Aygen пакеттері қайдан шыққан?


Aygen деген жазуы бар көк пакеттер бірнеше жылдан бері ең танымал пакет болып келеді ғой біздің тұрмысымызда. Қандай фирма екен Aygen деген деп ойланып көрдіңдер ме? Бүгін сол сұраққа жауап іздеп, инетті шарлап қайттым.

Сөйтсек Aygen Collection деген өзбекстандық текстиль фирмасы екен. Өз тауарларынан гөрі пакеттерді көп шығарған сияқты. Бір жағынан әрине жақсы жарнама. Пакет те жаман емес



Суреттер мына жерден: www.ideanomads.com/events-ideas/2009-jul-18-aygen-collection/

Мына жерде қызық мақала бар, осы пакеттер туралы.
Бөлісу:

89 пікір

satibaldi
Қанша арақ, қанша сыра тасылды осы пакеттермен. Қанша жерде дастархан, қанша жерде қоқыс пакеті болды. Халық маркасы, әңгіме жоқ. Мәмбеттердің сабаққа ұстап баратын құтты пакеті бұл!
know_how88
Мәмбеттердің сабаққа ұстап баратын құтты пакеті бұл!
Zilola
осы пакетке салып (аурухана алдындағы дүкеннен), коньяк пен шоколад бергенге де жақсы медиктерге, жемқорлығыңдыссс ))
Aizhantabyn
аха)) сосын түрлі түсті бір пакет те қайдан екен деп ойлап қоям. ))))))))))))
Gulistan
Атырауда қара пакет бар, атын ұмытып қалдымДүкендерде соны тыққыштайды.
balenti
сол қара пакеттін аты — "ҚАРА ПАКЕТ")))
balenti
YONKO — ғо аты қара пакеттін))) қазір есіме түсті)))
omarbirat
Мен бұны түріктердікі шығар деп жүріппін.
omarbirat
Ауылдағы әйелдердің "қалаға ұстап барып келейінші" деп бір-бірінен сұрайтын пакеті ))
Nurgisa
Кейде, бірақ, әбден қажыған "ұстағышы" ағарып кетеді, немесе — cу тисе, көк түстеуіші қолға «сіңіп» кетеді…
Zilola
ауылда апалар жиындарға келсе, ойбой мен бағана көкпакетпен келіп едім, ішіне тәтті құтты салып қайтарың деп тап осы пакетін іздейді ))
sammita
осыны жек көрем неге екенін, ұстамаймын мүлдем)
Zhan
менде терпеть не могу, краскасы қолыңа да, үстіңе де жұғып ығырыңды шығарады.
Gastarbaiter
Өтіркті соқпа, как раз краскасы жұқпайты болған соң әдейі осыны таңдайтынбыз сабаққа баруға
Gulistan
Өзбек әкалар осылай үндемей саудасын қыздыра береді уақ-түйектермен.
Nurgisa
Біздің оларға жауабымыз Рамсторларымызда тегін берілетін аттас пакеттер ме?
HaLiL
осы пакет дегенде есіме түседі: 1980-1981 жылдары Wrangler, Rifle деген джинсилардың суреті салынған пакеттер Алматыда алғаш сатыла бастады. Сондай пакет ұстау — модаға айналған. Джинсидың суреті бар, немесе әдемі қыздардың суреті бар пакеттер — 10 сом, ал жәй табиғаттың суреті, т.с.с пакеттер — 3 сом болатын. Очередте тұрып, таласып алатынбыз. Пакеттің суретіне қарап, ұстаушының деңгейі, «крутойлығы» білінетін. :-) Кейдке армиядан қайтқан дембельдер подарка ретінде әкеліп берсе, қуанышың қойныңа сыймайтын… Қазір көшеде жатқан сол пакеттерді көрсем, сол студенттік кез есіме түсіп, езуіме күлкі үйіріледі… ;-)))
asaubota
біз 90-жылдардың басында сабаққа футболшылардың суреттері бар пакеттер ұстайтынбыз. барынша суретін кетірмеуге тырысып, ұқыпты ұстауға тырысушы едік. ол да бір крутойлықтың белгісі еді
sammita
))))))))
баяғыдооооо сетка сөмкелер болатын нанға баратын, соны әдемі пакетпен тыстап ұстап жүретін кездер болған)
AKY
Құдай аясын… Ол кезді көрмегенім қандай тамаша
sammita
сабақта ішінен бірдеңе алу қиямет, сытыр-сытыр етіп
sammita
рахат, 1-ші сентябрьде былтырғы (алдыңғы жылғы) мектеп формасы (Аршат өзің сондайсың, қызыл галстук, ақ бантик пен жаңа пакет дайындап қоясың.
asaubota
одан жалықтым. сантехник формасымен вызовқа барғым келіп жүр
sammita
Астанада Муж на час деген услуга бар. Соны көрші Любой жұмысқа шақыра береді.
AKY
Пайдаланып көрдің бе? Былай өзі… Қалай екен?
sammita
біздегі әйелдер күйеуін солай "қорқытады" екен. Үй шаруасын кейінге ысыра берсе
AKY
Қандай үй шаруасы? Шеге қағу, андай-мындай ма баяғы?
sammita
сондай ғо. Ұсақ-түйек үй тірлігі.
sigma
басқа міндеттерін орындамай жүргендер болар десем
sammita
сол үшін "үй шаруасын" дедіііім.
Zilola
«Альйош сен тусiншi, мен уйыктай алмай журмiн. Iciн бiтiредi де кетедi гой» © Шшшолпан )))
AKY
Қойшы, ал совецкий портфельдер ще?
sammita
олар тозды ғо 90 жылдары. 6 класта солардан, инеге әлім келмей үй тәпішкесін тікпек болғам табан қылып)))))))))))))))))))))) былғарысы мықты еді)
sammita
кешке балдақсыз қайтарам көресің))))
AKY
Тастағалы қашан
sammita
онда балдақпен қайтарам
Aikona
Сумакалары жақсы еді қыста отырап сырғанаақ теуіп ):
Gastarbaiter
Бізде сабаққа пакетпен бару бұзық-крутойлықтың бегісі еді. Негізі олар жоқшылықтан солай жасайтын. Ал кей балдар оларға еліктейтін.
Әлжуаз әшкәриктер ғана портфелін кітапқа толтырып ап жүретін.
Кейін тіпті пакет те ұстауды қойды.Бір 42 беттік общий тетратты ішқырлыққа қыстырып ап жүре беретін. Жартысы алгебра, геометрия, жартысы физика, химия, тарих. қазақ тілі мен әдебиетін, сабақ қатарына қоспайтын.

