Патшаның қызы неге бақытсыз?..

Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенменде, екі қыз өсе келе мінездері өзгере бастапты. ]Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е… сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді»-дейді. «Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын», — дейді жолаушы. Патша қуана рұқсат етіпті.
Сол күннен бастап саяхатшы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди бастапты. Қараса екеуі түнде жатар алдында жастықтарының астынан бір дәптер шығарып, бір нәрселер жазып, таңертен жазғандарын оқып, орындарынан тұрады екен. Саяхатшы бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты.
Ертеңінде саяхатшы кіші қыздан рұқсат алып, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының астына қояды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты. Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан ол дәптерде жазылғандарды жатырқамапты. өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты.
Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне өзі сенбепті. Бірден саяхатшыны шақырып, бұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Саяхатшы: «Патшам, өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің үлкен қызыңыз өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», — деп жауап береді.
Патша үлкен қызын шақырып, оған енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті.
Сол күннен бастап, патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті. ">
Бөлісу:

15 пікір

Zilola
менің папа мамам маған көп көңіл бөлмейді негізі, осы жолы барғанымда чуть етегіме жабысып қала жаздады да
Содан қойыңызшы, әшейінде мені ұмытып кететін едіңіздер десем, папам мен постоянны сені айтып отырамын, просты оны саған көрсетпеймін дейді
төбем көкке жетті, қалған әпкеерімді отчивать еткендей, бір рахаттанып қалдым даЧы ))
meirzhan
Көп балалы отбасыларда осылай енді. Балалар арасындағы ата-ана назары, махаббатының үлкен бөлігі үшін тайталас, бәсеке. Кенжелерде фора болады әдетте.
Gamk
Тәңірі төбесіне тұтсын! ))
Zhan
Жақсы екен, мынаны оқығаннан кейін недовольный болып жүруді қояды екенсің.
Esmeralda
Ұнады, айттым ғой позитив керек деп))
know_how88
Жақсылық қылсаң өзіңе қайтып келеді, жамандық қылса ол да… Сондықтан, ылайым, позитивті энергия шашып жүру керек. Қайырымы өбеспешен…
Beytanis
Сол күннен бастап, патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті.

Сәтімен байға тиіпті дегенді қосып қоя керек. :-)
meirzhan
Осыны істеп көру керек екен.
Розовый очки киген сказочный розовый заяц болып кетпейін.
Qosay
Адам баласының ғұмыры баянды не баянсыз болуы өз қолында деп ойлаймын. Жақсыға жаны құмар, ой-пікірі түзу болса, адамның сана-сезімі көркейіп, сөз жоқ өмірде өз орнын таба алады.
SaryQazaQ
Иә, жақын досыма үнемі осыны айтамын. ОСы әңгімені оқытпасам. себеп болып қалар
Nurlibek
Менің мына сайтта отырғаныма сағат жарым болды. Бір керемет сайт екен. Жарайсыңдар жігіттер!!! Мықтысыңдар
bake
 қонақ болып келіп қоныстанып қалғанбыз))
AyaulymToleubek
біреуі писсимист біреуі оптимист болғаны да )
VKM
Мораль: тек жақсы нәрселер туралы ғана ойлау керек