Халықаралық КВН күні

Сонымен, осыдан 50 жыл бұрын Кеңестік телевидениеде осы бір ойын пайда болды.
Бүгінгі КВНді 50 жыл бұрынғы КВН-мен салыстыруға келмейді, әрине… Себебі, алғашқы телеқабылдағыштар мен қазіргі 3D телевизорлармен салыстыра алмаймыз ғой. Сонымен КВН неден бастау алды?
] Ал, 1957 жылы осы идеяның туындысы «Көңілді сұрақтар кеші» (Вечер веселых вопросов) атты телебағдарламаның сценариі дайындалды.
Алғашқы ойындарда командалық жүйе болған жоқ, бағдарлама тікелей эфирде жүргізілді және ойынға қатысушылар ретінде залдағы көрермендер мен телекөрермендер болды. Ойынның басты мақсаты тапқырлыққа негізделді, яғни ешқандай үйден дайындалу болған жоқ.
Дегенмен бұл ойынның өмірі ұзаққа созылмай сол 1957 жылдың аяғында телевидение басшылығының ұйғарымымен жабылып қалып, 4 жылдан кейін қайта жаңғырды…
1961 жыл
Осы жылы орталық телевидениенің жастар редакциясында жаңа КВН атты тележоба дүниеге келді. Таратып жазғанда «КВН-Клуб веселых и находчивых» болғанымен қатар, КВН деген атпен сол кездегі кеңестік телеқабылдағыштардың маркасының аталғанын да айта кету керек.
Тағы бір қызық жайт, алғашында КВН көңіл көтеріп, әзілдейтін бағдарлама емес, танымдық викториналық бағдарлама болды. Яғни, бағдарламаның алдында танымдық викториналық сұрақтар дайындалып, қатысушылар оған жауап беруі қажет екен, ал жауабын білмеген жағдайда әзіл түрінде тапықрлықпен жауап беруге мүмкіндік берілген. Бұл кезде КВН-ң тағы бір аты «интеллектуалдық футбол» болған екен. Бұл жоба да 10 жылға жуық өмір сүріп, 1971 жылы ресми цензура емес, тек телевидение басшылығының жақтырмауына байланысты жабылуға мәжбүр болды.
1985 жыл
Кеңестер Одағында қайта құру реформасының аясында жариялылық енгізілгеннен кейін КВН бағдарламасы қайта жаңғыртылып, осы күнге дейін өмір сүріп келеді.
Кезінде бір қаланың аумағындағы студенттерден басталған клуб қазір халықаралық деңгейге жетіп отыр. Кейбір санақшылардың айтуынша әлемде 5 миллионнан астам КВН-шілер бар екен-мыс…
Қазақша КВН
2000 жылы Халықаралық КВН Одағының «Қазақстанның КВН Суперлигасы» аясында қазақ тіліндегі КВН ойындары өткізіле бастады. Қазақша КВН-ң алғашқы жанашыры, пионері есебінде КВН-шілер сөзсіз марқұм Алматай Көздібаеваны атайды. Ал, ҚазКВН-ң қазіргі деңгейіне жетуі яғни тұрақты 7 лигаға біріккен 20 қалада 500-ден астам студенттік және 1000-нан астам мектеп командалары бар «Қазақстан КВН Одағы» бірлестігін құрып, беделінің артуы Есен Елеукеннің еңбегі.
Сонымен, КВН-ге қатысқандар, қатысып жүргендер, тілеуін тілеушілер, жай ғана көрермендер, барлығыңды КВНшілер күнімен құттықтаймын! Өмірлеріңіз әзілге толы болсын!
">
Бөлісу:

32 пікір

omarbirat
КВН-шілер мен оған титтей де болса қатысы болғандарға құтты болсын айтамыз :)
asaubota
КВНшілерге пародиялар :)

omarbirat
Сборная сантехникумов :)))))))))))))))))
omarbirat
Бірінші видеодағы Ярмольниктің пародисін өзі екен деп қалдым.
asaubota
Керекинфода қанша КВНщик (бұрынғы КВНщик деген болмайды деп есептеймін) бар екен?

мен білетіндер Алдекен, Омар, Гүлстан Анар, Нұрғиса (81-лер епті :) )
qisyq
Мен ойнадым. Тек шығармашылықтан гөрі логистика, ұйымдастыру, продюссерлігіне жақын болдым:)
balzaminka
мен де ойнағанмын :)
asaubota
Шымкенттен Марат досым хабарласты, ертең Астанада КВН деді.

Алдекен, сен білесің ғой. ертең нешеде, қай жерде? егер бара алатын болып жатсам билет алып, кезекте тұрмауым үшін не істеуім керек? :)
Aldeken
негізі кешке 7-де Жастар сарайында болатын ойындар.
Кезекте тұрмау үшін… тұрмайсың ғо… ))))))))
asaubota
бұйырса барып қайтайық онда?
AKA
Өткен жолы теледидардан сіздерді көріп қалдым, «Тараз» командасы ойын көрсетіп жатқанда. Бір емес, бірнеше мәрте көрсетті  Ойынға жиі барады екенсіздер
Erkekyz
Кеше КВН 50 жылдығына орай ойынын көрдім. Өте жақсы өтті. Көптен бері бұлай жақсы күлмеп едім. 20 ғасырдың Квнщиктері мықты екен бәрібір кейінгі жастарға қарағанда. Онысы разминкада белгілі болды. Сангаджи Тарбаевті көріп қайтадан ғашық бов қалдым.))
Zilola
мен өкінішке орай тек ағалардың (20 ғасыр) сәлемдесуі мен ширату сайысын көрдім.
Aldeken
негізі, ойынды көре алмай қалдым… өзімді әйтеуір интернеттегі нұсқасын көрермін деп жұбатып отырмын… бұрынғы кездер болса, ішіп кетуім бек мүмкін ед, өкініштен…
Zilola
хе хе, ал мен әуізге барып жүр едім, бір ай бұрын жазылып қойған соң, тегін үйреткен жерден қалма деп бардым да, сіз секілді вахтам біткенде ғаламтордан тауып көріп аламын деп отырмын.
asaubota
kiwi.kz/broadcast/arshato/

тағы да КВН. тексеріп көреміз, пікір жазамыз.
KILYZAMAN
Таң қалатыным — құдық деген киені неге ғана қорықпай аттайтындары… Түсінуге тырысыңдаршы оларда КЕРЕКқой ей бегеннен қой семірмейді ғой Оларға ға да КЕРЕКИНФО керек… Сол баяғы құдықысыз ындыныңды емдеп көр — қарғыс емес, барлығымызға алғыс…
KILYZAMAN
Түзету: Таң қалатыным — құдық деген киені неге ғана қорықпай аттайтындары… Түсінуге тырысыңдаршы — оларда КЕРЕКқой! Ей дегеннен қой семірмейді ғой. Оларғада КЕРЕКИНФО керек… Байталды үйірге сай байсалды айғырдың пиғылын кім өлшепті?
Aldeken
Бүгінгі мерекеге орай, мына тақырыпты көтеріп қояйық...
Мерекелеріңмен, Керекте жария, жасырын жүрген КВНшілер!
aizhanka
жайдарманшыларды куттыктаймын !!!