Кешірерсіздер видео сапасы жоғары болып шықпады. Жақсы веб-камерадан басатын бағдарлама таппадым. Келесі жолы жақсысын табармын деген үміттемін. Менің қолыма, яғни менің емес інілеріме арналған Бал-баланың 2 даансы қолыма тиген еді. Осы сәтті пайдалынп ойыншықтарды тамашалап отырған едім.
Қатты минустап тастамаңыздар, себебі алғаш камеранын алдында сөйлеп отырған едім. ))))
Төніп тұрса төбемде күн,
Демің бе деп елеңдедім.
Қою түндей қара көздің,
Мұң шықтарын сен емдедің.
Бәлкім, сен де ойлайсың ба?
Тұнық сырға бойлайсың ба?
Айдан жолдап сәлеміңді,
Бір серпілтіп қоймайсың ба?
Уә аса құрметті һәм қадірменді алматылық блогшылар, блогшылардың басқа қалалардан келген блогшы дос-таныс-туыстары және жалпы Блогкемпке алыс-жақыннан көз тастап жүрген қауым!
Ертең, яғни 26 ақпан күні /сенбі/ саған 18.30-да кезекті минибарымыз атышулы Арбатты «City» кафесінде өтетінін алдын-ала хабарлағым келеді.
Әкесін сабаған баланы көрдім, бірақ байлап қойып сабаған баланы көрмедім. Халық нақылы
Аламан.кз сайтындағы бір мақалада ҚФҚ қазақ тіліндегі жаңа сайтының бас редакторы Айдын Қожахмет былай депті: Ол қателердің бәрін өзіміз де көріп отырмыз. Бәрін түзетіп-күзеп жатырмыз. Бәрі де техникалық ақаулар. Кейбір тұстарын компьютерлік нұсқа аударып жіберіпті. Бір-екі күнде оның бәрі түзеледі.
Сонда деймін да, компьютерге жан бітіп, орысшадан қазақшаға өзі аударып жіберетін болғаны ма? Қып-қызыл өтірік. Ашығын айтып, “Қазақшаға шорқақпыз” немесе “Қазақшаға түкіргеніміз бар” деген дұрыс шығар. Одан басқа шындықты көріп отырғаным жоқ жаңа да болса «топас» сайттан. Жасушадан тұратын адамның молекуладан тұратын компьютерге жала жапқаны күлкілі емес пе, о заман да бұ заманның қазақтары?! Сайттың домені де басқа тілге аударылып кетіпті.
Адамдардың бітпей жатқан шикі істі жарияға жар салатыны жаман да. Осыдан алдын Ел спорты деген сайт та құрып кетті емес пе теледидардан «айқайлап» шығып алып.
P.S. Адам болғаннан кейін бәріміздің де кемшілігіміз болады. Бірақ 3 ай бойы дайындалған сайттан қазақша дұрыс сөйлем таба алмасақ, оны қазақ тілін қорлау демегенде алжыған атамның сандырағы деймін бе, dear FFK?
1.Жанға маза бермейсің,
Сағыныш боп кернейсің,
Көзімдегі сезімді,
Байқамайсың, көрмейсің…
Жүрген жоқпын байқамай,
Менде де мұң бар талай.
Есіміңді ән қылдым,
Жүрегіммен қайталай.
Арманымыз көп, тек амалымыз жоқ…
Қайырмасы:
Өмірде солай, мың тарау — бір түйін,
Ұнату оңай, ғашық болу қиын…
2.Екі бөлек ағыспыз,
Жақын емес, алыспыз.
Сезіміміз адасқан,
Бақытымыз бағытсыз…
Тағдырды кім таңдайды?
Кейде сезім алдайды.
От пенен су ешқашан
бірге бола алмайды.
Арманымыз көп, тек амалымыз жоқ…
ҚазССР еңбек сіңірген әртісі (1982), КСРО кинематографистер одағының мүшесі (1972), танымал қазақ актрисаларының бірі Меруерт Өтекешова 60 жасқа толып отыр.