша, URL-ге ?lng=lat немесе ?lng=cir қасымшасы жалғанып кетеді.
URL-да ?lng=lat жалғаулары болмаса болмайды