Тфуй, компьютеріңді ...

Әкесін сабаған баланы көрдім, бірақ байлап қойып сабаған баланы көрмедім. Халық нақылы

Аламан.кз сайтындағы бір мақалада ҚФҚ қазақ тіліндегі жаңа сайтының бас редакторы Айдын Қожахмет былай депті:
Ол қателердің бәрін өзіміз де көріп отырмыз. Бәрін түзетіп-күзеп жатырмыз. Бәрі де техникалық ақаулар. Кейбір тұстарын компьютерлік нұсқа аударып жіберіпті. Бір-екі күнде оның бәрі түзеледі.

Сонда деймін да, компьютерге жан бітіп, орысшадан қазақшаға өзі аударып жіберетін болғаны ма? Қып-қызыл өтірік. Ашығын айтып, “Қазақшаға шорқақпыз” немесе “Қазақшаға түкіргеніміз бар” деген дұрыс шығар. Одан басқа шындықты көріп отырғаным жоқ жаңа да болса «топас» сайттан. Жасушадан тұратын адамның молекуладан тұратын компьютерге жала жапқаны күлкілі емес пе, о заман да бұ заманның қазақтары?! Сайттың домені де басқа тілге аударылып кетіпті.

Адамдардың бітпей жатқан шикі істі жарияға жар салатыны жаман да. Осыдан алдын Ел спорты деген сайт та құрып кетті емес пе теледидардан «айқайлап» шығып алып.

P.S. Адам болғаннан кейін бәріміздің де кемшілігіміз болады. Бірақ 3 ай бойы дайындалған сайттан қазақша дұрыс сөйлем таба алмасақ, оны қазақ тілін қорлау демегенде алжыған атамның сандырағы деймін бе, dear FFK?

ФФК-ша қортындыласамыз: webларымыз 2-3 кунніңде балығы қателердің түзетеді.
Бөлісу:

13 пікір

yerbol89
Ризамын Саке! Төтесінен тура айттыңыз. Ия webлары туралап қояды ғой. Күлейін ба, жылайын ба? Қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым! -деп анам айтып отыратын еді. Тура сол жағдай ғой мынау.
Malimetter
Сынамайық, сыйлайық.
дейді. Сонда, менің ана тілімді сыйламағандарды сыйлауым керек пе? FFK Webлар «жалғызы» болмаса басқасы болсын :)
asaubota
«Сайттың редизайніне қанша қаржы жұмсалды?» деген сұраққа Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Саян Хамитжанов: «Қанша қаржы жұмсалғанын айта алмаймын, мұндағы негізгі мәселе – қанша қаржы кеткенінде емес, сайттың қазақ тілінде жасалуында. Сондықтан біз бұл жобаны қаржыдан қысқан жоқпыз», – деді.

ақшаны аямаған екен аудармашылардан
Nurgisa
Бұл тектес сайтты аударма жасап қазақшалау (негізі сайттағы мәтін қаншалықты көп екенін дәл білмедім) 100 мың теңгенің ары-берісі шығар. Егер қосалқы материалдар көпбетті және ұзынсонар болса гәп басқашалау. Кешегі айтылған «консультация-монсульстация» сияқты етіп, біраз миллионмен «кілегейленіп» алмаса игі еді…
ardakkatarbayev
кез келген ұлттың өз тілін білмейді дегенді,өз басым түсінбеймін, түсінгім-ақ келеді...)
kuat
+1!
kuat
Айдын Қожахмет сайтқа бір келіп кеткен ау дим, минустар көбейіп кетіпТ нақ ық ық )))
Qojeke
Қос-қостан қойылған минустарға де дейсің? :)
kuat
бот именно мен соларды айтыватрм
asaubota
Айдын не істесін бұл сайтты. оларға бәрібір сырты қызық іші орыс болғасын.
kuat
қазір сізге де минус қойылады ық ық ))
Aqiqat
@Malimetter
Кейбір тұстарын компьютерлік нұсқа аударып жіберіпті
sozdik.kz сияқты аудармашыларды айтып отырған болар
Aqiqat
Минус мәселесі мағанға дейін де өзекті болған екен ғой. Кешір, Зевс