Көлікке қызығушылық екі жыл шығар осы пайда болғалы. Екі жыл бұрын үйрендім, қажеттілік туындағасын. Өз көлігіммен алыс жолдарға шыққанды жақсы көремін. Ондайда әдетте жанымда Арман құрдас болады. Шымкент, Алматы мен Астана арасында қаншама ондаған мың килотметрлер артта қалды ғой. Түнделетіп жүреміз негізінен — жолда торуылдаушы болмайды, себебі. Жапондық маркаларды ұнатамын. Камридің отыз бесі, меніңше, өте сәтті шыққан модификация. Алдында да біраз талқылап едік, отызбестіктерді, қырық және қырықбестіктерді… Омар суретін қойып еді, жаңылыспасам.
Түнделетіп жүретін болған соң, көп тоқтай бермеуге тырысамыз. Балқаштағы ас үйлерінің бірінде бірде бір қызық жағдайлардың куәсі болып, одан кейін ол жерлерде аялдауды доғардық. Қарағанды мен Балқаш арасында небір өскіндер бар, тоқтап, машинадан түсіп, терең тыныстап аласың. Иіс деген сұмдық енді. Дәл ненің, қай шөптікі екенін білмедім. Шудан анағұрлым қашық жер, айтқандай.
Баршылық қой су жағалай қонған жұрт. Бірақ түнделеткенде жанның тәттілігінің еселей түсуі ме екен, инстинктің үдей түседі Тоқтағанда да түсінікті ғой, нендей тоқтау екені
Міне, ретро мәшинелер деп осыны айт. Біздегілердікі мынаның қасында жай ғана пародия болып қалады, өйткені кузовынан басқасының бәрі басқа көліктікі. Мына мәшинелердің моторлары өзінікі шығар деп үміттенем
Слайд шоу функциясы арқылы жасадым. Оңай әрі тез. Әкімшінің «орнымен, жөнімен жаратыңдар кәдеге, бет-алды жапсыра бермей» дегені де есте. Былай, ыңғайлы фишка өте.
Жол жүрген маған да ұнайды. Әр жердің табиғаты бөлек, бәрі қызық.