Өмірде солай (М.Бесбаев, К.Абдуллина)



1.Жанға маза бермейсің,
Сағыныш боп кернейсің,
Көзімдегі сезімді,
Байқамайсың, көрмейсің…
Жүрген жоқпын байқамай,
Менде де мұң бар талай.
Есіміңді ән қылдым,
Жүрегіммен қайталай.
Арманымыз көп, тек амалымыз жоқ…

Қайырмасы:
Өмірде солай, мың тарау — бір түйін,
Ұнату оңай, ғашық болу қиын…

2.Екі бөлек ағыспыз,
Жақын емес, алыспыз.
Сезіміміз адасқан,
Бақытымыз бағытсыз…
Тағдырды кім таңдайды?
Кейде сезім алдайды.
От пенен су ешқашан
бірге бола алмайды.
Арманымыз көп, тек амалымыз жоқ…
Бөлісу:

15 пікір

asaubota
жақсы қауымдастық бастапсың. жақсы әндердің сөздерін мүмкін болса аудиосымен бірге салып отырайық.
sammita
аудионы қалай саламыз?
asaubota
кик.кз сайтына саласың, сосын кодын осында қоясың.
sammita
рахмет! Аршат, жұма күнгі боянндар қайда? КВН қашан өткіземіз (кездесуде айтқансың):))
AKY
Мынауың жақсы идея екен. Осы кейде басың істеп кетеді ше)))
TERISKEI
Идея тамаша! Жақсы боды, сүйікті әндеріміздің мәтінін лезде таба қоятын бодық! Дегенмен, ән сазы мен мәтін авторын да жаза кетсек қалай болады? Авторлардың да еңбегін бағалағанымыз болсын!..
AKY
Білсем, жазар ем)) Айта отырыңдар, түзеп қоям.
TERISKEI
Сөзін жазған Шөмішбай Сариев қой деймін, әнін өзгелер айтпаса, білмейді екем кім жазғанын:)
Abilakim
Жақсы, жақсы, минусын салсақ тіпті керемет
asaubota
осы әнді тыңдай бергім келеді. сөздерін менің ұлым да жаттап алған, өзімен өзі айтып жүреді "ұнату оңай ғашық болу қиын" деп. шешесі отырад «саған не керек махаббат» деп :))

екеуін де сағынып кеттім…
VKM
"ұнату оңай ғашық болу қиын"
Аминнің айтып жүргенін елестетіп, күліп отырмын… тәп-тәтті болып)
VKM
Аршат аға,15-ші рет тыңдап отырмын. Ұнап қалды. Менің қазіргі көңіл-күйіме келетін ән екен.
qisyq
Жақсы ән. Керемет…
AKY
Жаңа көріп отырсыңдар ма)))
qisyq
Бұрын мән бермеппін бұл әнге. Мына жазбаны жаңа көріп отырмын.