Мүмкін емес (Нәби Аймұратов)

Төніп тұрса төбемде күн,
Демің бе деп елеңдедім.
Қою түндей қара көздің,
Мұң шықтарын сен емдедің.
Бәлкім, сен де ойлайсың ба?
Тұнық сырға бойлайсың ба?
Айдан жолдап сәлеміңді,
Бір серпілтіп қоймайсың ба?

Қайырмасы:
Тыныштық бер жүрегіме,
Құлақ аспа тілегіме.
Сезім шоқты тығып қойғам,
Жұмыр жердің жүрегіне.
Күліп келем, күлкім емес,
Тек әйтеуір сылқым елес.
Сені ойдан арылтпақпын,
Бірақ, әттең, мүмкін емес…

Ару айдың қанатынан,
Тұман мұңдар таратылған.
Сәулем менің қайда жүрсің,
Қарша бұлттан жаратылған?
Самал желмен тербейсің бе?
Ыстық күнмен емдейсің бе?
Сені іздеумен тұншығамын,
Желге мініп келмейсің бе?
Бөлісу:

26 пікір

meirzhan
Осы ән өте керемет. Біраз мұңдылау.
satibaldi
[Қою түнгі қара көздің]

Түн жарымында көмір ұрлайтын негрлерді бақылау камерасымен сканерлеу әлі де өзекті мәселе болып отырғанын орынбасарлыққа ала отырып, «ақынның» осы жерден толығырақ жазуын жік-жаппар болып өтінемін. Нақтың.
AKY
Соны өзім де түсінбедім)) Әдемі естілу үшін жазыла салған да…
AKY
Әлде мен дұрыс естімедім бе?
kuat
мен жаңа ғана тыңдап көрдім. тура солай айтылған.
satibaldi
Ерінбесең, үйге күріш ала салш, а?
satibaldi
Сол бір тіс шұқығыштың басына мақта орап құлақ шұқудың қауіпті екені неше рет айтылды, неше рет жазылды, еш нәтиже жоқ бәрібір(((
Zilola
"қою түндей көзің қара" деген мағынада жазылған ғо, Сәтеке мырзам, әбизөк тиісіп қоймасаңыз көңіліңіз жайлайбайды екен тегі :)
satibaldi
Муза шешей өлгелі поэзияға қал-қадірімізше өзіміз бас-көз болған түріміз ғой, бир қулоги чандық кыз.
satibaldi
[Айдан жолдап сәлеміңді]

Нейл Армстронгқа жолдауды ағылшын тілінде жасаған тиімдірек болатын сияқты бұл жерде.
Zilola
Айгеля «Сезім шоқты тығып қойғам, жұмыр жердің жүрегіне» деп келетін шығар а?
AKY
Мүмкін… Өзгертіп қояйын ба?
Zilola
өйткені сезімді білдіргісі келмейтінін айтып келеді ғо, өзгертем десең өз еркің, "қазаншы сам знает" :)
AKY
Дұрыс, дұрыс… Нетіп қойдым.
Zilola
әй осы "өзім ай" :)))
Мен болмасам бұл жалған :)))))
AKY
Күнде уайым, күнде арман) О, осы әнді де жазып қояйыншы.
Zilola
саған идея жіберген әй осы өзім ай, сөзім ай :)))))))))
satibaldi
[Ару айдың қанатынан]
Джордж Лукас, «Звездные войны», ық-ық…
saken
бұл әннің авторы кім екен?
sammita
Сөзін жазған: Назгүл Бердіқожа
Әні: Индира Елубаева
sammita
Нәбидің ең соңғы әні…
Әнін жазған Индира Елубаева: «Бұл ән туралы көп пікір-талас туды. Бір білетінім, жаман дүние болса, жұрт аузына ілікпес еді. Әу баста әнді махаббат тақырыбында шығарған едім. Нәбиге екі-үш ән көрсетіп едім, осы әнді қатты ұнатты. Бастапқыда Еркінмен дуэт айтпақшы болды, кейін өзі ғана орындайтын болып шешті. Алайда айналасы бір айдың ішінде өзі дүниеден өтіп кетті. Жүрегімен жеткізіп орындаған еді. Тағдырымен сәйкес болып шықты… Жақсы көретін інілеріміздің бірі-тін. Осы әннен кейін ел «Мүмкін еместің» авторын іздеп, «әнді шығарған кім?» деген қызығушылық танытқаны үшін қуандым. Бірақ осы әнмен Нәбидің жарық дүниемен қоштасқанына өкінемін. Қазір Нәби мен «Мүмкін еместің» аты қатар ата­лады. Осы әнмен Нәбиді еске алады. Ақбота Нәби қайтыс болғаннан кейін осы әнді сұрады. «Нәбиге арнап, клип түсі­ремін» деді. Ақбота бірге ән айтып жүрген соң, Нәбиге естелік жасағысы келген. Ол кезде шынымызды айтсақ, басқа бөтен ойымыз болған жоқ. Ақботаға «онда дуэтпен орында» дедім. Мейрамбекпен сөйлесіп едім, ол «Топырағы кеппей жатып, ұят болады. Дұрысы, сол ән сол бойы қала берсін» деді. Оның үстіне біраз кісілер, ата-анасы, жары қарсы болды. Сондықтан біз ол ниетімізден айныдық. Мен де ешкімге рұқсат етпедім. Концертімде өзім орындадым. 22 қаңтарда «Мүмкін емес» деген атпен Нәбиді еске алу кеші өтеді. Лұқпан Жолдасов Нәби айтқан әндерді жолдастарына беріп, орындатпақ. Сол кеште «МузАРТ» тобы назарларыңызға ұсынады».
merekeee
Ақбота ақыры жаздырып, орындап жүр екен…
sammita
«Тұнып тұрса төбемде күн» емес,
«Төніп тұрса төбемде күн» болуы керек.
sammita
"Қою түнгі қара көздің,
Мұң шоқтарын сен емдедің"

Қою түнДЕЙ қара көздің,
Мұң шЫқтарын сен емдедің".