КерекИнфо қолданушысы, кім ол?



КерекИнфо қандай сайт?
КерекИнфо Livestreet CMS арқылы жасалған блог жүйесі. Бұл форматта коллективтік блог (қауымдастықтар) және жеке блог жүргізуге болады. Ешқандай техникалық білім қажет емес. Тіркелген қолданушы бірден өз блогына мақала жаза алады, сурет, сілтеме, аудио, видео қоса алады, сауалнама жүргізе алады. Сондай-ақ бұл жер еркін пікірталас алаңы. Пікірталас бар жерде әрине оффтоп та флуд та болады. Кейде мақаладан гөрі пікірлер қызықты болып жатады. Көпшілікке де ұнайтын нәрсе осы пікірталасу.
Әрі қарай

Уау, уау, уау : ДУАЛАУ !!!

Шива түрімізді қисық қылып мазаққа жарата салып, қыздар-қатындар қарамаса, лоқтың тағдырымен келісіп жүре беретін еркек деген хуйлықпыз ғой біздер. Ал қыздар…
Еее, ғақылия мүкәммал амиголар, сендер тап бүгін әулие-ведьмаларда, бақсы-шамандарда неше қорап шай, неше бөтелке су оқытылғанын білсеңдер ғой! Тек бүгін ішірткі ретінде оқытылған тағамдармен — Солтүстік Африкадағы аштықты мәңгіге жойып жіберуге болар ма еді, кім білген нақ! Дуалау — бүгін осы бір тылсым да қорқынышты, кей тұстарда тас пен тоқ ішектің мазмұнын ақтарып кететін тақырыпты шолып өтсек дейміз.
Әрі қарай

Апокалипсис: Тасқын. Vol.2

Жалғасы. Басы мұнда.

Шыны керек, әуел баста, асқазанының түп етегінен ала түскен суық сезім қайыршының түрінен болды деп ойлаған. Алайда, бірер секундтан кейін қорқыныштың өзі күткен, алайда бар жан-тәнімен қаламаған жағдайдан болғанын түсінді. «Не!? Қалай? Менің округімде!? Мүмкін емес! Неге!?» Сумаңдаған ойлар сондай бір сұмдық жылдамдықпен мидың түкпір-түкпіріне шашырап, бір-біріне соғылып, көбейіп, балалап, шерифтың қалың құйқалы, тікен шашты басына ұялап жатты.
Әрі қарай

Апокалипсис: Тасқын



Спасибо, Боже, что дал насладиться этим местом, перед тем, как здесь начнется Конец Света.
Симпсоны


— Хееееййй… Джооон! Қалллайсың!?

Терезе алдындағы үстелде сыра ішіп отырған қатпа қара есіктен кірген еңгезердей шерифті көріп, әкесі келгендей қуанды.
Әрі қарай

Палшыға бардым

Астанада "Қазақстан" сауда орталығының жанында кофе қалдығымен пал ашатын армян әйел бар. Ставка — 2000 теңге. Әйтеуір елдің бәрі соны мақтайды. Таныс құрбым (тұрмыста) жұмыс таппай жүрген, соған баруды ұсынды. Өзі бір жағынан Шымкентке қайтқысы келіп, шешімге келе алмай жүр екен. Соның жауабын білмек. Мен еріп баратын болдым, одан бізге тағы бір Семейлік қыз ілесті, ол да Астанаға жақында келіп жұмысқа тұрған еді.
Бардық. Есік алды тап-тұйнақтай, но бірақ адам деген көп. 11:30-дан 16:00-ге дейін кезек күтуге тура келді. Анадай кезекті күткен соң, мен де кірмекші болдым.
Әрі қарай

Aygen пакеттері қайдан шыққан?


Aygen деген жазуы бар көк пакеттер бірнеше жылдан бері ең танымал пакет болып келеді ғой біздің тұрмысымызда. Қандай фирма екен Aygen деген деп ойланып көрдіңдер ме? Бүгін сол сұраққа жауап іздеп, инетті шарлап қайттым.
Әрі қарай

Патшаның қызы неге бақытсыз?..

Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенменде, екі қыз өсе келе мінездері өзгере бастапты.
Әрі қарай