Қазақшадан орысшаға, орысшадан шет ел тілдеріне

Сериалы мақалардың шығыспасы. Кіріспесі мына жақта: Шел ел тілдерінен орысшаға, орысшадан қазақшаға

Қазақтың сөздерін айтпағанда, қазақ елі мен ұлтының атауы шел ел тілдерінде дұрыс жазылмайды. Оған да орыстардың тілін кінәлайын десең,…

Қазақстанның атауы неге французша және ағылшынша «Kazakhstan [Казахстан]», немісше «Kasachstan [Казахстан]», испанша «Kazajistán [Казахистан]»?

Ағылшын тілінде Қ әрпі кездесетін орындарда Q әрпі қолданылады (Iraq, Qatar). Бірақ бұл ережелері Қазақстан мен қазақтарға жарамай қалыпты. Оның хупиясы орыс тіліндегі Казахстан атауының шет ел тілдеріне аударылып кетуінде болар. Өйткені, ел артындағы аңыз әпсаналарға тіренсек, қазекемнен бұрын орекемдер шетелмен қатынас орнатты, тілдерін үйренді. «Орта Азияда Казахстан дейтін ел бар» деп қалса керек, оны шетелдіктер сол қалпында қағып алып, Kazakhstan деп атап кеткен.

Ағылшын, француз, испан, неміс халықтарында Қ әрпі жоқ. Десек те, Қ әрпінің орнына Q-ді пайдаланулары тиіс еді на деп ойлаймын. Түрік ағайындарда Қ әрпі болмағандықтар Kazak деп айтады. Дұрыс! Түріктің тілі келген сөзге (Kazak) Фғанцуздардың тілі сынбай ма на? Ғ-ны айтқан Фғанцуздар Kazak сөзін де айтады. Айтпаса сөзді K әрпінен бастамайды. К-мен бастаған соң екінші Қ-ның орнына да K-ны қолданбай ма на.

Орыстардың қазақтарды казах деуінің төркіні орыстардың қойнында өскен бірәтішке ұлтының (ұлт болса егер) атауының да казак болуынде дейді көпті көрген түк көрмегендер. Орыстардың казакар мен қазақтарды шатастырмас үшін казах деуіне кешіріммен қарасақ та ағылшындар мен олардың ағайын ұлттарының қазақтарды казахтар деуге еш негіздері жоқ қо. Бикоз олар украиндар мен орыстардың арасындағы казактарға тиісінше Cossacks, Cosaques, Kosaken, Cosaco дейді.

Соңында, орекемдердің кесірінен бе, қазақтардың білімсіздігінен бе (өздерін таныта алмағандарын айтам), шет ел адамдарының ептібайымағандарынан ба, білмим на, Қазақстан мен қазақ сөздері иттің атына да ұқсамайтын атау болып қалды. Алдынан оқысаң да ҚАЗАҚ, артынан оқысаң да ҚАЗАҚ сөзін не өз тілдеріне бейімдеп алмады (қазақтардың ағылшындар дегеніндей), не дұрыстап айтпады (Iraq, Qatar дегендей).

Осы. Білімі мен ғылымы орыстарға тәуелді болған біздің атымыз бен затымыз осы.

Қазақстанның ағылшын тіліндегі атауы Qazaqstan болу керек.
bk
Бөлісу:

12 пікір

satibaldi
Лібә, Жақсы.Кз-тегі мақала түбімен көтіңе кірді-ау деймін сенің.
Qojeke
ҚазаҒыстан ба? :))))
Gastarbaiter
кот турмак баска жерине кирсе де, тарихи калыптасканы солай. Сени акылды бала деп журсем, интелектын итаяктан аспапты гой. Бундес Репаблик неге ренжимейды? Дойчланд, Алемания, Алмания, Джомани, Германия дединдер деп? Ханзулар неге согыс ашпайд, Синай, Чина, Цина, Кытай дедин деп, ниппон, япон, джапан, жапон, нихондар ше? Алдымен бураны ынгеннен ажыратып алсайш, либаймайт оу!
asaubota
мәселені шамалы түсінбедің ау деймін.
sigma
Жауыр болған мәселе ғой, енді басқаша танымайды бізді. Осылай танығанына рахмет танитындардың.
Onlasyn
Несіне таң қаласың?
Сырт елдерде басшымызға дейін (немесе бастап) барлығы орыс тілінде сөйлейді ғо
asaubota
түріктерге мысалы бәрібір орысша қалай аталатынына. олар өз ыңғайларына келтіріп алып айта береді. Казакистан, Атырав…
Gastarbaiter
коп атаулар картага ительдиктердын аргы атасы калай айтты солай жазылып тараган.
just19
Бар қызық латыншаға көшкенде болады-ау осы. Себебі, көбі "Қ" әрпін «Q» деп белгілейді ғой. Ал негізінде, қазір ешкімнің аузына қақпақ бола алмайсың. Басында қалай енгізілсе, солай кетеді, түзетулер әрқашан сәтті бола бермейді, әсіресе мұндай "ұсақ" дүниелер
xawgim
mina haryta adamdi oyga sladi eken, shigis jahta altay, shaweshek ,ile ,jane munggul ding olgey aymagin hazahstan terytoryasina alipti .....!!!