Қоқанға қарсы шапқан ғылым докторы...

Таңертең ерте келдім жұмысқа. Әдеттегі әдетімнен тыс ерте келуімнің себебі де бар — мектеп жасындағы қарындасымның үй тапсырмасына көмектесші, интернеттен мәлімет әкеліп берші деген өтініші. Гугл шешей аман болсын,
Әрі қарай

Өнердің бағасы

Біздің мәдениет, өнер саласында жүрген еркелеріміз бен серкелеріміз өнердің шынайы бағасын ұмытқан тәрізді. «Шоу битзнесті қалай дамытамыз?» деген сұрақтарының астында көбісі өзінің қалтасына қаншалықты көп ақша түсетінін есептеп отыратын болар?! «Шоу бизнес, шоу бизнес» деп айқайлап жүріп халықтың көңілін, қалтасын ұмыта бастағандай. Қазіргі кетіп бара жатқан бағыттарымен шоу бизнестері қашан дамитынын біле алмадым.Білерім, мәдениетіміз бен өнеріміздің тұралап қала берері анық. Әншілерден сұхбат алып отырған тілшілер көбіне мынандай сұрақты қояды:«Сахнада қазір әншілер көбейіп кетті. Бұл жақсы ма, жаман ба?».
сәйкесінше жауабы былай болып келеді:" Иә, кімнің ақшасы бар сол әнші болып кеті ғой."Ұялмаған әнші болады деген".Бірақ, уақыт өте келе халық өзіне керектерін іріктеп алады".Осындай, сұхбаттарды көріп, оқыдыңыздар көбіңіз. Ендігі менен қойылар сұрақ.
Халық таңдауын жасады ма?
Әрі қарай

Нөмірі 889-ыншы азаматтық процесс: штат Айдахо @KILYZAMAN-ға қарсы

Уа, Исаның ала жібін аттамаған буддажар болғыр жама'ат!
2011 жылдың 22 қарашасы күні сағат 19:50-де, @KILYZAMAN атты қолданушының жұмбағы жарық көрді. Жұмбақтың — аударма екені көзге ұрып тұрғанымен қоймай, себеп-салдарлық тізбегі жоқ болып шықты. Бірақ ішпиен шынымен мықты бірдеңе жасырған кісінің кейпімен отыра берді. Жауабы, ом манэ падмэ хуум! — жаңқа болып шықты.
Әрі қарай

Айналайын (Рүстем Жанай)

Айналайын,
Тағы да айналайын.
Өзің барда
Жанымда бар ма уайым?
Шыныменен кейісең
О, ғажайып!
Шыңдаламын төске ұрған балғадайын.

Айналайын!
Жырым ғой — қолда барым.
Қартайғанша шын сүю —
Ол да — дарын!
Кемпір- шал деп балалар күлгенімен
Сен — он сегіз,
Мен әлі жиырмадамын.

Айналайын!
Мен сенен айналайын.
Қанағат қып күн кешкен барға дәйім.
Еркелетсем мен сені,
Сен де мені,
Жараспай ма мәңгілік жарға ләйім.
Айналайын!

P.S. Автордың өмірден озғанына биыл үш жыл болыпты. Алайда, өзі өлгенімен артында рухани мұра болып өлеңдері, бірнеше жинақтары («Сағынып кеттім мен сені», "Өмір парақтары"), "Қайыртаң" повесі, «Жанайқай» прозалық жинағы мен «Жанқожа батыр» дастаны қалған.
Әрі қарай

Көрмес - түйені де көрмес.

Тоғайды кезіп — қураған бұтақтар теріп,
Байқаусызда оны таптым.
Ұстайын деп ұмтылсам қаша берді…
Кейінге қалтырып -шешімін әттеген ай мен қаптың
Белгілеп қойып ол тығылған жерді,
Ұстап аламын ба деген үміттің есігін уақытша жаптым…
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: Zhan

Жансая Сыдықбай — Zhan
4 желтоқсан 1980 жылғы, ОҚО, Төле би ауданы, Майбұлақ ауылында туған. Қазір Астана қаласында «Сарбаз» әскери-патриоттық газетінің тілшісі.

– «КерекИнфоға» қалай келдің?
– Жалпы, «Керекинфоға» Журналистер мерекесі қарсаңында 23 маусым күні тіркеліппін. Шынымды айтсам, бұған дейін осы еркін блог жүйесін де, блог, блогшылар деген қауым барын білмеппін. Биыл наурыз айында блог ашқан соң, көп нәрсеге басқаша қарай бастадым. Ол үшін Асхат Еркімбай мен өзіңе көп алғысымды айта кетсем, артық болмас. Бірде «Жансезім» атты алғашқы блогыма Фейсбуктан сен сілтеме жасаған «Орташа есеппен қазақ журналисі» деген жазбаңды көшіріп салдым (авторын сақтап әрине :) ). Себебі, онда айтылған мәселелер өте өзекті, көптен бері менің де ойымда жүрген нәрселер болатын. Бір қызығы, соны осы «Керектен» алып тұрып, «Керекинфо» екенін аңғармаппын. Кейін 24-25 маусымда Назарбаев университетінде өткен «БАҚ-қа жаңа медиа технологияларын енгізу» атты семинардан кейін мән-жайға қаныға түстім. «Керекке» келу тарихымның қысқаша мәні осы. Сосын бір айта кетерлігі, алғашында тосырқап үйрене алмай жүрдім. Өйткені, кілең «мәдениетті» сөздер өріп жүр екен. Қазір үйреніп кеткенім соншалық, әсер етуден қалыпты :)
Әрі қарай

Халық біліп айтады

Бала мазасыз. Көп жылайды. Кірнелеп қалған шығар деп көрші апайға жиі жүгіреміз…
Мазасыз күндер мен түндер өтіп жатыр. Төрт айлық болған кезінде, бауы берік болсын айтып бір достарымыз келіп қалды.
Оларда жас отау еді. Досымның әйелінің емшектегі баласы бар… Қонақ келгендегі қазақы жанұяның әдетіне басып, мен қой сойып, әйелім болса өз тірлігімен тырбыңдап жатқан кезіміз еді…
Тілі жаңа-жаңа шығып сөйлей бастаған қызым «бала жылап жатыр» — деген соң, омыра-уындағы қызы ұйықтап жатқандықтан мен досымның әйеліне «сенде құнажынсың ғой, сүтің бар — үйге кіріп ұлымды емізе салшы» -деген қалжыңымды еш жауап қатпастан, іңгәлап мазасы кеткен ұлымды емізе салмасы барма…
Әрі қарай

"Шаба деген кім?"

Басқаларын қайдам, өз басым «Хит ТВ» арнасының жаңалықтарын қабылдай алмаймын. Тілшілері қалай болса солай мәтін жазып, эфирге жібере салады. Мүмкін, жаны ашитын қазақ басшылары жоқ болғасын шығар. Бұл көрермен ретінде мені қанағаттандырмайды. «Хидлайнер» деген бағдарламасымақта «Шаба деген кім соншама?» дегенге саятын сюжетті көріп, ішім жылады.
Әрі қарай