Неге үшінші жақта сөйлеп жатырмын? Өйткені мен крутой-бұзық бала болған жоқпын. Әлжуаз-әшкәрик болдым
Zilola
авоська?
AKY
У Авоськи под подушкой, лежит сладкая ватрушка © Дымбілместің жыр жинағынан
a63a1
Пакеттер есімде жоқ, 96 жылдары титаниктің суреті бар сұр футболка киетінбіз)
asaubota
қазір біреу келіп «біз 2002-ші жылдары...» деп тұрмаса болды ғо
sammita
өлтірдің))))))))))
Шыда, 1-2 жыл))
a63a1
 біз 2002 жылдары нестедік? деп басын қасымаса, ол уақытта бәрі де болдығой.
sammita
сұрын білмеймін. Қап-қара футболкалар болатын, алдында суреттері бар үлкен.
a63a1
кешке фотасын ілем есіңе түсетін шығар)))
AKY
Менің есімде Құсық футболкалар.
a63a1
құсығын қайдам, инкубатордың балапандарындай болатынбыз ауылда
Zilola
D & G деген футболкам болған, өләәә модница сезінетін едім сол кезде өзімді. Ал қазір жазуы жоқ, суреті аз футболка іздеп табанымнан тозамын
daniyar
Бренділік жазуы бар қарапайым футболканы киюді ұнатпайтын болдыңыз ба?
balzhan
styled in Italy деп жазылып тұр ғой пакетте
Nurgisa
Ол Италияда өндірілгенін білдірмейді міндетті түрде. Дизайны сол жақта жасақталған болуы мүмкін, ал өндіруші ел жоғарырақта көрсетілгендей.
meirzhan
Италияда жасап кеткен деген мағынада шығар
ұрлық түбі қорлық
Qojeke
"Қайдан шыққаны емес, қайда барғаны маңызды" деген сөзді бір адам айтыпты. Айгеннің танымалдылығы да сол на.
Gastarbaiter
Арнайы «Ақиқат» үшін
konvict
Ұстаған пакетіме мән бермеппін.
asaubota
Abilakim
Бұл жерде басты назар пакетке ауып тұр
asaubota
адам бірінші басқа нәрсені көріп, сосын пакет қайда, пакет деп іздей ма пакетті?
asaubota
айтпақшы қалай ойлайсың, сурет авторын көрсетуім керек пе еді бұл жерде
Abilakim
Бұл жерде сурет авторының көмегінсіз-ақ пакеттерді тауып алдым)))
a63a1
sammita
мәйкің қайда?
a63a1
Мәйкімді жуып қойыпты, бүгін кешке салам
sammita
мәйкімен еден жуып қойыпты ма)
інілерімде болған қап-қара футболкалар, алдында үлкен суреттері бар. Есіме түсер.
a63a1
кешкедейін шыда қалқам
sammita
просты киімдеріңді көрейін дебем
a63a1
Киімнен көк 1 кок джинспен, бір киер кәстөмімғана
sammita
+92 жылғы майкіні ұмытпа
konvict
Мен пакеттерді таба алмай ақ қойдым.
meirzhan
Пакеттен басқа ештеңе көрмедім.
konvict
Әркім өзіне керегін көретін болуы керек