Мен ұсынатын әуендер. Жан Мишель Жар

Электронды музыканың алқашөтушісі Жан Мишель Жардың өнеріне бала кезден тәнтімін. Тойдағы мини-дискімен дүкс-дүкс-діг-діг-дүкс деп, қор болып тұрған синтезатор мен оның меркантильді иесін көргенде, біреу осы аспаппен шедевр жазып жүргені қаперіңе де кіріп шықпайды.
Жан Мишель Жардың тақырыптары: Космос. Метаморфозасы әлі бітпеген тылсым планеталар.
Әрі қарай

Аударған дұрыс па, бейімдеген дұрыс па? (Қазақ тілінің сингармонизм заңы)

Соңғы уақытта тіл тазалығы, кірме сөз деген тақырыптар көп талқыланып кетті.
Атйпағым бұл емес, қолыма «Тіл» журналының кезекті сандарының бірінде Халел Досмұхамедовтың 1923 жылы 25 сәуірде жарық көрген мақаласын көріп қалып, біздің қазіргі талқылауымыз, бұрынғылардың шайнап-құсып, мініп жауыр қылып тастағанына көзімді жеткізді. Мақаланы шама келгенше қысқартып беріп отырмын… Мақаладан қазір біздер дәлелдеуді еш қажет етпейтін таза қазақ сөзі деп қабылдап жүрген біршама сөздеріміз сол кезде (20 ғасырдың 20-жылдарын айтам) жат сөз болғанын байқайсыздар.

Әрі қарай

Қытай оқушылары оқулық орнына планшет пайдаланатын болады (Т.Т.Палташев дәрісінен)

Қытай үкіметі мынадай шешімге келіпті:
Мектеп оқушыларына арнап бәленбай оқулық басып шығарғаннан гөрі, оларды планшетпен қамтамасыз ету қолайлырақ.
Осыған орай Қытайдағы ең ірі фабрика мемлекеттік тапсырыс бойынша планшетті көптеп шығаруды қолға алып отыр.
Әрі қарай

Қазақшадан орысшаға, орысшадан шет ел тілдеріне

Сериалы мақалардың шығыспасы. Кіріспесі мына жақта: Шел ел тілдерінен орысшаға, орысшадан қазақшаға

Қазақтың сөздерін айтпағанда, қазақ елі мен ұлтының атауы шел ел тілдерінде дұрыс жазылмайды. Оған да орыстардың тілін кінәлайын десең,…

Қазақстанның атауы неге французша және ағылшынша «Kazakhstan [Казахстан]», немісше «Kasachstan [Казахстан]», испанша «Kazajistán [Казахистан]»?
Әрі қарай

Гүлдер күнделігінен: Жаңа гүлдер

Осыған дейін де кейбір посттарда айтып кеткенімдей, гүлді тасымалдаудың бірнеше жолы бар. Ең қарапайымы — тұқымына тапсырыс беру, оны арнайы қағазға орап, сәйкес температурасымен жеткізсе, сапасына еш әсер етпейді.
Тағы бір түрі бар, ол өскіндерімен жеткізу, яғни өсіп тұрған кез-келген жапырақтының бір бұтасын арнайы қайшы немесе секатормен қиып алып, корневинге бір малады да, грунтқа салып отырғызады. Сыртын газетпен немесе қатты коробкамен соққы тимейтіндей орап, тапсырыс берушіге жібереді.
Әрі қарай

Шет елдік сериалдар арасында Қазақстан атауы :)

Түрік сериалдарының
ішінде өзіме қатты ұнағаны «Мың бір түн»(Шехризат). Сериал көру барысында, Қазақстандағы компания жайлы, екі елдің арасындағы байланыс жайлы бірнеше сериалында айтып, көрсетіп жатты. Ажь кейбір жерінде Алматыны басым айтты. Сол тұста, уау, бізді айтып жатыр, даж, Алматыны айтты деп мәз болғанмын. :) Қазір өкінішке орай, түрік сериалдары, тым қызу қанды, атыс/шабыс т.б. көбейген соң, көруді қойып кеттім :(, есесіне, Корей сериалдарын жібермей көретінді шығардым :) Корей сериасында басқа пәлсапа, басқа ой, сұлу бейнелер т.б. көп факторлар әсер еткен болуы керек)))
Әрі қарай

Ол мені таңдады

Итак, вас выбралаХаразматичная, взбалмошная особа. С ней нужно быть осторожным, она жутко ревнива. Она подобна вулкану, торнадо, но верности ей не занимать. Dodge Challenger
Пройти тест

Сіз қандай машинаға лайықтысыз? Сізді қандай машина таңдайды? Тесттен өтіңіз.
Алдыңызда мені таңдаған машина.
Әрі қарай

Халықаралық КВН күні

Сонымен, осыдан 50 жыл бұрын Кеңестік телевидениеде осы бір ойын пайда болды.
Бүгінгі КВНді 50 жыл бұрынғы КВН-мен салыстыруға келмейді, әрине… Себебі, алғашқы телеқабылдағыштар мен қазіргі 3D телевизорлармен салыстыра алмаймыз ғой. Сонымен КВН неден бастау алды?
Әрі қарай

Қаладағы айт

Мұсылмандардың ең ұлық мерекесі Құрбан айт мерекесі ғой. Қазір білмеймін, бұрындары айт мерекесі кезінде ауылдық жерлерде жұрттар жаппай айтшылап бір-бірінің үйіне кіріп-шығып жүруші еді. Әліде солай екені даусыз ғой, бірақ, дәл баяғыдай үлкендері жеке, балалары жеке айттай қоймас.Тіпті, мектептегі қыздар жиылып жеке айттаған кездер де болған.
Әрі қарай

Қисық сөздер. Екінші сөз. Ақыл махаббаты



Ғашықтық, құмарлық пен – ол екі жол.

Абай

И любить и быть мудрым невозможно.

Ф. Бэкон


Екінші сөзді қай арнамен жіберерімді, қалай бағыттарымды білмей біраз ойландым. Әрине, біздің ойдан елге келіп-кетер дүние шамалы.

Әуелгі жазбағым ұлт мәдениетінің кейбір аспектілеріне қатысты болған-ды, алайда ол туралы өмірден көргенім көп, түйгенім аз, оқығаным жетерлік, қорытқаным шамалы екен. Қой дедім. Кейінге қалдырдым. Одан да өзім білетін, басымды ұрған, бауырыма қысқан жағдайға қатысты тәжірибеммен бөлісейін деген шешімге келдім.
Әрі қарай