Астана блогшылары. Алғашқы кездесу


Иә, осыдан (…) күн бұрын Амантай қажының “аттанына” салып тұрып, Астана елді мекеніндегі бас көтерер блогшының бәрін жиналуға шақырғанбыз. Жиналдық. Кеше “қағаз толғатып, кәзет туатын” күн болғандықтан, сәл кешігіп барғанмын. “Алматыдан Асхатарнайы келгенде, қарамыз аз болып қалмаса екен..” деп ішімнен жуалдыз түрткілеп келе жатқан ғой. Жоға, “Шербеттің” ұзын үстелінің қос қапталын
шылғи блогшылар “басып алыпты”. Араларынан әзер дегенде адам сиярлық орын таптым

Бірақ, “а” дегенді “ю” деп ұғатын басбұзар, лаңкес, антиглобалист, панк, фрик, мукла… очм, біздің талапқа жатпайтын “біреулер” шырқымызды бұзбас үшін “Сақаубай-секьюрити” фирмасынан елу (50) жігітті жалдайтын болдық. Әзіл ғой ))) “бүйтуге, сөйтуге болмайды” деген ережелер жариялап қоямыз, болды. Өрімталдың жазғанын қайта өргендей болмайын, бірақ Баркэмпіміз болатын КИМЭП-ке интернет жалғау жағын Ержан аға жайғастырам десе, ресми мекемелерге шығу керек болса, мәжілісмен Мұрат аға “әрқашан дайынмын” деді. Нұрғиса көке “WordPress” тұғырнамасының өкілі келіп жатса, ілеспе де, ілеспей де аударып беруге әзірлігін айтты. Ал, “Айқын”, “Жас қазақ үні”, “Халық сөзі” және басқа да басылымдардың өкілдері “асқан кемеңгерліктің, көрегенділіктің бастамасындай болатын жиын” жайында бет-бет материал басып, детсадтағы “детилерден” Қарақия ойпатындағы түйешіге дейін отклик жинаймыз деп отыр. “Қой, ұят болады” деп айту ұят екен

Айтпақшы, Астаналық блогшылардың осы Блог құрылтайымызға барып келуіне жауапты Өркен деген біреу екен. Жауапты ретінде ол жауап берді. Мұрын астынан “міңгірлеп”, “Астаналық блогшылардың демеушісі ақша мәселесін 15 ақпанға дейін реттеп беремін деген… Ақша түсіп жатса, Дабай кызыға тіркелген блогшылардың арасында презентация жасайтын, пікір айтатын белсенділеріне басымдық бере отырып, іріктеу жасау керек” деді. Еее, ұмытып барамын, презентация жасаған кезде модератор болғаны дұрыс па, бұрыс па деп дауысқа да салыппыз ғой. Түйткілді тақырыптың түйіні піспеген соң, “Дабайдың” микросауалновкасында пісіріп аламыз деген пәтуаға келдік. Ал енді суреттер сөйлесін!

НҰРЕКЕНнің ұсынысы: “блогшылар волейбол ойнайық!”. Бәрі бірауыздан қолдады, қалыс қалған ешкім жоқ, қарсылары қатыспады

Мұрат ӘБЕНОВ: “Саясаттан қашып кетпейміз. Бірақ блогкэмпке келіп, саясат айтушылардан сақтанайық”

Бұлар, бұлар… айта алмаймын енді, аса дарынды аудармашы Нұрғиса АСЫЛБЕК пен сұмдық сарапшы Кәмшат ТАСБОЛАТ. Ерлі-зайыпты блогшылар. “Дабайликске” сенсек, болашақ Асылбековтердің де блогтары дайын тұр дейді. Артқы фонда – продакт-плейсмент (“Алгида” балмұздағы мен “Салнұр” жорналы)

Ағалар. Ерекең (Ерлан ОСПАН) мен Ерекең (Ержан НҮСІПБЕКОВ): “Тәәк, идея жаман емес, бірақ біраз илеу керек”

Пах-пах арулар. АйжанНҰР (бөрік) мен оның сұлу, бірақ блогы жоқ сіңлісі АйСҰЛУ (бөріксіз)

“Үш ақтөбелік” полотносы (ӘЙгерім ханшайым, АрШАТ батыр, ЕРлан баһадүр)

Отырыстың “ең үздік парламентарийі, тойыс сұрақ қоюшысы” Фазылбек ӘБСАТТАРҰЛЫ, Дабайдағы Әйгерім, ортада – ӨрКЕН. Суретті түсірген – Өркен. Көрдіңіз бе, бір қолымды үстелдің астынан жіберіп қойып, “Инспектор Гаджет” болуға тура келді))))

Ортада – Әбу Асхат ибн ЕРКІМБАЙ ибн Блог әл Мысқазғани ат-Қазақи, оң жағында – Рахат ЖАҚСЫБАЙ, экс-сенатор, кешіріңіз, экс-дебатшы, сол жағында – Бекжан ТОЛЫБАЙ, “Қазақ интернеті” деген 5 қабат құрылыстың қосалқы сәулеткері

Мына жігіттер дәу де болса, wikikaz жобасының жетекшілері… Wikileaks-пен шатысы болуы мүмкін, тексеру керек!

Бекжан аға бәдіренді шанышқысымен қытықылап жатыр

Арғы жағын таныстырдым, бергі жақтағы братанды танымады (айып етпеңіз, менің кінәм). Ал аруымыз Виктория БЭКХЕМ (аты мен фамилиясының біреуі ғана шыңдық, ойлап табыңыз)

наса да, ұнамаса да, түріміз осы енді! Астаналық блогшылар! Айтпақшы, жиналысқа келмей қалған Амангелді (“ТАМШЫ”) бірқанша адамды иіріп, сыртта Блогкэмпті түсіндіріп тұр екен. Сол тарихи сәттен бір кадр! Бағалаңыз

Жалпы, алғашқы кездесуіміз жаман өтпеген сияқты. Асхатты бүгін 19.30-дағы отарбамен Алматысына шығарып салдық. Жеңісті күндерде жолыққанша!
Қазақ админдерінің шайқорлығы соншалықты, бір ішкенде қос пиаладан бірден ішеді…