Қоғамдық көлікке табличка ұсынамын!


Қоғамдық көлікте күнде жүретіндіктен адамдар арасындағы мәдениетсіздікке көп тап боласың. Мысалы, телефонмен ұзақ сөйлесу, айқайлап сөйлесу, бір-бірімен ұрысу және т.б. Сол себепті әрбір қоғамдық көлікке әдептілікке, мәдениеттілікке шақыратын табличка жасауды ұсынамын. Кім біледі, бір күні әкімшілік менің блогымды оқып, кеңесіме құлақ асып қалар. Сонымен, табличкада мынадай әдепке шақыратын сөздерді болса:

Әрі қарай

Өзіңізге қандай баға бересіз?

Сәлем Әлем!
Осы сұраққа жауап бере аласыз ба? Бірден? Әлде уақыт керек? Мүмкін қиналатын шығарсыз?
сілтеме
Бұл сұрақты көбіне шетелдік компанияларға жұмысқа қабылдау кезінде жиі қоятынын байқадым. Алғаш рет өзіме қойылғанда тосылып қалғаным рас. Мұнда бір-екі ауыз сөзбен құтыла алмайсыз, не де болса ықшамды шағын презентация керек.Кібіртіктеп қалмас үшін, алдын-ала ойыңызды жинақтап алғаныңыз жөн.
Әрі қарай

Гастарбайтердің сахнадағы алғашқы "обломдары"


Әнші горлопан
Мектептің жыныстық емес акт залында өлең айту, тақпақ оқу, скетчтердің бәрінен бұрын, 6-жасымда Шатуновтың «А я хочу, а я хочу опять» деген өлеңін Мәдениет сарайында айтқанмын. Ол кезде "Әнші Балапан" деген сайысқа кастинг жүріп жатқан.
Өткен жоқпын.

Қайғы тұтқын.
Одан кейін, мектепте көтерілісші Емельян Пугачевтың қаһарына ұшыраған жауынгер рөлінде болдым.
Әрі қарай

Жақсының хаты, Қожекенің посты өлмейді!

Жақсының хаты, Қожекенің посты өлмейді! Егер осыдан соң жаза алмасам, Qojeke рейтингіне байланысты нахқа кетті деп санаңдар, жаманат! Мен өлсем де, қазақтың тілін қолдауға аттыкінсалысқан постым өлмесін!

Менен алалмай жүрген ақыларың болса, алыңдар. Нахқа кеткен адам қайтып келмейді. Минустап, мышкаларыңның,қолдарыңның қышуын қандырып алыңдар.
Әрі қарай

Euro 2012 іріктеу ойындары аяқталды



Кеше түнде іріктеу ойындарының топтық кезеңі аяқталды. Еуро 2012-ге тікелей шыққан командалар және плэй-оффқа қалғандар белгілі болды.

Тікелей жолдама алғандар: Польша мен Украина (алаң иелері), Германия, Ресей, Италия, Франция, Голландия, Грекия, Англия, Дания, Испания, Швеция (ең үздік 2-ші орын алған команда).

Плэй-оффқа қатысатындар: Түркия, Ирландия, Эстония, Босния, Хорватия, Черногория, Португалия, Чехия.
Әрі қарай

"Қой сорпасы" (жасалу әдісі)

Үйдегі сүйіктіңізге сюрпризді соңғы рет қашан жасадыңыз? Өткен сенбі күні Кәмшатпен отасқанымызға бір жылдың жүзі болып еді, күннің дәстүрліден ерекше өтуін қаладым. Жұма күні жұмыстан кейін гүл дүңгіршегіне барып сатушымен келісіп қойып едім, сенбі таңертең ерте келіп, ең әдемі қызыл розаның бір шоғын сыйлады кіреберісте. Ұйықтап жатқансыған сыңай танытып, есікті әдейі өзім ашқаным жоқ. Сенбі күні үйге жылу берілетін болғасын, үйден шыға алмай қалдық. Мерекелік трапезаны үй шарттарында дайындауға болмайды деп кім айтты? Ешкім. Жанұям үшін айрықша күні өз қолыммен жасаған «Қой сорпасының» дайындалу жолымен сіздермен бөліскім келеді:
Әрі қарай

ҚАЗАҚСТАН – АВСТРИЯ 0:0. АВСТРИЯНЫ АЛЫП ҰРУҒА НЕ ЖЕТПЕДІ?


Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Австриямен тең түсті — 0:0. Ойын өрнегі халыққа тағы сеніп ұялады. Жеңіске жетпесек те ойын өрнегі халыққа қуаныш сыйлады. Бізге жеңістің ауылы жақын еді. Бірақ Гридин, Мұжықов, Мұхтаров, Остапенколар тамаша мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады. Жеңіс біздің ауылда қалу керек еді. Жігіттерге дәлдік жетіспеді. Сонымен, біз үшін Еуропа біріншілігіне іріктеу сыны аяқталды. Бір жеңіс, бір тең ойын қоржынымызда. Нәтижені сараптау бапкерлер тобы мен федерацияға қалдырармыз. Бірақ бізде мүмкіндік көп еді. Мәселен, Түркиямен тең түсер сәтті уыстан шығарып алдық. Ал бүгін біз Австрияны ұтуға мүмкіндік мол еді. Болмады
Әрі қарай