ҰНАМАЙДЫ!!!! ұнайды

Ұнамайды:
балық аулауға бара жатқанда әйелімнің кенет ауыра қалатыны, бітпейтін бір қонаққа бару міндеті, жұмыста ананың-мынаның туған күніне жиналатын алым-салықтар, түнде бала жылағанда әйелімнің жорғалап кетпейтіні, қыртылдатып, өзін дін ғұламасы ретіннде танитындар, қандай да болмасын фанатиктер, жұмысқа ішіп келетіндер, кешігіп жүретіндер, жолдағы тормоз жүргізушілер, пешеходтар, полиция қызметкерлері, шенуніктер, әсіресе бастықтарынікін жалағыш шенуніктер, санай берсең көп обшым…

Ұнайды:

Ол да көп, мысалы, балық аулағанды (қай уақытта болсын), ертесіне балконда тұрып кофе ішкенді, дөп тиген сөз, «Абай жолының» бірінші томы, Александр Блоктың өлеңдері, Вивальдидің «Жыл мезгілдері», Рамазан Стамғазиев пен Бекболат Тілеуханның орындауындағы әндер, Астана-Бурабай тас жолында 240-пен машина айдағанды.
Бөлісу:

15 пікір

araika
Астана-Бурабай тас жолында 240-пен машина айдағанды.
хехе, көп адамдарға ұнайды, білсем.
Altygradus
Александр Блоктың өлеңдері, Вивальдидің «Жыл мезгілдері», Рамазан Стамғазиев пен Бекболат Тілеуханның орындауындағы әндер
осы жерлерімізде ұқсастық бар екен. Мен үшін Лермонтов әрине бірінші, бірақ Блоктің өлеңдерін де ұнатамын.Жыл мезгілдеріндегі жаздың жайма шуағы ұнайды.
Астана-Бурабай тас жолында 240-пен машина айдағанды.

ужыс, мына әдеттің сұмдық екен, отбасы бар жауапкершілігі бар адамның айтатыны…
Кейде сен сияқты дурактардың кесірінен басқалар жапа шегіп жатад еще.мдаа
meirzhan
автобан емес пе, қауіпсіз трасса.
Altygradus
230 деген почти Shinkansenнің жылдамдығы ғой. Қанша Автобан десе де, тіпті дамыған Еуропаның өзінде 130-дан аспаңдар деп рекомендейді. Сосын 130-150 ден асқанда CO2 бөлінуі де көбейіп кететіні ол бар
meirzhan
енді бізде жай трассаның өзінде 130 бен жүрсе, автобанда қалай көсілмеске  бірақ айтып тұрғаның дұрыс әрине, жылдамдықты жақсы көремін деп жауапкершілікті ұмытпау керек.
Ottegin
Ыыыы… Сіз ол тас жолмен жүріп көріп пе едіңіз? Бір бағытта үш полоса, ортасында кедергі бөлгіш бар, қарсы бағыттағы машинамен соқтығысу мүмкін емес. Және бір-ақ рет жүрдім, сондай жылдамдықпен, қатты ұнады.
Aikona
Әйеліңіз неге ұнамайд?
Zilola
менде де сондай ой қалыптасты
Ottegin
Әйелім ұнамайды деп отырғаным жоқ, бірақ балық аулайтыным оған ұнамайтыны ұнамайды)))
Gastarbaiter
Ай-ай-ай. Әйеліңе шағымданып қалдың-ау дегенмен Ортақ тіл табу қиын боп жүр-ау. Балыққа ертіп жүрсең, бәлкім риза болар.
Ия, үлкен карп әкеп қарқ қылам деп кетіп қаласың да, орекеңдердің озық стилінде балықтың орнына «мың қойды алдыңа салып» «дома» боп келесің.
Altygradus
балық аулауға бара жатқанда әйелімнің кенет ауыра қалатыны қызық екен әйелің  қайта сені балыққа жіберіп өзі басқа шаруаларын тындырып, демалып алмайма??
Beytanis
балық аулауға бара жатқанда әйелімнің кенет ауыра қалатыны

ай-ай-ай, менің жеңешем секілді екен туп-тура уәқәқәқәқәқәқәқәқә
araika
мен осы посттың тақырыбына аса назар аударғым кеп тұр: ҰНАМАЙДЫ!!! деп жазуыңыздың өзі сізде олардың көптігін, ұнайтын дүниенің аз екенін соның тасасында тығылып тұрған, сүмірейген ұнайды-дан байқауға болады.
Ottegin
Арай-қарындас, ұнайтын-ұнамайтын нәрселер, құбылыстар өте көп, дегенмен, жас келгенсін біраз дүниеге басқаша қарап, өз ойыңды бүкпесіз жазуға, жазғанда анық жазуға тырысу пайда болады, соны аңғарғаныңызға рахмет, пенде болғансын өз мұқтажымызды (қотырымызды) қаситынымыз бар емес пе…
araika
сізбен толықтай келісемін.